Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет99/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   144
Байланысты:
Ұшқан Ұя

Әдеби KZ 
Ол төбешікке шыққан соң, төрдегі ақсақалдардың қолын жағалай алып шықты. Қалған 
топпен қолын кеудесіне қойып, бас иіп ізетпен сәлемдесті. 
— Армысыздар, ардақты қауым, — деді ол аздаған қарлыққан дауыспен. — Аман- 
есенсіздер ме, қадірмен қариялар. Дендеріңіз сау ма? Туған-туыстарыңыз, мал- 
жандарыңыз аман ба? Ол осылайша алдымен ақсақалдарға амандасты. 
— Рақмет, қарағым Садық. Өзің де аман-есенсің бе? 
— Денің сау ма, Садықжан? 
— Балаларың өсіп жатыр ма, қарағым, — деп шалдар шетінен саулық сұрасып жатыр. 
— Рақмет, — деді Садық ақ тістерін көрсете жымиып. — Әзірше аман-есенбіз... Ақа, 
«Көкшолағыңыз» бабында ма? — деп енді ол Аққұлға бұрылды. Ол Аққұлды бұрыннан 
біледі екен. 
— Сенің лау мінгіш милицияларыңнан қайда жасырарымды білмей жүрмін ғой, — деп 
шымши сөйледі Аққұл. Жұрт ду күліп жатыр. Садық Абланов елжірей күлгендей болды.— 
Сіздің «Көкшолағыңызға» ешкім тимейтін болсын, Ақа. Мен солай деп айтты деңіз. 
Ол байсалды жауап берді. 
— Мың жаса, шырағым Садық... Әйтпесе баптап мінуді білместен, жатқан бір, орыс 
арбасы мен біздің аттарымыздың соры болды кейбір милицияларың. Өрт шыққандай 
шапқылап, аттардың сілікпесін шығарушы еді... 
— Садық өз шешімін айтпады ма, — деп Аққұлдың сөзін әкем бөліп жіберді. 
— Енді өзін тындайық. 
Аққұл әкеме ала көзімен қарап, еріксіз жым болды. Садық Аққұлдан кешірім сұрағандай 
сәл иілді де, төбенің басына көтерілді. Айналасын жайлап шолып алды да, еркін көсіліп 
сөйлей жөнелді. 


159 
Әдеби KZ 
Қадірлі ақсақалдар, сіздерден рұқсат болса, бір-екі ауыз сөз бастайын, — деді ол 
қарттарға қарай. 
— Айта бер, Садық, айта бер! — деді қарттар бір дауыспен. 
— Қадірменді қарттар, менің құрбы-құрдастарым, жас жігіттер, сеңдер де, боз балалар, 
сендер де, құрметті әйелдер, сіздер де, — деді ол баршаға сөзін арнап. — Бүгін бізде 
көктем күні, жер бетіне қуаныш нұрын төккен күні. Бұл көктем кімді қуантпайды? 
Кімді тебірентпейді? Шуақты күн жерімізге нұрын төгіп, бойымызды жадыратады. Дәл 
осындай табиғат түрленіп, құлпыра бастайтын көктемнің күнінде, бұдан отыз бес жыл 
бұрын жұмысшылар мен жер бетінің еңбеккерлері бұл күнді еңбектің, бостандықтың
достық пен туысқандықтың мерекесі деп әлемге әйгіледі... 
Әңгімесін осылай бастаған Садық Бірінші Май мерекесінің мәні мен мақсатын, оның 
шаттығы мен шалқыған шабытын, еліміздегі жағдай мен жер бетіндегі басқа елдер 
халқының Май мейрамын қалай қарсы алатынын қарапайым қазақтың жалпақ тілімен 
жиналғандарға баяндап берді. Ұлы көсемнің ұлылығын, Ленинді неліктен данышпан 
дейтінімізді де ұғындырды, жиналғандардың жүрегіне ұялата білді, халықтар достығы 
мен туысқандығы жайлы тебірене толғап, революцияның қазақ даласына әкелген 
шарапаты мен шапағатын айтты. 
Жұрт сілтідей тынып, үнсіз бас шұлғып қалыпты. Садық олардың бәрін жылы лебізбен 
ұйытып тербете түсетін сияқты... 
— Бақытты деп ерікті адамды ғана айтамыз! Біздің бар халқымызға большевиктердің 
тілейтіні осы бақыт, осы еркіндік, — деді ол сөз соңында. Өз сөзін аяқтағанда ұйып 
отырған жұрт дүр сілкінгендей лезде гулеп кетті. 
— Дұрыс айттың, Садықжан! 
— Мерекеге мерейлі мезгілді таңдаған екен! 
— Ақылды шешім! 


160 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет