136
Әдеби KZ
Ауылымыздың данасы,
Үлкен қайнағаңа бір сәлем.
Майлыбайдың үлкен ұлы көтеріліп қалды:
— Е,
бар болғыр, бар бол, — деді Өтепке шын ризашылықпен. Ауылының бетке ұстар
пысығы болса керек, Өтеп бір қияқ мұртты кісіні асыра мақтады:
Даңқы елден ары асқан,
Парқы көкпен таласқан..
Елдің көркі Ерболдай
Ағалармен жарасқан, — деді.
Ортаншы ұлы Жартыбай Өтеппен құрдас екен. Қурайдай қышқиған.
арық бойы сидиып
ебедейсіз қозғалады. Жағына пышақ жанығандай, сүйектері шодырайып, ұрты үңірейіп
тұр. Әр жерден үрке шыққан сирек шашы едірейіп, кірпінің түгіндей тікірейеді. Бір шөкім
сақалы әйтеуір сақал бар деген атқа иеленіп, иегінің ұшында шоғырлана қалыпты. Мұрны
да таңқыш екен. Өтеп бір адамның басындағы осынша мінді майда әзілмен түртпектеп
керісінше келтіріп отыр. Жұрттың күлкісін тоқтату қиын. Бірі көзін уқалап, бірі ішін басып,
енді бірі аспанға қарай шалқалап күлкіден ақтарылып жатыр. Жартыбай болса бүріскен
торғайдай әркімге бір жалтақтап, қызарақтай береді.
Жау жыққандай қаһарлы,
Жарты құлаш сақалды.
Бұйра шашы ұйысқан.
Сом денесі — құрыштан.
Нар санындай білекті,
Нақ арыстан жүректі.