Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет86/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   144
Байланысты:
Ұшқан Ұя

Әдеби KZ 
Көркі қандай жайнаған, 
Көрімдікті көп алмай 
Құр қалам ба пайдадан, — дегенде енді ел жалына бастады: 
— Айналайын Өтепжан, нысап сайын береке. 
— Келінімізді алдымен көрсетші өзі, қарыздансақ та көрімдігімен құтылармыз. Сонда 
барып Өтеп демін терең алды да: 
— Э-э-э-эй! — деп үй ішін тағы дүр сілкіндіріп алды. Енді өз елін Үбианға таныстырып 
сайрап жөнелді. 
Бұлақтары жосылған, 
Ұрандары қосылған. 
Үміт күткен досынан 
Біздің ауыл осы маң. 
Үбиан иіліп тағзым етті. Өтеп енді термелей әпкеме ұзақ өсиет айта бастады: 
Үлкендердің алдында, 
Тайраңдама, келіншек. 
Жөн-жосықсыз желігіп 
Сайраңдама, келіншек, 
От басына барғанда, 
Отырып алма, келіншек, 
Су басына барғанда 
Сумаңдама, келіншек. 


133 
Әдеби KZ 
Бозбала көз салғанда 
Қунаңдама келіншек. 
Қонақ келсе қорсылдап 
Баланы ұрма, келіншек. 
Енелерге торсылдап, 
Жала қума келіншек. 
Ұрыс-дауға үймелеп, 
Үйір болма, келіншек 
Көрінгенді кимелеп, 
Сүйір болма, келіншек. 
Қайта-қайта қазбалап, 
Шиыр болма, келіншек 
Ағайынды мазалап 
Қиыр болма, келіншек. 
— Ой, айналайын-ай! 
— Көмейіңнен айналдым, жезтаңдайым! 
— Саған берген алтын да арзан шығар, — десіп ел ерекше серпіліп, дауылдасып кетті. 
Соны басқысы келгендей Өтеп құйқылжыта берді. Сол әлгі сарыны: 
Өнегенің ортасы, 
Тұрақ болсын, келіншек, 


134 
Әдеби KZ 
Жақсылығың таусылмас 
Бұлақ болсын, келіншек. 
Бала-шағаң басыңа, 
Шырақ болсын, келіншек. 
Ұсақ болмай мінезің 
Ірі-ақ болсын, келіншек. 
Бұл ауылға қашанда, 
Үлгілі бол, келіншек. 
Ізет-құрмет дегеннің 
Білгірі бол, келіншек. 
Сыйласуға келгенде, 
Дүлділі бол, келіншек, 
Тірлігіңде өмірден, 
Кемдік көрме, келіншек. 
Жамандыққа ешқашан, 
Теңдік берме, келіншек. 
Ел ұйып тыңдап, ауыздарын ашып қалыпты. Әжеме қарасам, көзін сүртіп отыр екен. 
Өтептің сөздеріне риза болып тебіреніп кетсе керек. 
Бұл екі арада Өтеп ел жақсыларын, ауылдың абыройлы адамдарын таныстыруға көшкен 
еді. Солардың атын атап, Үбианға арнайы сәлем салдырмақ. 


135 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет