Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет100/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   144
Байланысты:
Ұшқан Ұя

Әдеби KZ 
Садық жұртты тағы бір шолып өтті. 
— Мен сіздерге үлкен жұмыспен келіп едім. Оны кейін айтармын. Ал бүгін Бірінші 
Майды мейрамдайық. 
— Көкпар тартамыз! — деп дауыстап қалды Аққұл.— Көкпар! Көкпар, — деп даурықты 
жастар жағы. 
Садық жадырай күлді де, қолын сермеді. Не дер екен дегендей ел жым болды. 
— Көкпар десеңіздер, қалауларыңыз болсын, —деп кесіп айтты Садық. Қайтадан жадырап 
күлді. «Көкпар» деген жалғыз сөз топ ішін кезіп, әркімді елеңдетіп бітіп еді. 
Садықтың алдында жұрттың бәрі әдеп сақтап жүр. Тіптен кейбір содырлау 
милиционерлердің өздері де, қыңыр сөзге қылыштай өткір «ат өнерінің ерен жүйрігі» 
Аққұлдың өзі де бір сүйем шөгіп кеткендей өздерін шектен шығармай, әдеп сақтап жүр. 
Көкпарға жиналғандар қарақұрым боп қаптап жүр. Ел мұны мереке құрметіне Май 
көкпары деп атап еді. 
Қой бастаған серкедей Аққұл елден ерекше көрінеді. Оның осынау тұлғасы мен тұрқы 
ойынды дәстүр шеңберінен шығармауға мойындататын еді. 
Дүркіреген ат шоғыры құйынша құйғытып тақтайдай тегіс жердің бұйра шаңын көтеріп, 
көкпарды ортаға ала жөнелді. 
Аққұлдан басқа қарттар Садықты қоршап, әрі көрермен, әрі төреші болғандай тамашалап 
тұр. Олардың ортасында менің әкем де бар. — Біздер, большевиктер, әркімнің көңілі шат, 
өмірі дарқан, қуанышты болуын қалаймыз. Жер бетінде жаман халық жоқ, сол халықтың 
кейбір жаман адамдары болуы мүмкін. Бірақ ондайлар ұлы теңіздің ұсақ тамшысындай-
ақ. 
Халық деген қадірмен қауым, әлуетті қауым, әулие қауым. Біздің әрқайсымыз өлімнен 
қашып құтыла алмаймыз. Ал халық мәңгі жасамақ... Біздер, большевиктер, сол жасампаз 


161 
Әдеби KZ 
халықтың даналығына сенеміз. «Жастығымда еңбек бер, қартайғанда дәулет бер» деген 
сез бар. Сол айтқандай, жастарымыз еңбек пен тұрмыста жандары өссін. Ал қарттарымыз 
ақ сақалды, сары тісті жасқа толып, дәулет рахатын көрсін. Әркім өз еңбегінің, өз ісінің 
жемісін көріп, әркім аты мен абыройына лайық жас ұрпақты тәрбиелеп өсірсе дейміз. Өз 
қауымының, өз ауылының, өз елінің, өз жерінің мақтаны болатын жеткіншек 
тәрбиелесеңіздер екен дейміз. Біз ұл-қыздарымыз бен немерелеріміз өздерінің әкелері 
мен бабаларының әлуетті ісіне, олардың күресі мен табысына, салып берген жолына 
мақтанса, соларға еліктеп өссе дейміз. Ал ата-аналарымыз сондай салауат иесі боп өсіп 
келе жатқан ұл-қыздарына сүйсінсе дейміз. Өздерінің жақсы ісін, жарқын дәстүрін, 
саналы салтын ту етіп ұстап, түзу жолмен келе жатқан мұрагерлеріне мақтанса дейміз. 
Біздің ұрпақ адамзаттың ізгілігі мен инабаттылығын, олардың әділдігін бағалай беретін 
байыпты азамат болса дейміз! 
Сондықтан да біз достық пен теңдіктің, туысқандықтың туын көтереміз! Адамзаттың адал 
еңбегін бағалай білейік!.. 
Біздің жауларымыз осындай адал ниетімізді көре алмай өсек өрбітіп, қиянат қылышын 
жалаңдатады. Біздерге, адамның бақытына балта шабушы деп жала жабады. Өкінішке 
орай, біздің арамызда да осындай өсекке елігіп, жалаға алданып, жау қиянатына бас 
шұлғитын, санасы жетпегендер кездеседі. Ондайлар түзу жолдың көшіне, Ленин салған 
тура жолдың даңғылына, оның жолаушыларына оралғы, кедергі болады. Қисық арба 
қыңыр тартады дегендей, тең басқан аяғымызға байлау болады. Біз осыдан сақтанып, 
ондай адасқандарды ақиқат алаңына апаруға көмектесейік. Жоқ! Біз әр халықтың игі 
салты, жақсы дәстүрі, ел мақтаны болатын елеулі ғұрпы гүлдене берсін дейміз. 
Садық бұл әңгімелерді көкпарға көз алмай қызыға қарап тұрып, қарттарға жай ғана айтып 
беріп еді. Енді мен әкемнің атына мінгескен болатынмын. Өйткені ағайым көкпар 
десеарқасы қозып, жұлқынып шыға келетін. Бұл жолы да түрленіп. желігіп алды. Ауылдан 
шығардағы өкпем әлі тарқар емес. Жеке ат мінбей, біреудің желкесіне үңіліп отырғаным 
жаныма батады. Дегенмен қарттармен бірге Садық тобында болып, олардың әңгімесін 
есіткеніме қуанып отырмын. 


162 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет