184
Әдеби KZ
Сондықтан, бұл үйден біржола кетуге бел байладым. Қараниеттің
қасында қалуға енді
менде шама жоқ.
Мына сөзді естігенде, отырғандар ауыр күрсініп алды.
— Келгелі өзіңізден кейіс естіп көрген жоқ едім. Қабақ шытып, көңіліме тиген жоқсыз.
Мұныңызға мың да бір рақмет, ата. Алдыңыздан өтіп, қоштаса кетейін деп келдім,— деді
Зәуре енді Аққұлға бұрылып.
— Не дейсің, балам, не дейсің! — деп кемсеңдей берді Аққұл. Бірақ Зәуре бұл сөзді
естімегендей Жарымбет жаққа бұрылып:
— Жарықтық, мені төркініме жеткізіп сал деп, бір жігітке тапсыруға жарайсыз ба?
Сізге
айтар тілегім осы еді, — деп Зәуре енді күйеуіне тесіле қарады да. — Ал, сенің
босағаңнан тірі жүріп аттамаспын, — деді.
Ақсақалдардың алдында тағы да кешірім сұрап, келіншек бұрылып жүре берді. Жұрттың
бәрі томсырайып, төмен қарап отырып қалды. Қолайсыз тыныштықты ешкім бұза алмады.
Жарымбет ақсақал абыржып, алақанын уқалай берді. Ақыры қатты күрсініп:
— Байғұс бала-ай, әбден қорланған екен-ау! Төрімнен көрім жақын кезінде оған мен
тоқта деп айта алмаймын. Төркініне апарып салыңдар.
Біраз ата-анасының алдында
жүріпашуын басар, ойланар!.. Менің айтарым осы, көпшілік, — деп қарт орнынан тұрып,
атына қарай жүріп кетті.
Қайтарда Зәуре жайлы әркім әрқалай толғанып келе жатты. Алайда бәрі де бишара әйелге
керемет қиянат жасалғанын іштей мойындап еді...
Кенет арт жақтан әжемнің даусы естілгендей болды: «Есуас болсаң да. бүгін өзіңді
ақылды ұстадың», — деді әлгі дауыс.
Мен бұрылып қарасам, сөйлеп келе жатқан әжем емес, әкем екен. Әкемнің үні мен даусы
әжеме ұқсас еді. Қатарласып келе жатқан інісіне айтқан екен әлгі сөзді.