Әдеби kz қамар сұлу Роман Сұлтанмахмұт Торайғыров /29/2012 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет26/47
Дата08.09.2023
өлшемі0,68 Mb.
#106737
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   47
Байланысты:
Сұлтанмахмұт Торайғыров Қамар сұлу

Әдеби KZ 
Міне, бүгін кеш Қамардың некесін қиып ертең дүйсенбіге жөнелтпекші күні. Уау, дүние! 
Мұны естіген Қамар не халде, Омар не халде?.. Біраздан соң Қамардың басына түскен 
қайғы секілді түйдектелғен ызғарлы ұшпаның бұлтымен аралас мейірімсіз кеш қараңғысы 
келіп жайлады. Үйлерге шам жағылып, жұрт іңір шайларын ішіп болған мезгіл еді. Сол 
елде указной молда Бәйтек деген мұндай иіс-қоңыстың дыбысы сезілісімен-ақ Құласатіл 
масаилін* арқалай келіп Нұрым мен Оспанның арасында өтірік-шынды сабап, қыбын 
тауып неке қиярға пышағын жанып, талай бас, жамбастардың түбіне жетіп жатқан еді. 
Бүгін оның да көңілі көтеріңкі, әншейін-ақ саңқ-саңқ етеді. Апырым-ай! Қайдан толып 
кеткенін білмеймін, күйеу отырған үйде аяқ басарға орын жоқ. Бірін-бірі кимелеп, 
тікесінен тік, қылқиысқан бозбаласымақ жастар да тіпті иін тіресіп есікті сындырып 
барады. Бұ бишаралардың әттең Қамарды аяп, іштерінен Нұрымның етін жегендей болып 
тұрса да, "Сендерге не бар? Шық!" - деп, біреуі көзін алартпаса жарар еді деп, бәйек 
болып тұрудан басқа амалы жоқ еді. Бір бұрышта әкесі бүгін өлгендей түнеріп, жауап та 
жоқ, сөз де жоқ, жермен жер Омар отыр. Жоғарғы Қамар отырған бөлмеде сар масадай 
дуылдаған қыз, қатын, бала-шағаның көптігі сонша, тіпті аяқ алып жүргісіз, ине шаншар 
орын қалмаған... Бір қыздың қолтығына тығыла қарлыққан дауыспен өлеусірей булыға 
зарланып бүк түсіп жатқан - Қамар. Оның жан-жағы толған замандастары: "Есіл, Қамар-ай! 
Шыныңменен сол жауызға кетесің-ау?.." дегендей қылып, "жан тәсілімде" қоштасқан 
секілді ығы-жығы, бірі басында, бірі аяғында мұңайысып отырып алған. Көргенде 
көңілінде жарты мысқал мейірім-шапағаты бар адамның жүрегі жарылып кете 
жаздайтындай бір аяушылық көріністе еді. 
Не ғажап?! Оны-мұнысына жүріп тұрған кісілер де көңілсіз, біреу зорлағандай ғана 
амалсыз, ілгері басқан аяғы кейін кетіп жүр еді... Міне, екі күннен бері Нұрымның да жүні 
жатыңқы, иығы салбырайып, тәңір алғырды қара басып кеткен. Әне! Бір мезгілде Бәйтек 
молда ұшып тұра келіп, киіз боқшасының ішінен шеттерін тышқан кеміріп кеткен жал- 
ба-жұлба "Құласатіл масаилін" ашты, көзілдірігін киіп: 

Қане! Дастарқан, неке... су, күміс салу керек... куә,- деп белсеніп, сыбанып жұмыла 
бастады. Тез бір-екі жануарды өкіл сайлап, ауызбен: "алды, берді, тигізді, сүйгізді..." Ал 


45 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет