Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет105/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   144
Байланысты:
Ұшқан Ұя

Әдеби KZ 
— Немене, сен Аққұл, жыл сайын май сыйлығын алып тұрмақсың ғой? — деп 
қалжыңдайды Тоқмырза.— Жоқ, мен сен сияқты сараң емеспін, — деп Аққұл Садық 
берген қызыл жалаушаны қойнынан алды. — Мен бұл жалаушаны келесі Май мерекесіне 
дейін сақтаймын. Сонда көзге түскен жігітке тапсырамын. Соған дейін балаңа ат арқасын 
алдырмауды үйретесің. 
—Ау, әңгіменің шырқын бұзбасаңдаршы! Садық бізбен кеңесемін демеді ме. Айтарын 
айтып болсын да, — деп сөзге әкем араласты. 
— Иә, қадірлі ақсақалдар, мен сіздерден кеңес сұрамақпын... Сіздер өмір көрген, жақсы 
мен жаманды білетін тәжірибелі адамсыздар. Халыққа жаңа тұрмыстың жайын жақсырақ 
түсіндіруге көмектессеңіздер деп едім. 
— Ал сенің лау мінер милиционерлерің аттарды неге босқа зорықтырып жүр, — деп бұрқ 
ете қалды Аққұл. — Бас-көзге қарамай жануарды қамшымен төпеп бітеді. Сенің атыңа 
милиционер мінді дегенше, шаруасы бітті дей бер. Тепектетіп, шоқырақтатып титығын 
шығарады. 
— Қойшы осы, Аққұл, атың жайлы жауапты Садық әлдеқашан бермеді ме. 
— Менің қай жерде қалай сөйлейтінімді үйретпе маған, Момыш... Мен Садықтың 
орнында болсам, оларды әлдеқашан атып тастар едім... 
Жұрт күлкісін әрең басты. Садық Аққұлға жауап берді: 
— Ақа-ау, мен, әрине, милиционерді атпаймын. Өйткені ол біздің қолқанатымыз. 
Олай етуге рұқсат жоқ. Алайда кейбір ат қадірін білмейтіндерін қызметтен босатуға тура 
келер. 
— Иә, иә, Садықжан, — деп тебіреніп кетті Аққұл, — сөйтіп аттан түсіріп, жаяу салпақтатып 
қойшы бір. 


171 
Әдеби KZ 
— Солай етейін, Ақа, — деп күлді Садық, — Ақаң да, өзгелеріңіз де жақсы айтып,құнды 
пікірлер беріп отырсыздар. Біріншіден, бұдан былай Май мерекесін тойлап тұрамыз. 
Екіншіден, кейбір лау мінер милиционерлер халыққа зәбір көрсетеді екен — оларды 
ауыздықтау керек. Бүгін екі мәселені орынды шешуге жақсы кеңес бергендеріңіз үшін көп 
рахмет сіздерге құрметті ақсақалдар... 
— Айта бер, Садық, айта бер, — деп түйіле сөйледі Аққұл, — жақсы сөзіңді бөліп 
жағаласқанымыз үшін біз сияқты кәрі мылжыңдарды кешіре гөр. 
—Енді тағы да ақылдасып алар екі мәселе бар еді, — деді баяу үнмен Садық. — Бұл 
мәселені сіздердің көмектеріңсіз жалғыз шешуім қиынға соғып тұр... 
— Айта бер, Садық... 
— Менің барлығыңыздан жасым кіші, құрметті ақсақалдар. Мен сіздерге әке де, аға да 
емеспін. Бар болғаным інілеріңізбін. Айтайын дегенім — орыс адамдарымен ара 
қатынасымызды жақсартайық. Әлі күнге дейін біздің кейбір қызу қанды адамдарымыз 
ескі әдетпен орыстарды жек көреді, Базар болды дегенше, төбелес болды дей беріңіз... 
Немене сонда, Садық, енді жаңа заманда да басыңды ие бер демексің бе? Арқамды 
қамшысына баяғыдай қайта тілдір дейтін шығарсың? — деп ентіге сөйледі Аққұл. 
— Жоқ, жарқыным, Ленин «Барлық адамдар тең» дейді екен — ендеше орысыңның 
әкіреңдегендеріне қамшы түртіп қоймаймын. Менің сақалымды сыйлай алмағандарды 
мен де аямаспын. Оған ара тұрма, Садықжан...— Сен де оңып тұрған жоқсың-ау. Өзің де 
қазақтың қырт әкіреңбайы сияқтысың ғой, — дей беріп еді әкем. 
Сен, Момыш, өз үйіңде ақылшы болмай-ақ қой. Әлде менің кеткенімді қалап отырсың ба, 
— деп дауыстап жіберді Аққұл. 
Ақа, Ақа! — деді Садық жалбарынып. — Егер мені сыйласаңыз, отырыңыз. Келелі жайды 
сөз еткен екенбіз, ашуланбай, қызбаланбай әңгімелесейік те. 
— Аққұл, кешіре гөр, мен ретсіз сөз айтқан екем. Қой енді. Садықты тыңдайық,-деді әкем. 


172 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет