Әдеби KZ
Сол күйі әпкемнің тізгініне жармасты.
Кемпір лезде босап, еміреніп кетті де, иегі кемсеңдеп інісіне телміре қарап тұрып қалды.
«Айналайындар, алтындарым» дей береді.
Әкем де тізесі қалтырап, түк сөз айта алмай, Айша әпкемді қолтықтады.
— Аттан түсіңізші, әпке. Жол соғып, қажып қалмадың ба, айналайын қамқоршым менің.
Арқалап жүріп өсірген едің. Келші өзім қолтықтап түсірейін, — деді әкемнің дауысы
жарғышақтанып.
Інісінің мына сөзі кемпірдің жүйкесін тіптен босатып жіберсе керек, көзіне жас алған күйі,
әкемнің созған қолына аунай берді. Әкем ол кісіні көтерген күйі жерге түсірді де,
құшақтап жұбата бастады.
— Қойыңызшы әпке. Шаршап қаласыз ғой. Шүкір, аман көрістік. Неге сонша босайсыз,
үйге жүріңіз. Тынығыңызшы.
Келте мұрын, томпақ көз, сүйір иек, жұқа ерін ақ сұр кемпір бәсең үнмен інісіне жұбату
айтып тұр:
— Алтын апамнан айырылып жетімсіреп жүрмісің, құлыным?
Мына сөз манадан бері әрең шыдап тұрған көкемнің тығынын ағытып жіберсе керек,
еңкілдей жылап Айша әпкемнің кеудесіне басын сүйей берді.
— Қой енді, Айша. Басу айта ма десем, жасу айтып тұрғаның не? — деп сөзге екі беті
қарттай, аппақ сақ алды әдемі шал араласты. — Апам жарықтық жақсы адам еді ғой.
Топырағы торқа болсын, кім жаман көрінгенінен өлімге қиды дейсің. Тағдырдың жазғаны
сол шығар. Ағайындарыңды қайта-қайта жасыта беріп қайтесің? — деді әлгі шал бәріне
тоқтау айтып. Бұл Жантөре еді.
Шетте тұрған арық шал — Болат болатын. Ол да әпкеме:
203
Әдеби KZ
— Aпa, мұныңыз не, ауылдан шығарда, өзіме берік боламын деп уәде еткеніңіз қайда? —
дейді жымиып.
Жарау қара сәйгүліктің тізгінін ұстап күлімсіреп тұрған мұрынды, қияқ қасты, қысық көз,
қара торы, өрімдей көрікті жігіт Айшаның ұлы Асқар еді.Біз сияқты бала-шағаға көңіл
бөлуге кезек жетпей келгендер үлкендермен әлі шүйіркелесіп тұр. Тек амандық сұрасып,
әбден жайғасқан соң ғана әпкем айналасына көз салып еді. Әлгінде ғана әкемді жас
балаша аймалап, елжіреп тұрған көңілшек кемпірдің ойына енді түссем керек, қасына
шақырып алды да, маңдайымнан сипады. Тіл-көзден сақтасын деген ырымын істеп, жан-
жағына түкірінді де, әкеме тіл қатты.
— Сенің ұлың осы ма, Момыш? — деп сұрады. — Менің де тентек немерем өсіп келеді.
Аллаға шүкір.
Бүкіл ауыл «әпкелеп» жапырыла күткен кемпірдің тіптен атымды да ұмытып қалғанына
қатты өкпеледім. Қайта Болат көңіл жұбатар сөз айтты.
— Аманшылық болса, бұл әлі жігіттің төресі болар, — деді арқамнан қағып.
Әкем осынау қуанышты кездесудің әсерінен әлі арыла алмай отыр. Жантөре әпкем
екеуінің бүгінгі қылығын мысқылдап қояды. Болат сөзге оқта-текте қосылып әдеп сақтап
отыр. Асқар әлі аузын ашқан жоқ. Көкем қонақтардың қамын ойластырып сыртта жүр.
Шай алдында Айша әпкем өзімен келген қоржынын алдырып, аузын сөкті. Бала-шаға өрік,
мейізге қарық боп қалды. Әйелдерге көйлек әкеліпті. Көкем екеумізге кестелі тақия
кигізді. Әкеме қаракөл құлақшын тігіп әкеліпті. Жанына отырғызып алып, жас балаша
аузына өрік-мейізді тықпалай береді. Жиналғандар бұған ду күлісіп жатыр.
— Кемпір-ау мынауың не? — дейді Жантөре кеңкілдей күліп. Онан да балаларға
үлестірмеймісің, — дейді.
Әпкем жездеме:
204
Достарыңызбен бөлісу: |