Әбдіғалиева Верстка indd


Өзiн-өзi бақылау үшiн сұрақтар



Pdf көрінісі
бет11/16
Дата28.11.2022
өлшемі0,95 Mb.
#53247
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Өзiн-өзi бақылау үшiн сұрақтар:
1. Қазақ бiлiм беру мәдениетіндегі әдептің негiзгi идеялары.
2. Абай Құнанбаев адамгершiлiк мәселесiн қалай анықтады?
3. Абай Құнанбаевтің әдеп көзқарастарындағы рухтың құрылымы.
4. Шәкәрiм Құдайбердиев адамгершiлiк мәселесінің шешiмiн қалай та-
бады?


5. Ар-ұждан бұл Шәкәрiмнiң өнерiндегi бас әдеп дәрежесi.
6. XX ғасыр басындағы қазақ мәдениетiндегi әдептің бағыттары.
Өзiндiк жұмыс үшiн сұрақтар:
1. Абай Құнанбаевтің өнерiндегi адамгершiлiктiктiң қағидалары.
2. Шәкәрiм Құдайбердиевтің әдепке берген тұжырымдамасы.
3. Ш.Уалихановтың әлеуметтiк-әдепке көзқарасы.
4. Ы.Алтынсарин адамгершiлiк және тәрбие туралы.
5. XX ғасыр басындағы қазақ ойшыларының адамгершiлiк мәселелерi 
туралы.
6. XIX-XX ғасырлардағы ойшылдардың рухани мұрасының қазiргi 
қазақ мәдениетiне ықпалы.


80 
4. XIX-XX ҒАсЫрЛАр ФИЛОсОФИЯсЫНДАҒЫ 
ӘДеп ҚҰНДЫЛЫҚТАрЫ
4.1 Неокантшылдықтағы әдеп құндылықтарының
мәселесiн шешу 
XIX-XX ғасырлардағы Батыс философиясының ықпалды 
бағыттарының бірі неокантшылдық болды. «Кантқа қайта ора-
лу» атты ұранды қолданған, 1865 жылдағы отто Либманнан жеке 
қалып қойған, Канттың жеке идеяларын қолдап, растайды. Кант 
философиясында әртүрлі тенденциялар айқасып: бір жағынан 
қатал методологизм, бір жағынан білім мен ойдың талпынысын 
көрсетеді де соңында бірінші этикалық бағытқа жылжығанын 
байқаймыз. осы себепті біреулері Кантпен серіктестік іздесе, 
басқасы одан өзінің антиподын көрген.
о. Либманмен одақ құрғандар өздерін Кант философиясының 
тікелей жалғастырушыларымыз деп есептеп, неоканттық бағытты 
бірнеше мектептерге енгізіп үлгерген. Ф. Ибервегтің «Филосо-
фия тарихы» атты еңбегінде классификация ны неоканттық және 
неокритицизм деп ажыратады да бірнеше сабаққа бөледі. 
1. Физиологиялық бағыт (Г. Гельмгольц, Ф.А. Фланго). 
2. метафизикалық бағыт (о. Либман, И. Фолькельт). 
3. Реалистiк бағыт (А. Риль). 
4. Логицистикалық бағыт (Г. Коген, П. Наторп, Э. Кассирер). 
5. Нормативтiк критицизм (В. Винделбанд, Г. Риккерт,
Г. мюнстерберг). 
6. Релятивистік критицизм (Г. Зиммель). 
7. Психологиялық критицизм (я. Фриз, Л. Нельсон). 


81 
мәліметтерге қарағанда неоканттық мектептердің көбі осы 
бағыттардың екі түрін ғана алған, олар: логицистикалық бағыт 
немесе марбургия мектебі (Герман Коген, Пауль Наторп, Эрнст 
Кассирер) және нормативтік критицизм немесе баден мектебі 
(Вильгельм Виндельбанд пен Генрих Риккерт). Неоканттылық 
әсіресе баден мектебінде орын алды, олар көбіне құндылықтар 
мәселесіне үлкен мән берді. Нормативтік критицизм өкілдері 
философиямен аксиологияны байланыстырып, бұл үлкен 
қиындықтарды туындатты. 
Неоканттықтар өздерін Кант философиясының жалғыз сенімді 
түсіндірушілері деп есептеп, өздерімен соқтығысып қалған Фих-
те, Шеллинг, Гегелем мен Шопенгауэрді қателесу шілер деп сана-
ды. олар «өзіндік заттар» бар екендігін мойындаудан бас тартып, 
оларды «шекаралық түсінік» деп бағалады. Неокантиандықтар 
«өзiндiк зат» Кант ұғымының дәлелдеулерi үшiн абсолюттi мәннiң 
келесi жағдайлар ұғымдарын бiл дiрiлетiнін жасады: «демек, бiрақ 
тіршілік етпейді». Ба ден мектебінен бастасақ, неоканттықтар 
ең алдымен қоғамдық білім дегі мәселелерді және логика-
гносеологиялық сұрақтарды шеше бастайды. Виндельбанның 
айтуымен келісетін болсақ, философияны қоғамдық тұрғысынан 
қарау керек екен. осыған келісе отырып Виндельбанд табиғат 
заңын айқындайды. Виндельбанд пен Риккерт келісе отырып
субъект құндылықтар сферасына тікелей қатынас орната ала-
ды, бірақ таным үшін өте маңызды. олар үшін бұл «өзіндік 
зат». Құндылықтар сферасы субъект түрінде әрбір білімге және 
мәдениетке бағыт береді.Бұл сфералар өздігінен ажырамайды, 
тек олар табиғат және тарихқа бөлінеді. Теоретикалық ғылым 
қайталанбас заң іздейді. ол табиғатты ғылым ретінде жаратады. 
Ғылыми әдіс эмпирикалық және индивидуальдық қасиеттен ай-
ырылып тек ортақ және қайталанушы ретінде қалады. осылай 
табиғат пәні пайда болады. 
марбург мектебі алғашқы сәттен-ақ мәдениет формаларын 
ашуға, баден мектебінінің ілімін теріс шығаруға тырысты. мек-
теп башысы Г. Коген Кант тезисінен алынған концепциясын 
алып баден мектебінің принципі «теологиялық қатынас» кон-
цепциясына теріс қояды. осыдан бастап ол Кант философия-
сын алшақтата бастайды,не болса да Кант философиясы адамды 


82 
мәдениеттен субъект түрінде ажыратушы болып қала берді. Ко-
генге келісе отырып, оның ойынша теориялық пен практикалық 
қасиеттер арқасында адам әлемнің ғылыми картинасын салады 
және адам үшін жалпы заңдар жобасымен мәдениеттің формасын 
яғни өнерді мәдениеттің маңызды формасы ретінде субъектінің 
нәтижесінде белсенділігін айқындаушы. Бұл дәлелдер нәтижесін 
Коген өнер мен мораль қатынасы деп түсіндіреді. Сурет сала-
сының Канттың философиясымен тікелей байланыстығын Ко-
ген анықтады. осылай ғылым, мораль, өнер Коген концепциясы 
бойынша жылжып отырады. марбург мектебінде неоканттық 
пен имманенто-логикалық қатынас тікелей байланысады. ол 
мәдениет пен философия қатынасы сияқты. мәдениет алдындағы 
шеңберін, ғылым мен моральдағы өзінің философиялық жүйесін 
өнер осы аталғандар алдында елестетіледі. 
марбург мектебімен Баден мектебі араларындағы айырма-
шылық неоканттық философиямен Коген мәдениетті тек клас-
сификациялық жолмен емес жан-жақты талдау тұрғысынан қарап, 
олардың араларына генетикалық және функциялық қатынас 
енгізген. мәдениет әлем жаратылысы мен оның қалыптасуы 
және тілдердің пайда болуына өз ықпалын тигізген. Когеннің 
пікірінше мораль ол мәдениеттің бір формасы, оның ғылымнан 
айырмашылығы оның құрамы міндеттілік пен түсініктердің бо-
луы. Тіл моралі – белгілі бір нәтижеге жету. Өнер спецификалық 
жұмыстарды атқарады да адам мен әлем арасындағы ажырамас 
қатынасты орнатады. метафоралық тақырып – тілдің сезімі, 
Когенге сүйенсек, поэзия – барлық өнердің бастамасы. Сурет 
салу мәдениеті барлық шындықта өз алдында индивидуалды 
толық сфералы формула. Сонымен қоса эстетикалық субъект 
мәдениетке қайталанбас индивидтік қасиет береді.
Баден немесе Фрейбург мектебі «трансценденталды-психо-
логиялық» Канттың білімі негізінде. Баден мектебімен келісе 
отырып танып-білу психологиялық үдеріс, «экстенсивті және 
интенсивті көптеген үлгілерден» бастау алады. Соңғы мүмкіндік, 
егер оны пән ретінде есептесек ол өзінің мақсатына жетуші 
ретінде қаралады. Философия бұл қатынаста құндылықтар 
ғылымы болып қалады. Философия пәні бадендіктер үшін –
шындық емес құндылық болып қалады. «мир как целое» бұл 


83 
шындықтан және құндылықтан туындайды оның алдындағы 
міндет олардың арасындағы бірлік шартын анықтайды. «Тек та-
рих тұңғиығында ғана шындықтар жатыр. оны тарихи деректер 
дәлелдеп отыр, философия оны әлемге жар салып ашып бере ала-
ды». Виндельбанд пен Риккерт канттық шындық пен моральды 
бір-біріне қарама-қарсы қоя алды. Баден мектебіндегі ең күрделі 
тақырыпқа айналған ол әдіс мәселесі болды. Виндельбан мен 
Риккерт ғылымды табиғи ғылым мен мәдени ғылымға бөлді. 
Табиғи ғылым номотеттік әдісті басқару арқылы жалпы заңды 
жинақтайды, ал мәдени ғылым идиографикалық әдіс арқылы ин-
дивид тарихын сипаттайды. Баден мектебі қарым-қатынас рөлін 
әлеуметтік білімде қолданады. Виндельбанд оны бар-жоғы үш 
түрге бөледі: логикалық, этикалық және эстетикалық. Тек осы-
ларда ғана біздің қанағаттанған немесе қанағаттанбағанымыз, 
бағалар мөлшері мен сезімдеріміздің дұрыс шығуымен жеткізуін 
айқындайды деген екен. Шындық, жақсылық және сұлулық 
құнды ядролы ойды құрайды. Шеңбер ортасы осы әлемге әсер 
ететін мәдениет үлгісі ретінде құрастырылады.
Виндельбанша мәдениетке адамдар қалаған әлем табиғаты, 
бағалар, философияда қаланғандар жатады. Үш ғылымда мәде-
ниет мораль мен өнерде шындыққа, жақсылықпен сұлулыққа фи-
лософияда кепілдік беріледі. мәдениетке жасалған философия-
лық анализ бадендік неокантшылдықтар ең бірінші үйренісумен 
байланыстырады. мәдениет структурасы адам қолданатын зат-
тар секілді барлығымен сәйкес келе береді, ол өз алдына «екі 
түрлі диаметрлік концентрлік құбылыс»: практикалық ойөзек 
болып табылады, айналасы үлкен диаметрлі-теориялық ой. 
Келісе кетсек, мәдениет құндылығы моральға тиесілі, ғылыми 
таным Виндельбанд теориясы «шындыққа құлшыныс» осыған 
қарай бағытталады, ал өнер өзінің міндеттерін атқарады. дәлірек 
айтқанда бадендік позицияның концепциясы құндылықтар ав-
тономиясы тек субъект түрінде ғана болады, ал гнесеология 
мен эстетика субъектілері Кант негізін құраса да автономияны 
кері құлдыратады. осындай теориялар нәтижесі мәдениеттің 
о бастан-ақ ғылымға тиесілі тенденцияларды, өнер функция-
сын бойына сіңіре берген. Шындық – ол тек дәлдікті ғана емес, 
нормативтік пен эстетикалық қалыптасуды абсолюттік құнды лық 


84 
жеке және әлеуметтік өмір үшін пайдаланылады. Виндельбанта 
құндылықтар ие болмайды және иелендіре алмайды егер адам 
шындыққа бет бұрса да ол тек шындық аналогын ғана иелендіре 
алады. Философия бағытының қалыптасуы Еуропа мәдениетін де 
үлкен мәселеге айналды, оны жекешелеп үлкен жүйе құрамына 
кіргізген Кассирер болатын. Кассирер құндылық символдар мен 
символикалық формалар арқылы пайда болады. Соңында ол бір 
мақсат үшін мәдениет субъектісі ретінде қалады. Кассирердің 
бағыттауы бойынша мәдениеттің этникалық мәселелері бостан-
дық пен қажеттілік салдарынан туындайды деген.
мәдениет адам тіршілігіндегі шар тәрізді. Адамдар тіршілігі 
бір жағынан ең қажеттіліктерді қажет ететін үлкен құндылық. 
Бұл жерде неоканттық тұжырымға тура түсеміз. Кассирер 
«мәдениетті түсіндіріп жеткізу мүмкін емес, белгілі термин-
дермен де түсіндіре алмаймыз оны тек еркін тақырыптарда 
ғана жеткізу мүмкін». Еркіндік – мәдениетті қамтамасыз ете-
тін ең үлкен топ. Басқа құндылықтар секілді еркіндік алдына 
мақсат қойып, мәдениеттің қалыптасуына ықпалын тигізеді. 
ой бостандығы философия мәдениетінде де түп-тамырында 
жатқан мәселе бола отырып, мәдениет қағидаларының орнау-
ына ықпалын тигізеді. Философия мәдениеті оның түрлі фор-
малармен спецификасының арқасында философия таңбасына 
айналып барады. Кассирердің ойынша, таңбалық форма кез 
келген «ақыл-ой энергиясы». осының арқасында кез келген 
идеялық мағына қандайда бір таңбаға иелік етеді де сол таңба 
осының барлығына жауап береді. Бұл «ақыл-ой энергиясы» 
жан дүниемен сезімдік дүниесін біріктіреді. Таңбалық форма 
өзінің бастапқы сезімін қалыптастырса да, онда болса да бұл 
материалдық таңба басты әлем халықтары үшін білім жеткізетін 
және құнды компонент болып табылса да ең алғашқысы болып 
қала бермек. Таңбалар ішкі әлем орталығы сияқты өмір сүреді, 
осының арқасында адам әлемді танып қабылдайды. мәдениет 
дәл осы формаларға тіршілік етеді, тек осыда ғана адам көре ала-
ды, әлемді танып оны жарата алады. осы себепті мәдениет жаңа 
тілдердің, діндердің, өнердің, мифологиялық және таңбалық 
ғылымның дамуына бірден-бір ықпалын тигізуде. Шындықта 
ешқандай таңбалықтың жоғын Кассирер анықтайды. Ғылым, 


85 
мораль, өнер неоканттық тұжырым бойынша мәдениетпен 
тікелей байланысты. мәдениет – әлемді жаратушы, дамытушы, 
алдыға қарай жылжытушы ретінде қарастырылады. Бадендік 
мектепте неоканттық мәдениеттің өзгермес көзі болып табыла-
ды да, «құндылықтармен» теңестіріледі. Философиялық ана-
лиз алғаш рет мәдениет құндылықтарымен байланыстырылады. 
Виндельбандтың ойынша, әлем мәдениеті – әлем табиғаты, ал 
адам өзінің өмірлік құқықтары мен бағаларының барлығы фи-
лософияда іске асырылады. Бұл бағалар мен нормалар мәңгілік 
және барлығына түсінікті және бұны да философия іске асы-
рып отырады. Әлем құндылығы – ол әлемнің керемет жетістігі. 
Сондықтан философияның басты мақсаттарының бірі – мәңгілік 
құндылықтарды анықтап, барлығы оны иелік етуі керек. марбург 
мектебінде неоканттық мәдениет ғылымның мықты жақтары, мо-
раль мен өнер, бір-бірін алмастыра алатын көлемді мәдениет.
Кассирер адам мәдениетінің анализіне келгенде оны толық 
феномен ретінде қарастырып, тіл мен мифтің үйретілуіне 
тигізетін әсерін сызып өтеді. ол мәдениетті оймен, құндылықпен, 
дарынмен салыстырады. Кассирердің зерттеуінше мәдениет фор-
масы миф, тіл, дін, өнер, тарих барлығы өз алдында тең құқылы. 
Әрқайсысының алдында белгілі ережелері мен принциптері 
бар. Тек мәдениет қана адамдарды әртүрлі хаоспен басқа да 
табиғи жағдайлардан қорғайды. Тек таңбасын анықтай отырып 
адам шығармашылық дәрежесін анықтайды. Бостандық пен 
мәңгілілікті адам тек таңбалардан ғана табады.
Құндылықтар түсінігі Риккерт философиясының орталық 
тақырыбына айналады. ол «құндылық» пен «шындық» арасын 
жақсылап зерттеп өзінің тұжырымын жасаған. Құндылықтар 
теориясына келсек, ол теориялық тазалыққа келеді, бірақ тари-
хи деректермен де сәйкестендіріледі. осы екі жағдай олардың 
бір-біріне қарама-қарсылығын көрсетіп отыр. Риккерт еңбегінде 
құндылық ол қарым-қатынас ретінде қаралып отыр. ол Рик-
керт тұжырымында яғни құндылық не объект емес, не субъект 
емес. ол оны екі сөз «адамдық» пен «табиғи» сөздерін ажыра-
ту арқылы түсіндірді. Бірақ бұл сөздер құндылық үшін ажыра-
тушыда біріктіруші де болуы әбден мүмкін. олар бір жағынан 
жақтаушы да екінші жағынан терістеуші де болуы мүмкін.


86 
Құндылықтар шын өмірде де кездесетіні айқын. ол риккерт 
үшін ғылымдарды бірінен-бірін ажырату үшін қолданылатыны 
айқын. Шындық риккерттік концепцияда беделді орын алады. 
Құндылық – жалпы норма, оны адамдар бағалай да басқара да 
алады. ол ғылымда болуы керек нәрселерді айқындап отырады. 
Құндылықтар категориясы міндетті түрде ақиқат тарихымен, 
практикалық оймен дәл келеді.
Риккерт жұмысының нәтижесінде қорытынды шығара келе, 
тарихи ғылымдар мәдениетте объектіні үйретеді, оны барлық 
мәдени құндылықтарда жүзеге асырылуын қамтамасыз етіп ең 
керекті де қажетті құндылықтарын анықтаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет