Әбдіғалиева Верстка indd


Өзін-өзі бақылау сұрақтары



Pdf көрінісі
бет10/16
Дата28.11.2022
өлшемі0,95 Mb.
#53247
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. дәстүрлі қазақ мәдениетінің құнды негіздері.
2. Рухани қазақ мәдениетінің негізі қандай?
3. Қандай салт дәстүрлер және рәсімдер рухани мәдениетке ықпалын 
тигізеді?
4. дәстүрлі қазақ мәдениетінің негізгі категориялары?
5. Ұлттық мәдениет және этникалық мәдениеттің ықпалы?
Өздік жұмыс тақырыптары:
1. Көшпелі қазақ мәдениетінің ерекшеліктері
2. дәстүрлі мәдениет және оның негізгі құндылықтары
3. Исламға дейінгі сенімдер және оның мәдениетке ықпалы
4. Әлеуметтік ортаның рухани құндылықтардың қалыптасуына ықпалы
5. Қазақ халқының музыкаға және поэзияға деген құндылығы
6. Қазақ фольклорының мазмұны
 3.3 Қазақ философиясындағы этикалық
мәселелерді шешу
XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басындағы 
мәселе қазақ интеллигенциясының қалыптасуымен байланысты. 
Рухани өнегелік мәселелер өзінің жалғасын Абай Құнанбаевпен 


74 
Шәкәрім Құдайбердиевтің еңбектерінде көрініс тапты және 
ары қарай дами бастады. А. Құнанбаевтың шығармашылығы 
әр қашан фундаменталды жалпыадамзаттық құндылықтарға – 
шынайылыққа, сұлулық пен жақсылыққа арнап жазылды. ой-
шыл өзінің уақытын анықтап алған, өзі философиясын, Шығыс 
пен Батыстың әлемге деген көзқарасын синтезі ретінде алып 
қалыптастырды. осының нәтижесінде ол бір уақытта еуропалық 
және Шығыс мәдениетін ұштастыра білді. осының негізінде 
әлем бейнесін қалыптастырды. Егер Батысқа «әлем өзгеруі» негіз 
болса, ал Шығысқа «өзіңді тану» болды. осыдан Абай «Адам 
бол»деген ұғымды негіздеді.
XIX ғасырдың аяғында Абай жалпы адамзаттық құнды-
лықтардың маңызын, қазақ халқының бүтіндігін және бірлігін 
көрсете білді. Абай қазақ мәдениетінің символы бола білді. 
ол мынадай адам болғанын армандады, жан-жақты болу, ал 
оның болмысы және тұлғасы руханилықта болғанын қалады. 
ол гуманистерді идеал ретінде көрді, адамның өмірлік әлемде 
қалыптасуы құндылықтардан деп есептеді. Құндылықтар руха-
нилық категориясына жатады. Руханилық проблемасы Абай-
ды өмір бойында қызықтырып келді. Руханилықтың негізі бұл 
этикалық мазмұн.
Руханилықты ақын махаббат түсінігінен шығарды, ол бүкіл 
әлемді жаулап алады, сондықтан жанның шынайылығы қажет 
дейді. махаббат, шынайылық және жақсылық бұл өмір сүрудің 
негізі. Абайдың ойынша руханилық мынадай қасиеттерден бас-
тау алады: махаббат, шынайылық және жүректің ашықтығы. 
Абайдың гуманистік философиясы бойынша жақсы істер жарық, 
таза жүректен шығады, ал жаман адам тек жаман істерге құштар. 
ойшылдың талқылауларында жоғарғы орынды шынайы сенім 
алады, ол сенім арқылы болмыстың мақсатын анықтай алады. 
Руханилық жағынан сенімді Абай былайша анықтап береді: 
«Сенің сенімің шынайы, сен күткенде ол саған өз пайдасын 
әкеледі. Бір немесе басқаша жалпыадамзаттық құндылықтарға 
деген сенім идеалды руханилықтың белгісі. Ізгі ниетті істерді 
сенімнің негізі деп қарасақ, философ жақсы істерді қолдады.
Руханилық – адамның бастамасы. Ақынның айтуынша 
«тек сана, ғылым бостандық, ұят адамды көтереді. Руханилық 


75 
адамның ішкі жан дүниесінің қалыптасуы. оның болмысын және 
спицификасын көрсетеді. Абайдың пайымдауынша, руханилық 
жоғарғы ақылдылықтан туындайды, діни руханилық діниліктің 
жоғарғы формасы. дінде адам өмірдің жоғарғы қасиеттеріне ие 
болады,олар символдық формаға айналады содан оның өмір сүруі 
арқылы мынадай атрибуттар пайда болады: ұят намыс және ар. 
Сондай-ақ Абай философиясында адам мәселесі басты орында 
болғандықтан, діни руханилық адамсыз болмайды, оның өнегелі 
рухани мағынасы мен мақсатынсыз өмір сүре алмайды. махаб-
бат, шыншылдық және жақсылық адамның өмір сүруіне қажетті, 
оның ақылды болуы, тек жоғарғы руханилықты қабылдаған адам 
ғана ақылды бола алады және өзінде шындық пен махаббатты 
үйлестіре алады. Абай рухани бай адам мынадай қасиеттерден 
бастау алады; махаббат шындық және жанның ашықтығы,ол 
мұнсыз өмір сүре алмайды. Абайдың гуманистикалық философия-
сына сәйкес жақсы ниеттер тек жарық та таза жүректен шығады, 
ал жаман адамның тек жаман мақсаттары мен жаман істері бола-
ды. Егер шынайы сенімнен Абай шындық пен жақсылыққа қызмет 
етуді түсінсе, ал бейсанада руханилық құндылықтар мен істерге 
аса назар аударады. Сондықтан ойшыл адам өміріндегі басты 
құндылық рухани қасиеттер деп аса сеніммен айта алады. Адам-
да ең алғашында өнегелік қасиеттер мол болған, сондықтан ең 
бастысы осы қасиеттерді жоғалтып алмау. Ал бұл ойшылдың ой-
ынша тек философиялық этикалық оқулармен және адамдық діни 
өнегелік қасиеттер арқылы жете алады, содан адам шынайылық 
пен махаббат жоғарғы форма екенін түсініп, құдайдың өзіндік 
қасиеттерін өз бойларына сіңіре бастайды.
Абай Құнанбаевтің философиясына сәйкес, өнегелік өмірлік 
түсінігімен байланысты, яғни оның шығармашылығымен және 
рухани дамуымен. Сондықтан адам өміріндегі басты мақсат ру-
ханилықты жаулап алу болу керек, ол адамдағы адамгершілікті 
көрсететін индивидтік түсінік болу қажет. Содан руханилық 
адамның болмысындағы терең түсінік.
Атақты Абайдың шығармашылығын зерттеуші м.С. орын-
бековтың айтуынша, қазақ ойшылының руханилық структура-
сы үш элементтен тұрады; «руханилық үш элементтің ішінде 
бірінші орында сенім, ислам,ал содан кейін махаббат пен ақыл». 


76 
Абай бойынша адамдардағы руханилықтың бастысы бұл сенім,ол 
шексіз құдайдың бар екеніне сену,ол өтірік және күнделікті 
өмірге қарсы тұрады. дінде адам өмірдің жоғарғы мәніне ие 
болады,олар символикалық формаға айналады ол сол үшін өмір 
сүреді,дәл осы жерде мынадай діни атрибуттар пайда болады: 
ұят намыс және лайықтылық. осылайша Абай ғылым алдында 
руханилықтың қасиеттерін мойындайды және осылайша әлемнің 
біртұтастығын әлеуметтік құбылыстар мен адамның өзі туралы ой 
қалыптастырады. Бірақ ғылымда байлыққа, билікке, рахаттануға 
ұмтылу секілді тоқтау болу қажет, ал одан ауытқу ессіздікке алып 
келеді. Адамның адам болуындағы басты мақсат өз өзіңді тоқтата 
білу рухани жетістік. осылайша Абай өзінің рухани мәдентиеттік 
зерттеулерін келесі ұрпаққа жеткенін қалады.
Абайдың рухани өнегелік зерттеулерін Шәкәрім Құдайбер-
диев жалғастырды. Шәкәрімнің әлемтануындағы айырмашылық, 
философиялық ғылымның бастысы этикалық проблемалар деп 
білді. Ал бұл құндылықтарды моральдік жағынан талқылауға 
әкеп соқтырды. Шәкәрім Құдайбердиев Шығыс мәдениетінің 
біржақты кемшіліктерін көрді. Адамның шынайы іс-әрекеттері 
тек жаулап алушылыққа және қиратуға, зорлық зомбылық пен 
ұрлыққа арналған деп есептеді. Ақылдың өсуі өнегеліктің даму-
ын тудырмайды, жауапкершіліктің ұят пен сезімнің жоқтығынан 
адамдардың ақылдылығы өсіп рухани дамуы артта қалып 
қояды. мәдени дамуда барлық құндылықтарды қайта қарап 
синтез шығару керек екендігі күмән тудырмады. ойшылдың әр 
түрлі ғылымға философияға дінге ұмтылуы шындықты іздеп 
табу, адам өміріндегі жоғарғы құндылықтар. Әлеуметтік прак-
тика көрсеткендей, Шәкәрімнің ойынша батыстан әкелінген 
құндылықтар конфликтінің негізі болды. осыған орай ойшыл 
ақылдылық руханилықпен қатар жүру тиіс деп айтты. Адам 
рухани мағынада ақылдылықтан алыстап кетті, ал оның да-
муы танымдылықпен байланысып кетті, ал оның руханилығы 
жақсылықтан имандылықтан айырылды. оның орнына ақыл 
және мақсатқа жету пайда болды. Адамның болмысы табиғатын 
және негізін Шәкәрім ғылымнан анықтайды, ең алдымен шынайы 
ғылымнан бұл адамның қол жетімді қасиеті. Шынайы ғалым тек 
рационалды ғылыммен шектеліп қалмайды, ғылыми зерттеу-


77 
мен қатар бұл жерде өнегелік бастама болу қажет, жақсылық 
білімі. Рационалды әлемтану жанның өлмейтіндігін және құдай 
жаратушы идеясын қолдамайды. Шәкәрімге бұл адамның 
құрдымға ұшырауымен тең. осы адамдық қоғамды дегредацияға 
ұшыратады, жай қоғамдық өмірдегі рухани өнегелік идеалдар-
ды жояды. Философтың ойынша шындықты білу ғылым мен 
әртүрлі діндегі шынайылықты жоғалту ғылыми концепциялар-
ды түсінбеу. Шәкәрім философиясында әлемтану кездеседі, ол 
онда адамдық проблемалар мен қоғамдағы, тұрмыстағы өмір 
жайлы жазады. Шәкәрім Құдайбердиевтің әртүрлі ғылымға және 
әлем тануға деген ұмтылысы, ғылымдардың бірігуіне филосо-
фия, дінтану сияқты ғылымдарда шынайылықты іздеу адамдық 
ғылымдағы ұлы заңдылықтардың бірі. Шәкәрім философиясын-
да әлемтану байқалады, онда адам мен тұрмыста болатын проб-
лемалар оның мінездемесінде әртүрлілік пен тереңдік жатыр. 
оның философиясының негізгі орталығы бұл адам мәселесі. 
оның ойынша адам және оның өміріндегі құндылықтар бас-
ты философиялық сұрақ болып табылады. Адамда екі бағыт 
қалыптасады – ұрпақтың жалғасуы және руханилықтың байлығы.
Тек руханилықтың шегіне жетіп қана, адам индивид болып 
қалыптаса алады. Адам биологиялық қажеттіліктерін қана-
ғат тандырып қана қоймай, сондай ақ психологиялық қызығу-
шылығын табады, ол өмірдің мәнін тек толықтай адам болған 
кезде ғана іздейді. Тіршілік үшін күрес және ұрпақ жалғастыруға 
деген талпыныс индивидті адам етпейді, ал рухани өмірдің терең 
мағынасын талаптар арқылы қамтамасыз ете алады. Абсолютті 
шындықты табу және оны мазалап жүрген проблемалардың 
шешімін табу ақынның өміріндегі негізгі талаптар болып табыла-
ды. Көптеген шынайылықтың ішінде Шәкәрім үшеуін шығарып 
береді, олар бір-бірімен өзара қақтығыста болады. Біріншісі 
өзінің теориясында материалдық әлемтану бұл ғылымдық тану. 
Екінші шындық бұл теологиялық әлемді түсіну. осы екі позиция-
ны салыстыра отырып, талдау жасап Шәкәрім бұл проблемаға 
өзінің шешімін ұсынады немесе үшінші шындық, ол бұны ож-
дан деп атады. Шәкәрім барлық философиялық және діни 
көзқарастарға байыппен қарайды. ол оның мәнін түсінуге тырыс-
ты, олардың талаптары мен мағынасын түсініп, өзіндік әлемдік 


78 
рухани және өнегелік проблемасында пікірлерді, көзқарастарды 
қалыптастырды. оның көзқарастарында бір немесе басқа дінге 
деген қызығушылық байқалады, ол теологиялық көзқарастан 
алшақ, бірақ сол кездегі зерттеулер бойынша қалыптасқан кон-
цепциялар арқылы өзінің сенімін қалыптастыруға тырысады.
Шәкәрім Құдайбердиев ожданды адамдық қарапайым ды лық 
шындық және жақсылық деп анықтайды, ождан адамилық жақсы 
қасиеттердің көрінісі. ождан адамға адамгершілікті және өзінің 
жеке өнегелік жақтарын сақтауға көмектеседі. ождан адамға 
жақсылық пен жамандықты айыруға көмектеседі. Шәкәрім 
бо йынша ождан жақсылық шынайылық мағынасын береді. 
Адамның мақсаты және мағынасы сен осы өмірді қалай сүріп 
жүрсің, осыны түсіну болып табылады. Ең бастысы іс-әрекеттер. 
Ал іс-әрекет – бұл жан. Шәкәрім былай деп жазады: «адамның 
жақсы өмір сүруіндегі негізгі мақсаты – бұл адал еңбек ету, ұятты 
ақыл және шынайы жүрек. міне, осы үш қасиет барлығын би-
леу керек». осыларсыз әлемде түсіністік пен достық болмайды. 
ождан адамға тек осы өмірде ғана емес келесі өмірде де қажет. 
ождан бұл шексіз категория. осылайша адамның руханилығын 
көтеру үшін ождан керек. Ал ождан жанның өмір сүретіндігіне 
сенетін адамда ғана болады. 
Шәкәрімнің ілімінде өнегелікке жетудің өзіндік категорияла-
ры бар:
– Біріншіден, «адамдарды еңбек етуге үйрету».
– Екіншіден, «оларға білім беру қажет».
– Үшіншіден, «адамды тәрбиелеу барысында оларға ожданның 
ғылымын түсіндіру қажет».
ождан адамға өмір сүру бағытында және жаман істерге 
қарсы тұруға көмектеседі. Адам тұрмысының шынайылығы тек 
қана руханилықпен байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет