Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет88/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   144
Байланысты:
Ұшқан Ұя

Әдеби KZ 
Нағыз қайрат кезінде, 
От ойнаған көзінде 
Басқан жері ойылған, 
Сақтанып жүр дойырдан. 
Тас мүсіндей таймаған 
Осы сенің қайнағаң. 
Бітімі де ерекше. 
Сәлем салшы, бөлекше, — дегенде Үбиан иілді. Жұрт бір-бірін шымшылап, бір-бірінің 
санын соққылап, әйелдер жағы беттерін шымшылап мәз. 
Жартыбай судан тұншығып шыққандай енді қыбырлады. Өтепке қызарақтай қарады да: 
— Ой, у жеген ит-ай, ақыры сол уыңды құсып тындың ба?.. Келіннен ұят болды-ау, — дей 
берді. 
Тағы бір құрдасының лыпылдаған мінезін мінеп, Өтеп ащы тілмен түйреп алды. 
Елпілдеген құрақтай, 
Көлкілдеген сынаптай. 
Ешкі ішінде шұнақтай 
Анау тұрған жылтырға 
Сәлем салшы сұратпай. 
Жұрт риза болып қол соғып жатыр. 
Өтеп енді екі жастың татулығын айтып, өмірде сыйласып өтіңдер деген өсиетті айтып 
кетті. Әрі ағалық ақылын, әрі ауылдың артқан міндеті осы деп айтты. 


138 
Әдеби KZ 
Қаптың аузы бос тұр деп, 
Құрт ұрлама, келіншек. 
Өзің жатып байыңды. 
Тұр-тұрлама, келіншек. 
Бір нәрсеге керісіп, 
Сұңқылдама, келіншек. 
Ер атағын ескермей, 
Еріңе сен дec бермей, 
Әрбір сөзін өш көрмей, 
Ерте кетіп, кеш келмей, 
Ынтымақта бол дейін. 
Ата жолы сол дейін, 
Өсиетті ұмытсаң, 
Жарық сенің қор дейін... 
Осы тұсқа келгенде жұрт ішінен бір кемпір: 
— Айналайын-ай, ел көкейін тауып айтып отыр ғой, көп жасағыр, — дей берді. Өтеп 
термесін жалғастырып отыр: 
Ал, ағайын, ал дейін 
Келініңіз бал дейін. 
Бет ашайын тап қазір 
Көрер көрік бар дейін. 


139 
Әдеби KZ 
Оған дейін, шырағым, 
Маған сәлем сал дейін. 
Өтеп осы тұста әпкемнің басындағы төгіліп тұрған сәлкеш орамалын, қолындағы оқтаудың 
ұшымен іліп алып көтеріп тастады. Жұрт жамырап бата бере бастады. Үбиан әпкем иіліп 
сәлем салып тұр. 
— Көп жаса, балам. 
— Алдыңнан жарылқасын. 
— Ізетіңе ризамыз. 
— Әмісе солай бол, шырағым! 
— Үлкенді сыйлаған қор болмас! 
— Босағаң құтты болсын. 
— Етегіңе бала жармассын. 
— Еліңнің сүйіктісі бол. 
Ел осылайша дүркіресіп отырғанда, Өтеп алдына жиналған ақшаларды жиып алып 
сытылып шығып бара жатқан. Бес-алты құрдасы қуа жөнелді. 
— Ә, қу, бізді құралақан қалдырмақпысың?— Тәбәрік болсын, бізге де бірдеме бер. 
— Мынауың ырымға жаман ғой. 
— Біз де саған тілеулес боп отырдық қой, — десіп сыртта Өтепті ортаға алып жатыр. 
Анау құтылмасын білді-ау деймін, үлестіріп тынған сияқты. 
Осылайша отқа май құйылып, Үбиан да ошақ иесі болып шыға келді. Келіндерін ел оң 
босағаға жайғастырып, жаңадан дастарқан жая бастады. 


140 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет