169
Әдеби KZ
— О не дегеніңіз, о не дегеніңіз, Ақа! Әділ сөзді қақпайлағаныңыз қалай?
— Ленин дінге сенер ме екен, әлде жоқ па? — деді әлгі батыл кісі.
— Мен өзім Ленинді көргенім жоқ. Ал Ленинді менен жақсы білетіндер көсеміміз әділ де,
турашыл адам дейді. Дінді қайдам, халыққа әбден сенетін кісі.
Сондықтан да қалың ел
соңынан ерді емес пе.
Садық аздап езу тартты да сөзін жалғастырды: — Ал өз ағам туралы не айтамын, ол менен
үлкен кісі. Алайда Ізбасардың теріс мінезі сыналып, қызметінен босатылғанын да
білесіздер ғой...
Қолайсыз тыныштықты Аққұл бұзды.
— Жарайсың, азаматым! Әділдік азамат көркі дегендей ашығын айттың-ау, Садық.
Халқымызға Ленин сенсе болғаны. Ең негізгісі осы ғой.
— Халқымызға Ленин сеніп еді, сол сенімін халқымыз да ақтады, — деді әлгі батыл кісі.
Бұл әзілқой, қалжыңбас,
тілі өткір, көңілді Тоқмырза деген қарт еді. Боза ішкендердің
тұрақты төрағасы, жиын-тойдың сәнін кіргізіп отыратын жалғыз атты кедей болатын.
— Дұрыс айтасыз, Тоқа. Біз
енді өмірді қалай жақсартамыз, қалай тұрмысымызды
түрлендіреміз? Ол үшін не істеуіміз керек? Мен сіздермен осы жайлы ақылдасқалы келіп
отырмын.
— Айта бер, Садық.
— Біз саған қандай ақылшы болар екенбіз...
— Өздеріңізден артық ақылшы жоқ. Біз бүгін сіздердің ақылдарыңызбен Бірінші
Майды жақсы өткіздік. Көкпар да тартпадық па...
— Тамаша бір мереке болды ғой, Садықжан, —
деді Аққұл оның сөзін бөліп, енді жыл
сайын өзге халықтар сияқты біз де Бірінші Майды мейрамдайтын боламыз.