Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет102/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   144
Байланысты:
Ұшқан Ұя

Әдеби KZ 
— Құдайға шүкір, Бақтияр әулеті аз емеспіз. Мал-мүлкіміз, қазан-ошағымыз бөлініп көрген 
емес. Қанша қонақ болса да, көтерер шамамыз бар. 
Шынында да, Бақтияр әулеті біраз едік. Жетпіс жаны бар он төрт отау болатын. Садық 
Абланов пен оның жанындағы жиырма шақты жолдастарын күтіп алу ешбір қиындыққа 
түспейтінін мен де сезіп тұрмын. 
Садық ортада келеді. Екі жағында ентелеген аттылы кісілер қоршап алыпты. Садықтың әр 
лебізіне құлақ тосып, құныға тыңдайды. 
Күн Құлан тауының тасасына тығылып, айналаны іңір қараңғысы тамшалап алып еді. Мен 
күні бойы ат соңында мінгесіп жүргендіктен бе, шаршағанымды әрең жеңіп келемін. Ат 
жайлы жүрістен ауып, шоқыраққа басқанда, жауыр болғанымды аңғардым. 
Осынау тымық кеште ауыл ошақтарынан шыққан түтін қаздай қалқып аспанға өрлеп 
барады. Қораларға жайылымнан қайтқан малдар да жайғасып үлгерген екен. 
Алыста үйірін шыр айналып, жалын жалбыратып боз айғыр жүр. Ауыл жақтан тәтті астың 
исі келіп, танауды қытықтайды. Балқыған бауырсақ, үлкен қазандағы былқыған ет иісі 
сияқты. Самауырдың қошқыл түтіні де тік көтеріліп, соның арасынан ұшқындар 
жылтылдайды. 
Қонақты қарсы алуға шыққан ауылдың ер кісілері үй сыртында топ-топ болып байсалды 
тұр. Әйелдер үй арасында жүгіріп, абыржып жүр. 
Қонақтар жақындай бергенде, ауыл адамдары лап қойды. 
Әрқайсысы ат тізгінін ұстап, қонақтарды қолтығынан сүйеп түсіріп жатыр. Енді бірі аттарды 
жетектеп кетіп жатыр. Күні бойы ер үстінде отырып, езіліп қалған сандарын жазу үшін 
кейбіреулер аяқтарын әрең басып, ары-бері жүр. 
— Қош келіпсің, Садықжан, менің түңлігім осы болады, — деп әкем қонақты үйге қарай 
бастады. 


165 
Әдеби KZ 
— Шаңырағыңыздан шаттық кетпесін, Момеке, — деді Садық ақсақалдарға жол беріп 
тұрып. 
Алдына бес-алты ақсақалды салып, Садықтың өзі де босағадан аттады. 
Оның қазақ даласында қалыптасқан ежелгі әдет-ғұрыпты ізетпен сақтағаны жиналған 
жұртқа ерекше әсер етіп еді. Енді бәрі де оны бауыр тартып, жанына жақын тұтып 
алды.Қалған қонақтарды да үйді-үйге жайғастырды. Мен де елдің соңын ала өз үйіме 
жүгіріп кіріп, босағада аңырып тұрып қаппын: қарасам үй іші танымастай өзгеріп, жайнап 
кетіпті. 
Басқа үйге кіргендей танымай да қалдым. 
Ағайым маған көзін алартып: - Әй, Бауыржан, үлкен үйге бар! — деп қақпайлай берді. 
— Бұл сіздің мұрагеріңіз бе, Момеке! — деді Садық, маған жымия көз тастап. 
— Иә, менің ұлым, Садықжан, — деді әкем. 
— Бізбен бірге отыра берсін, — деді Садық жылы жүзбен ағайға тіл қатып. — Бұл жігітті 
ортамыздан қуып жібергеніміз жараспас. Оның үстіне күні бойы қасымызда жүрмеді ме? 
Осылайша Садық мені ағамның қақпанынан қорғап қалды. 
Мен үйді енді жақсылап көре бастадым. Құлпырған жасау көз жауын алады. Еденге көл- 
көсір етіп кілем төселіпті. Кілем үстінде жалт-жұлт еткен шәйі көрпелер жайылған. 
Жағалай жастық қойылыпты. Жарқырауық шыныаяқтар бір қанаттан орын алған екен. 
Киіз үйдің ортасында аспалы шам нұрын төгеді. Жап-жарық. Мен әр кілемнің нақысынан, 
әр заттың белгісінен қайсысының қай үйден келгенін байқап отырмын. 
Намысқой ағайым бар ауылдың іліп аларын осында жинап әкеліп, үй ішін жайнатып 
тастаған екен. Мына жасау біздің үйді ең тұрмыстылар қатарына қосқан сияқты. Ауылдың 
ауызға алар бақуаттысы болып шыға келген түріміз бар. 


166 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет