Әдеби KZ
— Ақа, мен сізді туған ағамнан артық көріп сүюші едім. Әлі де сол сезімдемін, — деді
көкем басын таңған орамалды түзетіп қойып. — Сіз мен туралы не ойласаңыз да
еркіңізде.
Алайда әзәзіл біреулер сізді ақ жолдан тайдырып отырғанын түсінсеңіз деп тілеймін. Ант
етейін, алдыңызда арым таза. Мен сізге қол көтергем жоқ. Сіз таяқтады деп тағы да
өкпелемеймін... Бас жарылса, бөрік ішінде демей ме, үлкен ұрса, іні шыдар. Ал
қалғантоптан тек қана қорғануға тура келді. Қарап тұрып өлем бе, жабылып сабағанына
шыдай алмадым.
— Мен саған мына шіріктерді шетінен ұрып құлатты деп кінәламаймын, — деп Аққұл өз
тобына жиіркене бір көз тастады. — Өңшең мұндай шіріктерді сен ұрмасаң, басқалар
ұрып жығар еді. Шірік, шірік,— деп сұқ қолымен өз тобын сұғанақтады.
Көкем мұнан соң Жарымбеттің сұрағына жауап беріп, қақтығыстың қалай болғанын айтты.
Жарымбет көкемді зейін қойып тыңдап алды да, қырау шалған қабағын тұнжыратып,
қасын қинала керді. Сонан соң Аққұлға ала көзімен қарады.
— Жайбарақат жатқан адамға жабылғаның қалай, Аққұл? Он адамға келтек беріп, бір
адамға айдап салып қарап тұрғаның қалай? Саған тағылар бірінші айып осы болмақ.
Жасынды сыйлап, басыңды сыйлап, сақалды сыйлап қол көтермеген адамға таяқ
жұмсағаның қай сасқаның, Аққұл? Үлкендігің осы ма? Саған тағылар екінші айып осы!
Аққұлдың басы салбырап, жер шұқылап отыра берді. Кенет шеткі отаудан әсем киінген
сымбатты келіншек көрінді.
Ол батыл басып, әйел бас сұқпайтын мынау даулы ортаға қарай келе жатыр. Жұрттың бәрі
аң-таң. Аққұл өз келінін көріп шоршып түсті. Екі қолын ербеңдетіп, сасқалақтап,
жалбарынған үнмен:
— Қайт, балам! Қайт, балам! Қайта ғой, шырағым, қайта ғой,— деп қалбалақтады да
қалды.
182
Әдеби KZ
Иә, оның үнінде бұйрықтан гөрі жалыныш, зекуден гөрі жалбарыну басым еді. Бірақ әйел
жалынышын естімегендей топқа қарал қадамын соза басып келеді.
Әйел жақын келді де, үлкендерге иіліп сәлем берді. Әкесінің қасында бүрісіп отырған
күйеуіне жек көре бір қарады. Қанын ішіне тартып бозарып кетіпті. Жанары ызалы ұшқын
атып, жас тығылып тұрғандай.
— Көргенсіз деп жүрмеңіз, айналайын атажан. Үстімізге баса-көктеп келді деп көңіліңізге
ауыр алмағайсыз, жарықтық! — деді ол Жарымбетке бұрылып. Үні мен қимылының
батылдығы сонша, тіптен отырғандардың біреуі де «тәйт әрі» дей алмады. — Мен де
біреудің перзенті едім. Жат жұрттық боп жаралды демесеңіз, мен де ата-анамның аялап
өсірген баласы едім. Қыз боп туғаныма қорланбап ем, мына қорлық сай-сүйегімді
сырқыратты ғой. Сіздер де ұл-қыздың атасысыз ғой, жарықтық. Сіз үшін ұл мен
қызыңыздың арасында ала-құласы бар ма? Екеуінің де бақытын тілеп, әлдилеген әкенің
бірі сіз емес пе едіңіз? Перзенттің бәрін бірдей көру, бәрін бірдей аялау ата-ананың
парызы емес пе еді. Мені де әке-шешем маңдайымнан шертпей, ұлдан кем көрмей өсірді.
Босағамды оңғара көр деп ақ тілеумен алдарыңызға алғаш келгенде, алалау көрем деп
ойлаппын ба? Өзге табалдырықты аттап, өзге отаудан, өзге елден бақыт іздеп келін боп
келгенде, қағажу көрем, қақпай көрем деп өңімде ойлап, түсімде көрем деппін бе?
Келіннің қуанышы өзге қуаныштан кем бе еді, ата! Мен де сіздің балаңыз емес пе едім? —
деп Аққұлға қарады. — Мен де осы босағаны сондай ізгі үмітпен аттап едім. Амалым
қанша, алдаған екен үмітім.
Жарықтық, алдыңызға мен де бір балаңызбын деп келіп тұрмын. Амалсыздан әдепсіз
көрінгендей жайым бар. Айыпқа бұйыра көрмеңіз. Келмей тұра алмадым. Кеудемді бір
жалын кеулеп, запыран құсқандаймын қазір. Тыңдай көріңіз мені. Рас, мен
жалғызбын,қорғансыз әйелмін. Маған ара тұрар адам жоқ. Жаман еркектің әлі жақсы
әйелге жетеді дегендей, тап қазір қай еркек болса да сабап, тіптен өлтірем десе де
шамасы келеді.
183
Достарыңызбен бөлісу: |