Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет84/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   144
Байланысты:
Ұшқан Ұя

Әдеби KZ 
— Иә, жеңеше, бұған да шүкір. Біз екеуміздің соңғы қызығымыз осы шығар, бәлкім, — деп 
Майлыбай кәрілігін мойындай сөйледі.— Жо-жоқ, жаман сөзді жаман адам ауызға алады 
деуші еді. Айта көрме, қара жігіт. 
Мен әлі талай тойды көріп, талай қызыққа куә болам. Асықсаң өзің бара бер ол жағыңа, — 
деп күлді әлгі кемпір. 
— Бес ұл, он бес немере сүйіпсің. Не арманың бар. Енді ол дүниеге ойланбай аттана 
берсең де болады. Әйтпесе жұмақтың төрінде жарықтық әке-шешең алаңдап отырған 
шығар, — деп қалжыңдады тағы бір кемпір. 
— Аллаға шүкір, — дейді Майлыбай сақалын салалап, — Алланың мұнысына тоба. 
Баладан да, бақтан да тарықтырмапты. Асарымызды асап, жасарымызды жасап болған 
шақта балаларымның алдында алса, тәңірге ризамын. Бірақ мынау кенже келінімнен — 
Момыштың қызынан бір перзент иіскегенше асықпаңдаршы тым болмаса, — деп 
жалбарынғандай сөйлейді. 
— Болды, болды! Немене сонша, бізді нақ бір жан алғандай көріп жалынғаның. 
Тілеуіңе жет. Бір емес, бірнеше немере сүй, лайым. 
Кейін ес білгенде аңғарсам, осынау кәриялар өлімнен қорықпай, қайта оны әзілге 
айналдырып, керемет ұстамдылық, батылдық жасап отыр екен ғой!.. 
Майлыбайдың үйі сегіз қанат екен. Кереге, уықтары сүйекше жылтырап, әбден мүйізденіп 
бітіпті. Басқұр, уық, баулар үзік-үзік болса да, бояуы оңа бастаған өрнектері көз тартады. 
Кезінде керемет шебер жасалған үй екені көрініп тұр. 
Тыста абыр-сабыр үдеп барады. Біздің ауылдағыдай мұнда да әр үйдің алдында самауыр 
қайнап, ошақтың түтіндері аспанға будақтайды. Жұрт беташар мен некеқияр қызығын 
күтіп тағатсыз торуылдайды. 


129 
Әдеби KZ 
Майлыбай мен әжемнің ортасында ақ сәлделі жирен молда отыр. Кірпігін сүрмелеп 
алыпты. Бәрі соны «тақсыр» деп тәжім етеді. Ол ауыл адамдарының кез келгенін 
«жұртым» деп кішірейтіп айтады. Оны пір санайды екен. 
Бірақ дәл бүгін елдің бәрі өзге қызықты аңдып, өзге біреуге табынғалы отырғандай 
сезіледі. 
Айтқандай-ақ жұрт: 
— Өтеп келді, Өтеп келді, — десіп шу ете қалды. Ішке орта бойлы, тығыншықтай келбетті 
кісі кірді. Жұрт жабыла қолтықтап ортадан орын ұсынып жатыр. Ол өзгелерден ерекше, 
биіктеу көпшікке келіп жайғасты. Өтептің қақпақтай кең жауырыны мені көлегейлей 
берген соң, мен әжемнің иығына сүйеніп тұрып, қызыққа көз салдым. 
Бір әйел қызыл шоқ салған таба әкеліп Өтептің алдына қойды. Өтеп болса, екі жеңін 
түрініп, шоққа алақанын қыздырды да, қолын созды. Сол кезде оның оң қолына оқтау 
ұстатты. Оқтаудың басына шеті түйілген орамал байлапты. 
Өтеп иек қағып еді, үлкен үйдің есігі ашылды. Ішке екі келіншек қолтықтаған Үбиан әпкем 
кіріп келеді екен. Басына төгілтіп орамал бүркепті. Әлгі екі келіншек босағадан аттай бере 
иіліп сәлем берді. Әпкем соны қайталады. 
— Қадамың құтты болсын, қарағым! Үлкен босағадан, киелі босағадан аттадың. Атаңа 
құрмет көрсет, — деді отқа жақын отырған бір кемпір. 
Әпкем иіліп сәлем салды. Сонан соң екі қадам жасады да, Өтептің алдына келіп тұрды. 
Бүркеншектің шашағы жер сызып, әпкемнің аяғына дейін көміп тұр.Кенет Өтеп даусын бір 
кенеп алды да әндете жөнелді. 
— Э-э-э-эй!— дегенде үйдің іші қыбыр етпей тына қалды. Өтеп тақпақтай жөнелді. 
Келін-келін келіп тұр. 
Келіп үйге еніп тұр 


130 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет