Әдеби kz қамар сұлу Роман Сұлтанмахмұт Торайғыров /29/2012 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет25/47
Дата08.09.2023
өлшемі0,68 Mb.
#106737
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   47
Байланысты:
Сұлтанмахмұт Торайғыров Қамар сұлу

Әдеби KZ 
Ішкізіп итаяқтан сары суды 
Дүниеде арманым жоқ соған жетсем. 
Қамардың хатты көріп қайтарған жауабы мынау еді: 
Ол рас, менің жоқ қой басар тауым, 
Нәрсенің көз алдымда бәрі жауым. 
Жалғыз-ақ тиыш жерім - қараңғы көр, 
Сонда барып жатамын, бар ма дауың? 
Етімді сен сипаған құрттар жесін, 
Қабырдағы хашарат* жұрттар жесін! 
"Ауызға сөз, маңдайға көз боп жүріп, 
Қор болған міне, осылай Қамар",- десін. 
Бір өлсем күнде өлгенше саған тиіп, 
Кетемін келмес жерге қаным қиып. 
Ол жерден ала алмассың, бара алмассың, 
Болыспын деп айқайлап, кісің жиып. 
Майысып солқ-солқ еткен өрім талмын, 
Жас алма пісіп тұрған шекер балмын. 
Елуде сенің жасың, мен - он бесте, 
Ойлашы, мен қалайша саған дәлмін? 
Сүю сүю бола ма зорлауменен, 


43 
Әдеби KZ 
Көңілді ұстап түру жоқ торлауменен. 
Көңіл болса, қосылмай тоқтала ма, 
Оқ атып, қылыш шауып, қорғауменен. 
Оңа ма қылған кісі малды жолдас, 
Әйтеуір, суреті адам, жанды жолдас. 
Мен емес сүйетұғын сені көңілім, 
Буланба, бұрқылыңның ақыры оңбас. 
Осыны көргізбейтін надандығың, 
Надан болсаң, болмайды адамдығың. 
Мен адам, сен жануар, ал қалайша? 
Қайтейін, түсінбесең жамандығың! 
Әрине, сен қу қазық, сен қу қазық, 
Қалмапсың ол жеріңде жолдан жазып. 
*Хашарат (арабша)- құрт, құмырсқа мағынасында. 
Балауыз, балбыраған бала бұлбұл 
Қалайша жапалаққа болады азық?! 
Мына сөздер де Нұрымға жығылған үстіне жұдырық болып, одан жаман салын суға кетіре 
берді... Және ішіп кетер, жеп кетер суылдақтар мен жаман-жұман қатындар болмаса, жас 
атаулы қыздардан жалғызы Нұрымның қасына жолаған жоқ. Бөрінің көңіл-көзі: Қамарды 
аяуда, жыласа жылап дегендейін қолдарынан келерлері болмаса да қасында еді... 


44 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет