суретпен жұмыс істей алу дағдыларын дамытады. Оқушыларға «Ол не жейді?» сұрағына тапсырмадағы суреттер бойынша дұрыс жауап бере алуды үйретеді. Тапсырма арқылы жеміс атауларын тағы бір рет қайталатып, жеу етістігінің 3-жақтағы қолданысын жаттықтырады.
Мұғалім оқушылармен сергіту сәтін ұйымдастырады.
Мұғалім оқушыларға дәптердегі тапсырмалардың орындалу жолын түсіндіреді (№2 жұмыс дәптері). 1-тапсырмада оқылым және жазылым дағдыларын қалыптастыруға көңіл бөледі. Алма, алмұрт, өрік сөздерін өз бетінше жаздырту арқылы мұғалім оқушылардың қаламды дұрыс ұстау, ұқыпты, таза жазу дағдыларын қалыптастыруға көңіл бөледі.
2-тапсырмада тыңдалым әрекеті жүзеге асырылады (7.3.2).
Алдымен оқушыларды мұқият тыңдауға және тыңдағанын түсінуге жаттықтырады. Дәптерде берілген суреттерді мұқият қарайды, сөздерді еске түсіреді. Оқушылар хормен, жеке айтады. Сөздердің анық, таза, дұрыс айтылуына назар аударылады.
Оқушылар суреттегі алмұрт, нан, өрік, жүзім, сүт, кәмпит, алма сөздерін мұғалімнің көмегімен айтады. Сонан кейін тыңдалым тапсырмасына көшеді.
арқылы «Ол не жейді?» сұрағына жауап береді.
Оқушылардың жауаптары:
Ол жүзім жейді. Ол алма жейді. Ол алмұрт жейді. Ол өрік жейді. Оқушылар сергіту жаттығуын жасайды.
1-тапсырмада алма, алмұрт, өрік сөздерін оқиды және өз бетінше көркем жазады.
2-тапсырмада оқушылартыңдау арқылы жеймін, жемеймін сөздерін түсінеді, орынды қолданады. Тыңдағанын түсінеді, дұрыс жауабын таңдап, белгілейді.
Тыңдалым мәтіні:
Мен алмұрт жемеймін. Мен нан жеймін. Мен өрік жемеймін. Мен жүзім жеймін. Мен сүт ішемін. Мен кәмпит жеймін. Мен алма жемеймін. 3-тапсырма толықтырып жазуға бағытталған. Оқушылар не жейтінін,
жемейтінін айтады. Ауызша жұмыс жүргізіліп болған соң, оқушылар өз бетінше дәптерге жауап жазады.
Тапсырманы өз бетінше орындап жатқан кезде мұғалім оқушылармен жеке жұмыс жүргізе алады. «Сен не жейсің? Сен не жемейсің?» сұрақтарын қойып, тапсырманы қалай түсінгенін тағы бір пысықтайды.
4-тапсырмада сұраққа жауап беру дағдысына назар аударылады. Оқушылар жұптасып жұмыс істейді, сұрақ қояды, жауап береді.
Мұғалім оқушыларға жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындату арқылы оқушылардың оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.
Оқушыларға электрондық қосымшада берілген тапсырма шартын түсіндіреді. Тапсырма арқылы оқушыларды өз бетінше жұмыс істей білуге үйретеді. АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.
3-тапсырмада жеймін, жемеймін деп нақты тамақтар мен жемістерді айтады.
Сөйлемді қатесіз толықтырып жазады.
4-тапсырмада «Сен не жейсің?» сұрағын оқиды, қайталайды, сұраққа жауап береді.
Өз бетінше дәптерге жауап жазады.
Электрондық қосымшада берілген тапсырманы орындайды.
Тапсырманы орындау арқылы сабақта алған білімдерін бекіте түседі.
Қосымша
тапсырма: 7.3
Сабақтың соңы
Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылармен кері байланыс орнатады.
Өздерінің сабақта қалай жұмыс істегендерін бағалайды, сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.