Әдеби kz қамар сұлу Роман Сұлтанмахмұт Торайғыров /29/2012 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет24/47
Дата08.09.2023
өлшемі0,68 Mb.
#106737
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   47
Байланысты:
Сұлтанмахмұт Торайғыров Қамар сұлу

Әдеби KZ 
дегендей мүсәпірсіп жатқан формы мұсылман адамның сай-сүйегі сырқырайтын көріністе 
еді. Бір мезгілде жан күйер жеңгесі - Оспанның қатыны бұрқырап келіп: 

Қашанғы бұған әке-шүке деп жалынамыз? Міне, таң атты, жүріңдер! Не заман?.. 
Ұят-ай! Сақалды басы... Ойбай-ай!.. Болыс басымен әлі тосып отыр, әлі тосып отыр. Мұның 
ықтиярына көне берсең... Ойбай-ау! Дуаға айналған бас емес пе еді? Кешегі жыпсыр 
Ахметті білемісің?- деп, тұр-тұрдың астына алды. Ал деп он шақты қатын сүйреп, 
жұлмалай бастап құдайыға соятын асау құлындай бірі басы, бірі қолы, бірі аяғынан алып, 
алысып-жұлысып, қаумаласып, шырылдатып, қақсатып, әйтеуір, мың пәле, жүз 
машақатпен Нұрымның қасына жеткізді-ау... О қылды, бұ қылды, "құйрықтан алды, 
құлақтан басты" деген секілді қолын ұстатты, шашын сипатты, тиісті кәделерін алды. 
"Міне, жаным, әйтеуір сіз үшін көрмегенді көріп, қолыңа әкеп бір тапсырдық... Обалың 
өзіңе..." деп, қатындар шықты кетті... 
Не тұрыс бар, Нұрым қатындар шығар-шықпастан-ақ, Қамарға жармасып, мамықтай 
үлбіреген мойнына кеспелтектей қолын жіберіп, күйектей бір қап сақалы мен сасық аузын 
таяп аймалай бастады. Апырым-ай! Қамарға әзірейіл шеңгелі тигендей, тер онан да, 
мұнан да кетіп қалшылдап, қысылып ыршып түсіп шалқалаймын деп, басын бөренеге 
соқты. Қызылшеке төбелесіп жатқан кісі секілді дүңгір-дүңгір етеді. Нұрымның "Маһ! Моһ! 
Неге... неге?!." деп жұлмалап тартқан дыбысы естіледі. Ақыр Қамар: 

Не болды, жарықтық, тоқтай тұршы! Сөйлесейік,- деп алдап тоқтатты да, мынаны 
айтып, көлеңкесін бір-ақ көрсетті де үйден шықты: 
Айтайын шын сырымды ауызба-ауыз, 
Дөңкиген күйек сақал, сасық ауыз! 
Ақ жүзді, ақыл-ойлы ақ сұқсырға 
Дәрі емес мал секілді малды жауыз. 


41 
Әдеби KZ 
Уай, шіркін, өмір сүрмек меніменен, 
Мал шашып, маңызданған ебіңменен; 
Өлсем де отқа күйіп, суға түсіп, 
Бір минут тұра алмаспын сеніменен,- деп... 

Қап, бәлем!- деп ("өлмегенге қара жер") Нұрым қалды; ызаланды, қорланды, оттай 
жанды. Ақыр ызасына шыдай алмай, әлгі ат берген өлеңшісіне мынаны шығартып, 
Қамарға бергізді: 
Әй, Қамар, бұлқынсаң да түстің торға, 
Абайлап қарасайшы оң мен солға. 
Бекерге тәтті аузыңның дәмі кетер, 
Тілімді ал, осы күннен әуре болма. 
Қалатұғын орның жоқ, менен қашып, 
Айтамын жақсы көріп жаным ашып. 
Бүгін солай жүрсең де ертеңгі күн, 
Отырарсың мойныма қолыңды асып. 
Енді біл, жатар орның жайлап қойғам. 
Басыңды қу қазыққа байлап қойғам. 
Өл десем өлетін ғып сайлап қойғам. 
Әрине, сөз сенікі келмей кетсең, 
Келер болсаң, иттей қып басқа тепсем, 


42 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет