Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет126/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   144
Байланысты:
Ұшқан Ұя

Әдеби KZ 
Әпкемнің жүзі қуқыл тартып кетіпті. Ашу үстінде босқа балағаттағанын білген соң, іштей 
қиналып отыр-ау, шамасы. Әйтеуір ыстық шайды үсті-үстіне өшіге ұрттайды. 
— Мәселенің мән жайын алдын ала неге түсіндіріп қоймайсың, — деп әпкем енді әкеме 
тиісе бастады. 
— Ойбай-ау, әпке. Аузымызды ашуға мұрша бермедіңіз ғой. 
— Мұның бәрі әзәзіл сөзге еріп, түсінбестікке ұрынғанның кесірі, Айша апа,— деді 
Аққұл күрсініп. — Өсек сөзге еріп қалдық қой... Келінім де бірбет еді. Кешіре алмады. Бұл 
оқиға өтірік болмаса, мына киелі шаңыраққа бас суғар ма едім. Кешірім сұрағандай келіп 
отырмын ғой. Ал, өзіме сол керек еді. Алжыған қақбаспын ғой,— деп Аққұл енді өзін 
кінәлай сөйледі. — Келінім кетіп қалды. Артынан адам жіберіп, алдына жығылып ек: 
«Мені аямаған, менің ұятымды ойламаған, арымды аяққа таптаған үйге енді бас сұға 
алмаспын», — деп қайтарыпты.— Сендер әйел баласын аяусыз қорлапсыңдар, 
қатыгездікпен қаралапсыңдар, Аққұл,— деді Айша әпкем енді солай бұрылып. — Әйелді 
қорлау үшін көп ақылдың керегі жоқ. Бәріміз де өсек сөз бен әзәзіл отқа күйіп кетуіміз 
мүмкін. Сен кәрі төбетке не жоқ, қалайша жерге кірмей, тірі жүрсің? Өз қолыңмен 
келініңді қуып тынған қу томар екенсің ғой. 
Әпкем Аққұлды жеп жіберердей шүйлікті. Аққұл болса тауы шағылып, маңдайы тасқа тиіп, 
әбден сүлесоқ болған кісідей тұнжырап отыра берді. 
— Мені алжастырып жіберді ғой, Айша апа. Ашу үстінде ақылдан айрылып қалғанымды 
кейін білдім. 
—Ал енді өз қотырыңды өзің қасып мәз болған шығарсың, — деп кемпір улы тілімен 
шағып алды. — Бейбақ болған баласың ғой, әншейін. 
Алпыстағы «бала» әпкесінің ұрысқанына ләм дей алмай, үнсіз шайын ұрттап, кесе түбін 
тықырлата берді. 


207 
Әдеби KZ 
— Бишара Момынқұл айналайынды жерден алып, жерге салғандай ұрыстым ғой мен 
алжыған. Сонда да аузын ашпады ғой, мың болғыр шырағым, — деп Айша әпкем енді 
көкемді аяп көзіне жас алды. — Әдеп көрген бала емес пе, алдымда қарсы тұрмады ғой. 
Сүт кенжеміз емес пе? Еркелетіп әлдилеудің орнына, ал кеп төпелейміз. Сонда да мыңқ 
етсейші, шырағым. Көзі жәудіреп, аңтарылып тұрғаннан басқа не біледі, күнім. 
Айша әпкем енді шындап жылай бастады. — Шешемнің сүт кенжесін суға тиген мысықтай 
түртпектегенім не менің! Алжыған басым «үйден шық!» деп зекігенімде, үнсіз томпаңдап 
шыға берді ғой, шырағым. 
— Қой, енді, сонша термелеп не көрінді саған? — деп Жантөре қатқылдау айтты. — Өзің 
ұрысып, өзің жыладың. Ешкім бетіңе келген жоқ. Енді тағы да өзіңді-өзің кінәлап жасқа 
булығып отырғаның. Аздап ұялсаңшы. 
— Сен өйтіп білгірсіме, былай! Бұл үйде мен сенің қатының емеспін! — деп ықылықтады 
әпкем. — Өзімнің кіндік кескен шаңырағымда, ата-анамның құтқана мешітінде сен өйтіп 
қожаңдама. Төркінімде мен саған қатын емес, «қалыңдығыңмын». 
Соны да білмеймісің. 
Осыны айтқанда, үйдің іші ду күлісті. Тіпті Асқардың өзі ішін ұстап, домалап жатыр. 
— Әдепті күйеу болып жөніңе отырсаңшы, — деді әпкем тағы да елді күлдіріп. 
Жантөре тізесін алақанымен салып қалды да, жинақы қозғалып, жүрелеп отыра кетті. — 
Міне, ақылыңнан айналайын кемпірім-ау, баяғыдан сөйтпеймісің, — деді де лезде даусын 
өзгертіп, ұялшақ жігіт болып сөйледі. — Не деген көрікті едіңіз? Үйдің ішін нұрландырып 
тұрған сіздің ажарыңыз ғой! Жұрттың бәрін бұлбұл үніңізбен баурап алдыңыз. Қашанғы 
сайрар екенсіз, Айша? — деп әзілмен бастаған сөзін қатқыл үнмен аяқтады, — Өзіңді 
аямасаң да, мына жиналған ағайындарды аясаңшы. 
Осы кезде үйге көкем кірген. Үйдегілердің әңгімесіне сырттан құлақ тосып тұрса керек. 


208 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет