Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет98/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   144
Байланысты:
Ұшқан Ұя

Әдеби KZ 
Жол бойы біз бір топ салт аттыларды қуып жеттік. Олардың ортасында ауыздықпен 
алысқан «Көкшолағының» тізгінін тарта Аққұл ақсақал да келеді екен. «Көкшолақ» — 
сәйгүліктің ішіндегі мақтаулысы еді. Ал Аққұл атам болса, кәнігі саяткер шабандоз. 
Аққұл әдеттегі әуенімен байсал ғана амандасты. 
— Саумысың, Момыш? 
— Аманбысың, Аққұл. 
— Садықты тыңдауға барасың ба? 
— Иә, Аққұл. 
Ағамның атына мінгескен мені байқаған Аққұл таңырқай үн қатты. 
—- Уә, жігітім... Саған жол болсын? 
Абыржып қалғанымды байқаған ағайым ер үстінде бір қомданып алып, мен»үшін жауап 
берді: 
— Садық ағасын тыңдауға барамыз, Ақа! 
—Иә, — деді шал даусын созып,—жақсы лебіз тыңдасаң, жарым ырыс деген ғой! Сен де 
тыңда, балам, сен де тыңда, — деді. 
Осы кезде жолаушылардың арасындағы бір жас жігіт аты арықтан қарғи бергенде, ер 
үстінен қопаң етіп, ауытқып барып түзелді. Мұны байқап қалған Аққұл ашумен дүрсе қоя 
беріп еді: 
— Көлік қадірін білмейтін неме екенсің ғой. Атты аясаңшы. Бұл сенің тербетілер 
желбесігің емес. Ат ырғығанда, кісі шалқайып отыра ма екен. Мұндайда сен сияқты 
қопалдардың салмағынан аттың бел омыртқасы үзіліп кетсе қайтер ең?— Абайламай 
қалған ғой, Аққұл-ау! — деді әкем әлгі жігітке ара түсіп. 


157 
Әдеби KZ 
— Қойшы ондайды, Момыш! Құдай үшін қоя тұршы! Ат мінген адам өзі түгіл, көлігіне де 
көлденең кесір жолатпауы тиіс! — деді Ақкұл. Әлгі жігітке тағы бір ашулы қабақпен қарап, 
ендігі сөзін соған арнағандай болды. 
— Бүгінгі жастар не боп барады осы, Момыш. Қапшық сияқты бірдеме әйтеуір. Ат үстінен 
ауып қалардай ебедейсіз боп барады ғой. Бишара аттар сондай құмға толған ауыр 
қапшық сияқтыларды арқалап қор болды-ау. 
Осылайша Аққұл ақсақал Бекетке жеткенше ешкімге сөз бермей, атқа мығым отырудың 
әдіс-тәсілдерін айтумен болды. Барлығы да оны ат үстінде ұйып тыңдап келеді. 
Астындағы жүйріктерін бірыңғай бүлкілге салып, ақсақалдан енді қайтып кекесін ескертпе 
есітпейін деп жіті отыр. 
Мен үйден шығысымен-ақ көңілсіз күйге түсіп едім. Ағайым өзіме жеке ат ерттеуге рұқсат 
етпеді. Енді, міне, ат құйымшағында отырып, оның қақпақтай жауырына ызалана қарап 
келем. Алайда Аққұл атамның әлгі сөзі аздап жуасытқандай болды мені. 
Біз Бекетке де келіп жеттік. Станция маңын топ-топ етіп айқастырып қойған аттар жайлап 
алыпты. Жұрт төбешікке жиналып, шекпендерінің етегін төсей беріп, жамбастап жайғасып 
жатыр. Ел мол жиналыпты: ақсақалды қарттар, егде кісілер, жігіттер мен бозбалалар да 
жүр. Бір шетте жақын ауылдан келген әйелдер тобы көрінеді. 
Бәрі де тағатсыз күйге түсіп, станция жаққа қарайлай береді. 
— Әне келе жатыр, әне келе жатыр, — деп күбірлесе бастады жиналғандар. 
Қасында почта бастығы мен болыстық басқарманың бір топ жігіті бар орта бойлы, сұр 
шекпеннің өңірі ашық күйде, жалаңбас бір кісі келеді екен. Бәріміз де бар 
ықыласымызбен тесіле қарап қалыппыз. 
Ол қасындағылардың біреуімен сөйлесіп, байсал басып келе жатыр. Жұқа өңі қаны қашып 
сартаптау болған, маңдайы кере қарыс кісі екен. Қабағы аздап домбыққан, жанары 
жабырқау, сиректеу жібек мұртты кісі топ ортасына келіп те қалды. 


158 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет