159
Әдеби KZ
—
Қадірлі ақсақалдар, сіздерден рұқсат болса, бір-екі ауыз сөз бастайын, — деді ол
қарттарға қарай.
— Айта бер, Садық, айта бер! — деді қарттар бір дауыспен.
— Қадірменді қарттар,
менің құрбы-құрдастарым, жас жігіттер, сеңдер де, боз балалар,
сендер де, құрметті әйелдер, сіздер де, — деді ол баршаға сөзін арнап. — Бүгін бізде
көктем күні, жер бетіне қуаныш нұрын төккен күні. Бұл көктем кімді қуантпайды?
Кімді тебірентпейді? Шуақты күн жерімізге нұрын төгіп, бойымызды жадыратады. Дәл
осындай табиғат түрленіп, құлпыра бастайтын көктемнің күнінде, бұдан отыз бес жыл
бұрын жұмысшылар мен жер бетінің еңбеккерлері бұл күнді еңбектің,
бостандықтың,
достық пен туысқандықтың мерекесі деп әлемге әйгіледі...
Әңгімесін осылай бастаған Садық Бірінші Май мерекесінің мәні мен мақсатын, оның
шаттығы мен шалқыған шабытын, еліміздегі жағдай мен жер бетіндегі басқа елдер
халқының Май мейрамын қалай қарсы алатынын қарапайым қазақтың жалпақ тілімен
жиналғандарға баяндап берді.
Ұлы көсемнің ұлылығын, Ленинді неліктен данышпан
дейтінімізді де ұғындырды, жиналғандардың жүрегіне ұялата білді, халықтар достығы
мен туысқандығы
жайлы тебірене толғап, революцияның қазақ даласына әкелген
шарапаты мен шапағатын айтты.
Жұрт сілтідей тынып, үнсіз бас шұлғып қалыпты. Садық олардың бәрін жылы лебізбен
ұйытып тербете түсетін сияқты...
— Бақытты деп ерікті адамды ғана айтамыз! Біздің бар халқымызға большевиктердің
тілейтіні
осы бақыт, осы еркіндік, — деді ол сөз соңында. Өз сөзін аяқтағанда ұйып
отырған жұрт дүр сілкінгендей лезде гулеп кетті.
— Дұрыс айттың, Садықжан!
— Мерекеге мерейлі мезгілді таңдаған екен!
— Ақылды шешім!