Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет101/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   144
Әдеби KZ 
Кенет тас түйіндей шоғырланған көкпаршылар додасын бұзып өтіп, біреу суырылып шыға 
берді. Кім екенін аңғарып үлгергенше, әлгі шабандоз көрермен топ алдына құйындата 
келіп қалып еді. Аққұл атам көкпарды Садықтың алдына лақтырып тастады. 
—Мә, Садық, саған салғаным,—деді де лақты Садықтың алдына тастап, «Көк шолағын» 
кенет бұрып, ойқастата шауып, қайта оралып келіп тізгінді ірке қалғанда, әлі қызу екпінін 
баса алмаған «Көкшолақ» серіппеше шиыршық атып, танауы делдиіп, бір орнында тағат 
таппай аспанға ыршыды. Аққұлды өкшелеп қуған шабандоздар тобы көкпар Аблановтың 
алдына тасталғанда, тұмсықты жартасқа соғылған толқындай қақ жарылып екіге бөлінді. 
Мен өзімнің жастығыма өкініп, осынау құрыш білек жігіттерге қызыға, қызғана көз 
тастаймын. Солардай болып, осылармен бірге додада ат белін талдырып жүрсем деп 
ойлаймын. 
— Ақа, сіз көкпардың көркісіз ғой, — деді Садық Аққұл атама бұрылып. — Мен сіздің 
өнеріңіздің ел аузында аңызға айналып, өзіңіздің жасқа жеңдіріп қатардан қалып 
қойғаныңызды қаламас ем. 
— Ә, мен әзірше қарттыққа бой беретін жайым жоқ. Асықтырма, шырағым Садық, — деді 
Аққұл өкпелегендей үнмен. — Жо-жоқ, мені шеттетуге асықпа! 
— Қазақтың салты бойынша көкпарды шабандоз қызы бар үйге салады. Сол үйдің қызы 
кестелі орамал алып шығып беруші еді. Сіз, Ақа, жігітті үйге салып отырсыз. 
Кестелі орамалдың орнына мынаны бүгінгі ұлы мейрамның туындай көріңіз, — деп қойын 
қалтасынан қызыл жалауша ұсынды. 
— Мынау сізге, ең шабандоз жігітке! Бірінші Май бәйгесі болсын! 
Аққұлдың жүзі құбылып, толқып кетті білем. Ат тізгінін тарта Аққұл ер үстінен бір қарыс 
көтеріліп, ізет көрсетті де, әлгі сыйлықты Садықтың қолынан алды. «Көкшолақ» иесінің 
алған сыйына қол соққандай аяғымен жер тарпып тұр. 


163 
Әдеби KZ 
— Ал енді, бізбен бірге болыңыз, — деп өтінді Садық. — Ендігі көкпар қызығын жастар 
тамашалай берсін. 
Аққұл Садықтың қасына келіп тұрды. Көкпар аяқталғанша осы топта болды. Көкпар ымырт 
жабылғанша созылды. Садық құйынша құйқылжыған шабандоз жігіттердің қимылынан 
көз айырар емес. Оның бар ынта-ықыласы осы көкпарға ауып, өзге дүниені ұмытқан 
сияқты. Алайда, төңірегіндегі кісілердің сұрақтарына сабырлы жауап беріп, ойлы пікірлер 
айтқанына қарағанда, ол ел қамын ұмытпай, ауыл ақсақалдарының да көңілін жықпасам 
деп толқып тұрған сияқты. 
— Мөмеке! — деді ол менің әкеме. — Қонақасы беруге қалайсыз. 
— Үлеспеген еншіміз, Садықжан. Сендей шақырса да келмейтін кісілер менің үйіме қонақ 
болуы — мен үшін үлкен абырой, — деді әкем. 
Барлық жұрт біздің жаққа қызыға, қызғана көз тастаған сияқты. Мұны көріп мен өзімнің 
атқа мінгесіп жүргенімді де ұмытып кетіппін. Мен Садықтың біздің үйді таңдағанына 
мақтанып отырмын.Әкем ағайымды шақырып белгі беріп еді, анау ақ көбік болған атын 
ойнатып жетіп келді. 
Тер мен шаңнан күреңденіп кеткен жиренін ол кілт тоқтатып тұра қалды. 
— Садық біздің үйдің қонағы болады, — деді әкем ағама қарап. 
Әкемнің соңғы сөзін естір-естіместе ағам атын кілт бұрды да, ауылға қарай құйындата 
жөнелді. 
Бұл кезде көкпар да біткен еді. 
— Сіздер де Садықпен бір болып, дәм-тұзбен ортақтасыңыздар,— деді әкем жұртқа. 
-— Қойыңыз, Момеке, жұрттың бәрін шақырып, әбігерленіп қайтесіз, — дей берген 
Садықтың сөзін әкем аяқтатпады. 


164 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет