1.1.4.1 мұғалімнің қолдауымен тыңдаған материалдың кім/не туралы екенін түсіну;
1.3.3.1* мәтіннің жанрын (санамақ, тақпақ, жаңылтпаш, жұмбақ, ертегі) ажырату; 1.5.1.3* сөйлеу барысында мұғалімнің қолдауымен етістіктің шақтарын, бұйрық рай, болымды/болымсыз етістікті қолдану.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:қолыңды жу тіркесін түсінеді, өзінің қолын жуатынын айта алады. Оқушылардың басым бөлігі: тақырып бойынша белсенді лексиканы қолдана алады, сыныптағы оқушылар тақырып бойынша сұрақ қоя алады.
Кейбір оқушылар:сабақта үйренген құрылымдық үлгілерді өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады.
Оқушылардың назарын
1-тапсырмадағы сюжетті суретке аударады. Сурет бойынша аудиодискіні тыңдатады, жу етістігін түсіндіреді, тамақ ішу сөзін қайталатады. Берілген үлгі бойынша қолыңды жу тіркесін сөйлеу барысында байланыстыра қолдануға үйретеді. Сондай-ақ Ас болсын! Рақмет! үлгілерін де еске түсіріп, сөйлесуде қолдануға жаттықтырады. Оқушылардың арасындағы өзара сыпайылыққа көңіл бөлінеді. Сөздермен жұмыс «Жұптық жарыс» әдісі бойынша бекітіледі.
«Есте сақта!» айдары бойынша оқушылардың назарын жаңа құрылымға аударады, жеке-жеке, хормен қайталату арқылы жаттықтырады.
2-тапсырмада оқушылардың етістікті үш жақта қолдану дағдысына көңіл бөледі. Осы тапсырмада оқушыларды қол жуу етістігін үш жақта айта алуға үйретеді, қайталату арқылы жаттықтырады.
3-тапсырмада тірек сурет бойынша оқушыларды таза, кір сөздерімен таныстырады.Сөздерді жеке-жеке, хормен қайталату жұмыстары
1-тапсырмада суретпен жұмыс істейді. Жу етістігін, содан соң
«Қолыңды жу!» үлгісін түсінеді, тыңдайды, қайталайды.
Сөйлеу барысында бұйрық райда айтылған тіркесті түсінеді, өз бетінше айтуға тырысады.
«Есте сақта!» айдары бойынша «Қолыңды жу!» құрылымын қайталайды.
2-тапсырмада қол жуу етістігін үш жақта айтады, айырмашылығын түсінеді.
3-тапсырмада кір, таза сөздерімен танысады.
Тапсырмада берілген сөйлеу үлгісін оқиды, берілген үлгі бойынша сөйлеу барысында таза, кір, жуамын,
Мұғалім оқушылардың сабақтағы белсенділігін мақтау, мадақтау, қошеметтеу сөздерімен қолдап отырады.