1.1.2.1 баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсіну;
1.2.3.1 сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және үлгі бойынша жауап беру;
1.5.1.3* сөйлеу барысында мұғалімнің қолдауымен болымды/болымсыз етістікті қолдану.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:мұғалімнің көмегімен берілген үлгі бойынша өзінің не ішетін/ішпейтінін айта алады.
Оқушылардың басым бөлігі: тақырып бойынша белсенді лексиканы қолдана алады. Сөйлеу барысында ішемін/ішпеймін тіркесін дұрыс қолдана алады, тақырып бойынша өзара тілдесе алады.
Кейбір оқушылар:сабақта үйренген құрылымдық үлгілерді өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады.
Сабақтың барысы
Сабақ кезеңі/уақыты
Педагогтің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді, амандасады. «Сиқырлы алаң» әдісі бойынша сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастырады.
Оқушылардың назарын
1-тапсырмадағы екі суретке аударады. Сурет бойынша ішемін сөзінің мағынасын түсіндіреді. Берілген үлгі бойынша ішемін сөзін сусын атауларымен байланыстыра қолдануға үйретеді. Мысалы:
Мынау – шай. Мен шай ішемін. Мынау – су. Мен су ішемін. Екінші суретте қыз бала Алмабекті шай ішуге шақырады, Алмабек ішпейтінін айтады:
Алмабек, кел, шай іш.
Жоқ, мен шай ішпеймін. Сөздермен жұмыс «Мені түсін» ойыны бойынша бекітіледі.
«Есте сақта!» айдары бойынша оқушыларға ішемін сөзінің болымсыз түрін үш жақта қолдануды үйретеді.
1-тапсырмада берілген сөйлеу үлгісін аудиодискіден тыңдайды, қайталайды. Оқушылар ішемін сөзін үйренеді, оны сусын атауларымен бірге айтып жаттығады.
Оқушылар өздері не ішетінін айтады және басқа адамды шай ішуге шақырады.
«Есте сақта!» айдарында ішемін сөзінің болымсыз түрін үш жақта айтады.
Мұғалім оқушылардың сабақтағы белсенділігін мақтау, мадақтау, қошеметтеу сөздерімен қолдап отырады.
Оқулық
Аудиодиск:
7.2.1
Мысалы:
Мен ішемін Мен ішпеймін Сен ішесің Сен ішпейсің Сіз ішесіз Сіз ішпейсіз Ол ішеді Ол ішпейді 2-тапсырмада берілген сөйлем үлгілері оқушылардың сөйлемді толықтырып айту дағдысын жетілдіре түседі. Оқушылар толықтырып айту арқылы (Мен ... ішемін. Мен ... ішпеймін) ішемін, ішпеймін сөздерін қолдануға жаттығады. Суреттердің қасында тұрған (ішемін), (ішпеймін) белгілері ішетін/ішпейтінін білдіреді. Алдымен сурет арқылы сөздерді тағы бір рет жаттықтырып алу керек:
су, шырын, шай, сүт, содан соң сөйлемді осы сөздермен толықтырып айту керек. Оқушылар бұл тапсырмада өз қалаулары бойынша жауап берсе де болады. Кейде ішпеймін сөзін мүлде қолданғысы келмейтін оқушылар да кездеседі. Мұндай жағдайда балаға еркінен тыс айтқызудың қажеті жоқ. Олар ішпеймін сөзіне басқа балалардың жауабын тыңдау арқылы да жаттығады. 3-тапсырмада оқушылардың ішу етістігін үшінші жақта дұрыс қолдана білу дағдыларын жетілдіре түседі. Лексикалық қор «Сиқырлы сандық»әдісі бойынша қайталанады.
Сондай-ақ оқушыларды суретпен жұмыс істей алуға дағдыландырады.
Бірнеше рет хормен, жұпта, топта қайталау арқылы есте сақтайды, ішемін етістігінің болымды және болымсыз түрінің айырмасын түсінеді.
2-тапсырмада сөйлемді толықтырып айту арқылы ішемін, ішпеймін сөздерін сөйлемде дұрыс қолдауды үйренеді.
Оқушылар:
(ішемін), (ішпеймін) белгілерін есте сақтайды.
Суретке қарайды, су, шырын, шай, сүт сөздерін сурет арқылы атайды.
Жұпта бір-біріне сусын атауларын көрсетіп, «Бұл не?» деп сұрайды.
Сөйлемді су, шырын, шай, сүт сөздерімен толықтырып айтады.
Тапсырмада өз қалаулары бойынша жауап береді.
3-тапсырмада суретке қарап, сұраққа жауап береді, сұрақ қоя білуге жаттығады:
Ол не ішеді?
Оқушылардың жауаптары:
Ол шырын ішеді.
Ол шай ішеді. Ол сүт ішеді.
Оқушылардың жұмысы «Жұптық сұрақжауап» әдісі бойынша бағаланады.
Оқушыларды тапсырмада берілген сұраққа сурет бойынша жауап бере алуға дағдыландырады.
4-тапсырмада оқушылардың сұрақ қою, сұраққа жауап бере алу дағдыларын дамытуға көңіл бөледі. Үлгіде берілген сұрақ пен жауаптарды мұғалімнің көмегімен жаттықтырып алғаннан кейін, оқушылар бір-біріне сұрақ қоя алады. Сұрақтар:
Сен су ішесің бе?
Сен сүт ішесің бе?
Сен шырын ішесің бе?
Сен шай ішесің бе?
Сөйлеу үлгісін өмірлік жағдаятқа жақындата түсу үшін, үстелдің үстіне шырын, сүт, айран, су, шай қоюға болады (макетін/суретін/қорабын пайдаланыңыз). Сонда оқушылар оны қолына алып немесе көрсетіп тұрып сөйлейді. Мұғалім оқушылармен сергіту сәтін ұйымдастырады.
Мұғалім оқушыларға дәптердегі тапсырмалардың орындалу жолын түсіндіреді (№2 жұмыс дәптері). 1-тапсырмада оқылым және жазылым дағдыларын қалыптастыруға көңіл бөледі. су, шай, балмұздақ сөздерін өз бетінше жаздырту арқылы мұғалім оқушылардың сөздерді түсіну, оқу, орынды қолдану, қаламды дұрыс ұстау, ұқыпты, таза жазу дағдыларын қалыптастыруға көңіл бөледі.
Ол су ішеді.
Оқушылар жұппен жұмыс істеу арқылы сұраққа жауап бере алады.
4-тапсырмада берілген сұрақтарға өзара жауап береді. Бір-біріне сұрақ қою үшін алдымен мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап беріп үйренеді. Содан соң екі-екіден бөлініп, бірбіріне «Сен ... ішесің бе?» сұрағын қояды, сұраққа қысқа жауап бере алуға дағдыланады.
Оқушылар сергіту жаттығуын жасайды.
1-тапсырмада су, шай, балмұздақ сөздерін оқиды, орынды қолданады және өз бетінше жазады.
Балмұздақ сөздеріндегі ұ, қ әріптерін қатесіз жазады.
2-тапсырмада оқушылар ішемін,
Оқушылардың дәптердегі жұмысы стикер жапсыру немесе смайл қою
арқылы бағаланады.
№2 жұмыс
дәптері
2-тапсырмада толықтырып жаз тапсырмасын орындайды, х және v белгілерін еске түсіреді. Оқушылар шырын, сүт, шай, су сөздерін хормен және жеке айтады. Оқушылар жазу дәптеріндегі белгілерге қарап, ішемін, ішпеймін етістіктерін қайталайды.
Осыдан кейін оқушылар өз бетінше тапсырманы орындайды.
Оқушылардың бір-біріне кедергі келтірмей жұмыс істеуіне назар аударылады.
Соңында оқушылар тақтада берілген дұрыс жауап пен өз жауаптарын салыстырады.
3-тапсырмада тыңдалым әрекеті жүзеге асырылады. (7.2.3)
Алдымен оқушыларды мұқият тыңдауға және тыңдағанын түсінуге жаттықтырады. Суретті қарайды, сөздерді қайталайды.
Тыңдалым мәтіні:
Мен су ішемін. Мен сүт ішпеймін. Мен шырын ішемін. Оқушылар тыңдамас бұрын, алдын ала түрлі түсті қарындаштарын дайындап қояды. Оқушылар екі рет тыңдайды. Жауаптарының дұрыс екенін тексеру үшін мұғалім тыңдалымды тағы бір рет қосады. Барлық бала дұрыс жауапты таңдағанына көз жеткізеді. 4-тапсырмада сұрақ қою, сұраққа жауап беру дағдысы жетілдіріледі.
ішпеймін етістіктерін қайталайды, түсінеді, біледі, орынды қолданады. ішемін, ішпеймін сөздерін дұрыс айтады, қатесіз жазады.
Оқушылардың жауаптары:
Мен шырын ішемін. Мен сүт ішпеймін. Мен шай ішемін. Мен су ішпеймін. 3-тапсырмада тыңдау арқылы тапсырма орындайды.
Тыңдағанын еске сақтап, суреттерді белгілейді.
Сөздерді дұрыс дыбыстайды.
4-тапсырмада «Сен не ішесің?» сұрағын түсінеді, айтады, сұраққа
Аудиодиск
Дәптер 7.2.3
«Сен не ішесің?» сұрағын хормен, жеке қайталайды, бір-біріне қояды, жауап береді. Сусын атауларын қайталап, еске түсіреді.
Мұғалім оқушыларға жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындату арқылы оқушылардың оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.
Оқушыларға электрондық қосымшада берілген тапсырма шартын түсіндіреді. Тапсырма арқылы оқушыларды өз бетінше жұмыс істей білуге үйретеді. АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.
жауап береді. Дәптерге қатесіз, ұқыпты жазады.
Электрондық қосымшада берілген тапсырманы орындайды.
Тапсырманы орындау арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі.
Қосымша
тапсырма: 7.2
Сабақтың соңы
Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылармен кері байланыс орнатады.
Өздерінің сабақта қалай жұмыс істегендерін бағалайды, сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.