173
Әдеби KZ
Сіздермен ақылдасайын деген тағы бір жай — жер мәселесі еді.
Бізде жер көп, бірақ соны
пайдалануда береке жоқ. Ленин — кім жақсы пайдалана білсе, жер соныкі дейді. Ал біз
ше? Біреудің жері шамадан тыс көп, енді біреуде тук те жоқ. Осы да әділдік пе? Міне, осы
жайлы сіздерден салауатты ақыл күтемін, ақсақалдар. Ойланып-толғанып, кеңесіп-келісіп
екі-үш күннен кейін қауым атынан жауабын берсеңіздер деймін.— Сенің айтқаның жөн,
Садықжан, сенікі жөн, — деп гулесіп кетті жұрт. — Ленин әділ бөлейік десе — болу керек.
Бізге біраз күн мұрсат бер, кеңесейік те өз тоқтауымызды айтайық...
Бұдан кейін Садық өзінің түрмеде болғанын, Сібірде айдауда жүргенін, 1916-жылғы қазақ
көтерілісі жайлы байыппен айтып берді. Өзінің орыс жолдастары туралы жылы лебіз
білдірді.
Мен әкемнің тізесіне жантайып,
демімді ішке тартып, үнсіз ұйып тыңдап отырмын.
Алайда бала қиялым барлық жайды толық түсінбей, әңгіменің оқиғалы жағына ойыса
берді.
Мен Садықты екінші рет 1924-жылы мектепте оқып жүргенде көрдім.
Садықты үйіміздің қарсы алу мен шығарып салу сәті әлі күнге дейін есімнен кетпейді. Бұл
бір ең қызықты сәт еді. Осы кеште ағайым тамаша ұйымдастырушы атанып, содан бастап
үй тірлігінің тауқыметі өз қолына көшіп еді.
Жиналыстан кейінгі көкпар сияқты кеш бойы, түнімен
сол кездесуде Бірінші Май
құрметіне ән айтылып жүріп еді. Содан бастап бұл күн біздің ауылда дәстүрлі мерекеге
айналған болатын.
* * *
Көкем қыстаудағы шаруашылығына күнде барушы еді. Әлденені тындырып, түскі асқа
келіп қайтатын. Бүгін де түскі тамақтан кейін азғана мызғып алмақ болып жатқан.
Шаршап келген бе, лезде ұйықтап та кетті.