167
Әдеби KZ
серік боп, тұрсын лайым әмісе қуаныш көрік боп! Ұлы өмірдің
өзіндей жайнай берсін
жасымыз; енді қайғы көрмесін ақ қыраулы басымыз! Жаңа Садық айтқандай, (Садық
қызарып кетті) барлық халық тең болсын; бір-бірімен қауышқан дос-туысқан ел болсын!
Арандатқан адамды қаскүнемдер жойылсын;
мал-басымыз мол болып, ел ырысқа
тойынсын! Күніміз ұлысты болсын; жеріміз ырысты болсын! Өрісіміз малға бай дүбірлі
болсын; келіндеріміз жанға бай үбірлі-шүбірлі болсын! Ер жігіттің ту етер тұрағы болсын;
қанат беріп түлетер арғымағы болсын!..
Аққұл
ағам осылай ұзақ шұбыртып, батасының аяғын қалай аяқтарын білмей
қысылыңқырап та қалды.
Тап осы жерде жұрт та ду күліп жіберді де, Аққұл келте қайырып, «құдай қабыл қылсын!»
деп сақалын сипады.
Қойды қайта алып кетті. Аққұлдың діни әдеттерді ұстамайтынын жұрттың бәрі де білетін.
Сондықтан да оның батасы әдеттегіден тыс ерекше еді.
Садық Аққұлды көтермелеп, күлкісін тыя алмай қоштау сөз айтты:
— Жақсы айттыңыз, Ақа! Ізгі тілектің бәрін білдірдіңіз-ау.
Халыққа коммунистердің
тілейтіні де осындай жақсылық қой.
-— Сіздің осындай ақынжанды адам екеніңізге сеніп едік, Ақа, — деді біреу қалжыңдап.
— Ақындықтың рухы етек астында емес, ер үстінде болады, — деді Аққұл әлгі кісіге.
Шамасы оның әйелжанды адам екенін білетін болса керек.
Бәрі ду күлді.
— Әйтсе де біздің Ақаң тек ақынжанды адам ғана емес, саясатшы да ғой, — деді Садық.
Сөйтті де сөз арасында: — Біздің саясатымыздың өзі де халқымыздың қашаннан
жинақтаған ізгі тілектері ғой. Туысқандық пен достық бір-бірін құрметтеуден артық не бар.
Мәселен орыс халқын алайықшы. Қарапайым шаруа таңның атысынан күннің батысына