180
Әдеби KZ
— Жареке, бұл жай туралы жарытып сізге еш нәрсе айта алмаймын-ау. Бұл қақтығыстың
басы-қасында жоқ едім. Көрмеген
адам көңілмен болжағанмен, әділін айта алмай
жүрсем, айып емес пе? Інімнің өзі сөйлесін. Өзін-өзі ақтауға, ақиқатын айтуға,
әділдікке
жүгінуге жарап қалған жоқ па. Өзі баяндасын, Жареке! Мұның өз тізгінін өзіне бердім.
— Ал сөйле, Момынқұл! — деді Жарымбет баяу үнмен, көкеме қарап.
Көкем абыржыған жоқ. Үлкендерге ізет көрсете жүгініп отырып, сөзін бастап кетті:
— Жареке! Әміріңізге құлдық. Мен Аққұл ақсақалмен айтысып, бет жыртысып жатуға
ұяламын. Үлкенмен тіресіп, жарыса билік сұрау менің бойыма сыятын биіктік емес.
Өйткені Аққұл ақсақал — туысқаным, ұстазым, ақылгөйім, тәжім етер ағайым.
Айтқаныңыз болсын деп алдыңызға басымды тігуге бармын. Қылша мойнымды
қылышыңызға да тосар едім. Ауыртпалығыңызды
аянбай көтеріп, азабыңызды мыңқ
етпей арқалауға әзірмін, Ақа. Бірақ бетіме ыстық судай шашылған осы бір ұятты жала
түсінбестіктен туып отыр. Бұл өсек сөздің бықсыған отына тірідей қақтаумен тең емес пе,
ақсақалдар-ау. Байыбына бармай байбалам салған Ақаңа қатты ренжулімін. Жылан тілді
бір өсекшінің әзәзіл сөзі үшін ағайынның беті күйіп, байғұс келініңіздің жүзі
төмен боп
отыр. Аппақ арына сасыған қоқсықты аямай төге салмадыңыздар ма? Әйел жаны
осыншалық әділетсіздікті көтере ала ма? Біздер әйелді адалдықтың айнасы, тазалықтың
тұнығы деп білмеуші ме едік. Сол бейкүнә тазалықты өз қолдарыңызбен былғадыңыздар
ғой.
Осы тұста:
— Өшір үніңді, күшік.
Қарғыс жаусын саған, — деп ышқына айқайлады Аққұл қарт
Аққұлды ала көзімен атып жібере жаздады. Шыдамай зекіп жіберді.
— Бәлкім менің орныма өзің би болып отырарсың, Аққұл?
Аққұл тағы да жым болды. Осы үнсіздікті пайдаланып, көкем қайта сөйлеп кетті.