Ә. Ж. Хазимова, Б. О. Салыхова, М. Ж. Бейсебекова Қазақ тілі әдістемелік нұСҚАУ



бет141/180
Дата21.11.2022
өлшемі3,65 Mb.
#51617
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   180
Байланысты:
1класс МЕТОДИКА

«Есте сақта!» айдары бойынша аталған етістіктің болымды, болымсыз түрін түсіндіреді, оны жеке-жеке, хормен қайталату арқылы жаттықтырады.
2-тапсырмада оқушылардың сурет бойынша жұмыс істей алу дағдыларына көңіл бөледі. Оқушылардың тірек суреттер бойынша тапсырмадағы «Үстелде не бар?» деген сұраққа дұрыс жауап бере алуларына мән береді.
3-тапсырмада мұғалім жұптық жұмыс жүргізеді. Ең алдымен оқушыларға аламын сөзінің болымсыз түрін түсіндіреді (аламын/алмаймын). Содан кейін оқушылар тапсырмада берілген үлгі бойынша сөйлеседі. Мұғалім оқушылардың сұраққа жауап бере алу дағдыларын қалыптастырады. Үлгі:

  • Сен қайда барасың?

  • Мен дүкенге барамын.

  • Сен не аласың?

  • Мен нан аламын.

Берілген сөйлесу үлгісі «Жұбыңды таңда» ойыны бойынша бекітіледі. 4-тапсырмада берілген суреттер бойынша оқушылардың сөйлемді толықтырып айта алу дағдыларына мән беріледі. Толықтырып айту арқылы (Мен ... аламын, ... алмаймын)

3-тапсырмада аламын сөзінің болымсыз түрімен танысады, қайталау арқылы есте сақтайды, үлгі бойынша сөйлеседі.
Берілген сөйлесу үлгісі бойынша дүкенге баратындарын, не алатындарын айтады.
4-тапсырмада суреттерді пайдалана отырып сөйлемді толықтырып айтады.
Тапсырмадағы  белгісі аламын,  белгісі алмаймын екенін естерінде сақтайды.

Оқушылардың жұмысы «Қолмен белгі
беру» әдісі бойынша бағаланады.





азық-түлік атаулары және аламын, алмаймын етістігі бекітіле түседі. Тапсырманы орындау үшін, суреттің қасындағы белгіге назар аудару керек. Тапсырмадағы  белгісі аламын,  белгісі алмаймын деген мағынада қолданылады. Мысалы: Мен сүт аламын, май алмаймын т.с.с.







Мұғалім оқушылармен сергіту сәтін ұйымдастырады.
Мұғалім оқушыларға дәптердегі тапсырмалардың орындалу жолын түсіндіреді (№2 жұмыс дәптері). 1-тапсырмада нан, май, қант сөздерін оқу, өз бетінше жазу арқылы мұғалім оқушылардың қаламды дұрыс ұстау, ұқыпты, таза жұмыс істеу, көркем жазу дағдыларын қалыптастыруға көңіл бөледі.
2-тапсырмада мұғалім оқушылардың назарын суретте көрген тағамдарлың атауларын жазуға аударады. Алдымен нан суретін көрсетіп, сөзді тағы бір рет қайталатады. Сонан соң шырын, май, сүт, кәмпит, балмұздақ сөздерін хормен, жеке айтқызады. Оқушылар сөздерді мұғалімнің көмегімен жазу дәптеріне жазады.
3-тапсырмада мұғалім оқушыларға «Сен не аласың? «сұрағын қайталатады. Сұрақ қойып, жауап беруге жаттықтырады. Тапсырмада берілген орынға сұрақтың жауабын жазғызады. Оқушылардың ұқыпты,

Оқушылар сергіту жаттығуын жасайды.
1-тапсырмада нан, май, қант сөздерін оқиды және көркем жазады.
2-тапсырмада оқушылар суретке қарап, сөздерді жазады.
Шырын, май, сүт, кәмпит, балмұздақ сөздерін біледі, оқиды, қатесіз жазады.
3-тапсырмада «Сен не аласың?» сұрағын қояды, жауап береді.
Сұраққа жауапты дәптерге ұқыпты, қатесіз жазады.

Оқушылардың дәптердегі жұмысы стикер жапсыру немесе смайл қою
арқылы бағаланады.

№2 жұмыс
дәптері




таза жазу дағдыларын қалыптастыруға көңіл бөлінеді.









4-тапсырмада мұғалім оқушылардың назарын тыңдалымға аударады. Алдымен дәптердегі «Мен ... аламын» сөйлемін көрсетіп, хормен, жеке бірнеше рет қайталатады. Сонан соң тыңдалым жұмысы жүргізіледі.
Мұғалім оқушыларға жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындату арқылы оқушылардың оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.
Оқушыларға электрондық қосымшада берілген тапсырма шартын түсіндіреді.
Тапсырма арқылы оқушыларды өз бетінше жұмыс істей алуға үйретеді. АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.

4-тапсырмада оқушылар тыңдайды, сөйлемдерді толықтырып жазады. Нан, шырын, балмұздақ, сүт сөздерін түсінеді, қатесіз жазады.
Оқушылардың жауаптары:
Мен нан аламын.
Мен шырын аламын.
Мен балмұздақ аламын.
Мен сүт аламын.
Электрондық қосымшада берілген тапсырманы орындайды.
Тапсырманы орындау арқылы сабақта алған білімдерін бекіте түседі.




Аудиодиск
Дәптер 7.1.4
Қосымша
тапсырма: 7.1

Сабақтың соңы

Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылармен кері байланыс орнатады.

Өздерінің сабақта қалай жұмыс істегендерін бағалайды, сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет