205
Әдеби KZ
— Айша! — деп зілдене сөйлеген Жантөрені әпкем елеген де жоқ.
—
Құдай-ау, мен енді Айша емеспін, адасып қалған бейбақпын, — деп көзіне жас алды. —
Мына қарабет албастының әпкесімін ғой. Бетіме салық етіп жүрерсің. Осында қалдырып
кет енді, — деп ол қатпар-қатпар әжімді қолын көкем жаққа сілтеді. — Тьфу, тьфу, кәпір.
Бетің күйсін, жүзіқара.
Көкем аң-таң боп тұрып қапты. Кемпір онан сайын ашуланып барады.
— Құдай-ау, бүйткенше неге алмайсың мені? Кіндік кескен шаңырағымда отырып қас
масқара болғаным ба, шынымен? — деп өзін-өзі жерлей сөйледі. — Не жазып ем, тәңірім-
ау! Жоғал, жоғал көзіме көрінбей. Сен де бір шіріген жұмыртқасың, —
деп көкемді сұқ
қолымен түйрей нұсқады.
— Момынтай, бара қойшы, шырағым, — деді әкем түкке түсінбей аңырып тұрған көкеме.
— Әпкем мән-жайға түсінбей жатыр. Ашуына тие бермей-ақ далада жүре тұршы.
Көкем мойны салбырап сүйретіліп шыға берді.
Үлкен сыйлаудың ең биік үлгісін көрсеткендей еді көкем. Мен оны қатты аядым. Соңынан
еріп тысқа мен де шықтым.
Байғұс көкем аулада мең-зең болып, жүзі күңгірт тартып, ызадан жарылардай боп тұрды...
Кішінің күні осы екен ғой. Әжем Момынқұлға киюші еді. Серкебай нағашым келген сайын
қамшы үйіретін, тіптен әкем де бірде оны «ақымақ» деп ұрысқан. Ал бүгін мынау тәмпіш
кемпір апшысын қуырып алдынан қуып шықты. Көкеме қалай да қол ұшын беріп,
арқалаған ауыртпалығының, көтерген соққысының жарымын бөліскім де келеді.
Бірақ
көкемнің қасында, мен де кішімін ғой. Бірдеме деп зекіп тастаса қайтем. Көкем сонау
алыс көкжиекке мұңая қадалып қимылсыз тұра берді. Әлден соң менің қасында
тұрғанымды сезіп, жай ғана сөйледі.
—
Бара ғой, Бауыржан. Ішке кір, әкеңе шай құюға көмектес... Ішке кірсем, бәрі де үнсіз
шай ішіп отыр екен. Бір-біріне қарауға да қаймыққандай, кеседен бас алар емес.