1.2.3.1 сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және үлгі бойынша жауап беру;
сәйкес оқу мақсаты:
1.3.2.1 шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсіну;
1.5.1.2* мұғалімнің қолдауымен шағын мәтіндегі /тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар:тіс, тазалау сөздерін түсінеді, тісін тазалайтынын айта алады.
Оқушылардың басым бөлігі: тақырып бойынша белсенді лексиканы қолдана алады, тақырып көлемінде өзара тілдесе алады.
Кейбір оқушылар:сабақта үйренген құрылымдық үлгілерді өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады.
Сабақтың барысы
Сабақ кезеңі/уақыты
Педагогтің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді, амандасады.
«Сиқырлы алаң» әдісі бойынша сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастырады.
Тапсырма алдында «Сөздер эстафетасы» ойыныбойынша алдыңғы сабақтарда өткен сөздер қайталанады. Оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген суретке және сөйлеу үлгісіне аударады. Ең алдымен жаңа сөздер қатарымен таныстырады.
Олар: тіс, тазалау. Содан кейін үлгіде берілген «Алмабек, тісіңді тазала!» деген сөйлемнің мағынасы қимыләрекет немесе қосымша суреттер арқылы түсіндіріледі. «Есте сақта!» айдарында оқушыларға тазалау етістігінің үш жақта жіктелуімен таныстырады, қайталату арқылы жаттықтырады.
Мысалы:
Топ мүшелері тақтаға шығып, алдыңғы сабақтарда өткен сөздерді айтады, жазады.
1-тапсырмада берілген тіс, тазалау деген жаңа сөздерді аудиодискіден тыңдайды, қайталайды, айтылуына, жазылуына көңіл бөледі. Үлгідегі «Алмабек, тісіңді тазала!» деген сөйлемнің мағынасын қимыләрекет арқылы көретеді. «Есте сақта!» айдары бойынша тазалау сөзін үш жақта жіктеп айтуға жаттығады.
Мұғалім оқушылардың сабақтағы белсенділігін мақтау, мадақтау, қошеметтеу сөздерімен қолдап отырады.
Оқулық
Аудиодиск:
8.4.1
Мен тазалаймын. Сен тазалайсың. Сіз тазалайсыз. Ол тазалайды.
2-тапсырмада оқушылардың сөйлемді сәйкестендіріп оқу дағдыларына көңіл бөледі. Мұғалім оқушылардың назарын тіс сөзінің түрленуіне аударады, түсіндіреді, қайталату арқылы жаттықтырады.
3-тапсырмада оқушыларды екі сөйлесу үлгісімен таныстырады, тапсырма арқылы оқушылардың сұраққа жауап бере алу дағдыларын жетілдіреді. Бұл тапсырманы алдымен мұғалім «Доп лақтыру» ойыны бойынша бір оқушымен жұпта орындап көрсетеді. Кейін оқушылар жұпқа бөлініп, сұрақ қойып, жауап беріп, орындарын ауыстырып, бірнеше рет қайталайды. Әртүрлі жұпта жұмыс істеу оқушыларды түрлі дауысты, екпінді қабылдауға үйретеді. Басқа адамдардың даусына, айту мәнеріне үйренуге мүмкіндік береді.
4-тапсырмада оқушылардың сұраққа тірек сурет бойынша жауап беру дағдылары дамытылады. Мұғалім оқушыларды «Сен не істейсің?» сұрағына дұрыс жауап бере алуға жаттықтырады.
Мұғалім оқушылармен сергіту сәтін ұйымдастырады.
Мұғалім оқушыларға дәптердегі
2-тапсырмада берілген сөйлемдерді сәйкестендіріп оқиды.
Тіс сөзінің түрленуіне назар аударады.
3-тапсырмада екі үлгімен танысады, сөйлесу үлгілерін тыңдайды, оқиды. «Сен не істейсің?» деген сұраққа ұсынылған үлгі бойынша жауап беруге жаттығады.
Үлгі:
− Сен не істейсің? − Мен қолымды жуамын. − Сен не істейсің? − Мен тісімді тазалаймын. 4-тапсырмада «Сен не істейсің?» деген сұраққа тірек суреттер бойынша жауап береді.
Оқушылар сергіту жаттығуын жасайды.