болса,
тілдің
өмір
сүруі
үшін
қоғам
да
соншалықты
қажет.
2. Тілді қоғамдық құбылыстардың қатарына жатқызуға негіз болатын басты белгі
оның қоғамға қызмет ету белгісі екендігі жоғарыда айтылды. Бірақ, тілдің қоғамға
қызмет етуі басқа қоғамдық құбылыстардың, мысалы, базис пен қондырманың,
қоғамға қызмет етуінен өзгеше болады. Базис қоғамға
экономикалық жағынан
қызмет етсе, қондырма қоғамға саяси, заңдық, эстетикалық және басқа идеялар
арқылы қызмет етеді, қоғам үшін тиісті көзқарастардың нормаларын жасап
береді. Демек, тілден басқа қоғамдық құбылыстар, мысалы, базис пен қондырма,
қоғамға белгілі бір салада қызмет етеді. Ал тілдің басқа қоғамдық құбылыстардан
айырмасын көрсететін айрықша ерекшелігі мынада: тіл қоғамға қызмет еткенде ,
адамдардың қатынас құралы,
пікір алысу құралы, бірін-бірі түсінісу құралы
ретінде адамдардың ісі мен әрекетінің барлық саласында: өндіріс пен
экономикалық қатынастар саласында да, саясат пен мәдениет саласында да,
қоғамдық өмір мен күнделікті тұрмыста да бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік
беретін құрал ретінде қызмет етеді.Демек, тіл адамның ісі мен әрекетінің барлық
саласын қамтиды, осыған орай, оның қимыл өрісі өте кең және әр жақты болады.
Тілдің ерекшелігі оның ең басты қызметі – қатынас құралы болуынан келіп туады.
3. Қоғам мүшелерінің өз ара пікір алысуы тіл арқылы іске асады. Адам өз
ойын басқаларға тіл арқылы айтып, не жазып жеткізеді.Тыңдаушы
да сөйлеушінің
ойын тіл арқылы түсінеді. Ойдың жарыққа шығып, іске асуы, өмір сүруші үшін
тілдік материалға негізделуі, сөздер мен сөз тіркестері және сөйлемдер түрінде
айтылуы шарт. “Тіл дегеніміз – ойдың тікелей шындығы”(К.Маркс). Ой шындығы
тіл арқылы, тілдегі сөздер мен сөйлемдер арқылы көрінеді. Демек, тіл – пікір
алысу
құралы,
ойлаудың
қаруы,
ойды
білдіру
құралы.
Ой тіл арқылы айтылған мазмұнның негізін құрайды. Ой арқылы, адам миының
сәулелендіруші әрекеті арқылы тілдік единицалар объективті дүниенің заттары
мен және құбылыстарымен байланысқа түседі, мұнсыз адамдардың бір-бірімен тіл
арқылы қатынас мүмкін болмаған болар еді.
Белгілі бір тілдің дыбыстық
комплекстері ойлауда сәулеленетін объективті дүниенің элементерінің
сигналдары ретінде қызмет етеді де, бұл дыбыстық комплекстерде адам
танымының нәтижелері орнығып бекітіледі, ал осы нәтижелердің өзі ары қарай
танып білуге негіз болады. Сондықтан да
тіл ойлаудың қаруы, инструменті
ретінде,ал тіл мен ойлаудың байланысы бірлік ретінде сипатталады.
Тіл мәдениетпен байланысты, бірақ онымен тепе-тең емес. Тілді қондырмамен
теңестіру, бірдей деп есептеу қаншалықты қате болса , тілді мәдениетпен
теңестіру, бірдей деп есептеу соншалықты қате болмақ. Мәдениет идеологиялық,
яғни қондырмалық құбылыстың қатарына енеді, осыған орай, ол
буржуазиялық
та, социалистік те болуы мүмкін.Ал тіл қатынас құралы ретінде әрқашан
жалпыхалықтық сипатта болып, буржуазиялық мәдениетке де, социалистік
мәдениетке де бірдей қызмет етеді алады.
Достарыңызбен бөлісу: