беру» әдісі бойынша бағаланады.
Оқушылардың дәптердегі жұмысы стикер жапсыру немесе смайл қою
арқылы бағаланады.
№2 жұмыс
дәптері
мұғалім оқушылардың қалам, қарындашты дұрыс ұстау, ұқыпты, таза жазу дағдыларын қалыптастыруға көңіл бөледі.
2-тапсырмада шанышқымен/
қасықпен сөздерін қайталауға көңіл бөлінеді. Мұғалім алдымен оқушыларға «Мынау – ботқа. Мен ботқа жеймін» сөйлемдерін оқытады. «Сен ботқаны немен жейсің?» деп сұрақ қояды. Оқушылар хормен, жеке «Мен ботқаны қасықпен жеймін» деп айтады. Қасық сөзінің жазылуына ерекше назар аударылады. Сонан кейін жазу дәптерінде берілген бос орынға қасықпен немесе шанышқымен деген екі сөзден біреуін таңдатып жаздыру жұмысы жүргізіледі.
3-тапсырмада мұғалім оқушыларға cұрақ қойып, жауап беруге жаттықтырады.
Сен ботқаны немен жейсің? Сен салатты немен жейсің? сұрағын оқушыларға қояды, жауап бергізеді. Ауызша жұмыс жүргізіліп болған соң, оқушылар өз бетінше дәптерге жауап жазады. Оқушылардың жауаптары: Мен ботқаны қасықпен жеймін. Мен салатты шанышқымен жеймін. Мұғалім оқушыларға жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындату арқылы оқушылардың оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.
2-тапсырмада оқушылар берілген мәтінді оқиды, қайталайды, сәйкес келетін сөзді таңдап, толықтырып жазады.
Оқушылардың жауаптары: Мен ботқаны қасықпен жеймін.
3-тапсырмада немен жейсің?сұрағына қасықпен, шанышқымен деп жауап береді.
Сен ботқаны немен жейсің? Сен салатты немен жейсің? сұрағын қояды, жауап береді.
Сұраққа жауап жазады.
берілген тапсырма шартын түсіндіреді. Тапсырма арқылы оқушыларды өз бетінше жұмыс істей білуге үйретеді. АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.
Электрондық қосымшада берілген тапсырманы орындайды.
Тапсырманы орындау арқылы сабақта алған білімдерін бекіте түседі.
Қосымша
тапсырма: 7.5
Сабақтың соңы
Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылармен кері байланыс орнатады.
Өздерінің сабақта қалай жұмыс істегендерін бағалайды, сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.