Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет103/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   144
Байланысты:
Ұшқан Ұя

Әдеби KZ 
Қонақтар көсіліп-көсіліп жайғасып жатыр. 
Мақтаншақ ағайым өзінің бүгінгі тірлігіне мәз болып, әкем жақтан құптау белгісін көргісі 
келгендей жалтақтап қояды. 
Ол ауыл жігіттерінің бәрін кісі күтуге ұйымдастырған екен. Алдымен біреуі қонақтың 
қолдарына су құйды; екіншісі дастарқан жайып жатыр; біреуі бауырсақ төксе, енді бірі 
торсықты әкелді. Тағы бірі қымыз құйған кеселерді таратып тұр. Әр жігіт өз қызметін 
мүлтіксіз атқарып, болғандары аяғының ұшымен басып, үнсіз шығып жатыр. 
Қонақтар алдымен қымыз ішіп сусындап алды. Қымыз үстінде бүгінгі Май мерекесі 
жайлы, қызықты көкпар жайлы әңгіме шертісті. 
Садық Абланов өзінің ескертпелерін айта отырып, соңғы сөзін бас төреші Аққұлға берді. 
Аққұлдың төбесі көкке жеткендей маңғазданып алды. 
Аққұл қарттың алдында менің ағам сөзге ретсіз араласып, бір-екі ескертпесін айтып еді
әкем ала көзімен ата қарады. Мұны көрген ағайым сьгртқа шыға жөнелді. Біраздан кейін 
ол ақ қой жетектеп келіп, ақсақалдардың алдында бата сұрады. 
— Аумин! 
Қарттар тіксіне қалып, большевик Садыққа қысыла көз тастады. Абыржып қалған сияқты. 
Өйткені бұрын келген қонақтар батаны діни әдеп деп, ескінің қалдығы деп рұқсат 
етпейтін. 
Мұны сезген Садық мұртынан күліп, алақанын жайды: 
— Ақа, сіздің жолыңыз үлкен ғой. Қонақжай үйге қол жайып, жақсы тілегіңізді беріңіз. 
Бәріміз де естиік, — деді.Аққұл бір сәтке ойланып қалып еді, бірақ абыржымай алақанын 
жайды да әндете жөнелді. 
— О, жаратқан нем! Алдымен атыңды атап жалбарынам. Бүгінгідей ашық күн жайнай 
берсін көгімде. Осы күннің астында гүлдей берсін елім де! Жүрсін лайым әмісе бақыт қана 


167 
Әдеби KZ 
серік боп, тұрсын лайым әмісе қуаныш көрік боп! Ұлы өмірдің өзіндей жайнай берсін 
жасымыз; енді қайғы көрмесін ақ қыраулы басымыз! Жаңа Садық айтқандай, (Садық 
қызарып кетті) барлық халық тең болсын; бір-бірімен қауышқан дос-туысқан ел болсын! 
Арандатқан адамды қаскүнемдер жойылсын; мал-басымыз мол болып, ел ырысқа 
тойынсын! Күніміз ұлысты болсын; жеріміз ырысты болсын! Өрісіміз малға бай дүбірлі 
болсын; келіндеріміз жанға бай үбірлі-шүбірлі болсын! Ер жігіттің ту етер тұрағы болсын; 
қанат беріп түлетер арғымағы болсын!.. 
Аққұл ағам осылай ұзақ шұбыртып, батасының аяғын қалай аяқтарын білмей 
қысылыңқырап та қалды. 
Тап осы жерде жұрт та ду күліп жіберді де, Аққұл келте қайырып, «құдай қабыл қылсын!» 
деп сақалын сипады. 
Қойды қайта алып кетті. Аққұлдың діни әдеттерді ұстамайтынын жұрттың бәрі де білетін. 
Сондықтан да оның батасы әдеттегіден тыс ерекше еді. 
Садық Аққұлды көтермелеп, күлкісін тыя алмай қоштау сөз айтты: 
— Жақсы айттыңыз, Ақа! Ізгі тілектің бәрін білдірдіңіз-ау. Халыққа коммунистердің 
тілейтіні де осындай жақсылық қой. 
-— Сіздің осындай ақынжанды адам екеніңізге сеніп едік, Ақа, — деді біреу қалжыңдап. 
— Ақындықтың рухы етек астында емес, ер үстінде болады, — деді Аққұл әлгі кісіге. 
Шамасы оның әйелжанды адам екенін білетін болса керек. 
Бәрі ду күлді. 
— Әйтсе де біздің Ақаң тек ақынжанды адам ғана емес, саясатшы да ғой, — деді Садық. 
Сөйтті де сөз арасында: — Біздің саясатымыздың өзі де халқымыздың қашаннан 
жинақтаған ізгі тілектері ғой. Туысқандық пен достық бір-бірін құрметтеуден артық не бар. 
Мәселен орыс халқын алайықшы. Қарапайым шаруа таңның атысынан күннің батысына 


168 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет