190
Әдеби KZ
Майға салған пышақтай сусып жүре беретіндер болады, — деп баласы жүре
сөйлеп
шалғыны жөндей бастады.
— Сөйт шырағым, сөйт,— деді әкесі мейірлене сөйлеп.
Сашко балғасын еппен жұмсап, орақтың мойнын біраз тықылдатты. Сонан соң сабын
жөндеді.
— Белдемесін жоғарырақ жылжыт, балам.
— Өзім де сөйтіп жатырмын, әке — деді Сашко қайысты тартып тұрып.
Шалғыны жөндеп болып, ол ары-бері сілтелеп сынап көрді де, әкесіне әкеп берді.
— Енді қатып кетті, әке! Өзіңіз байқаңызшы.
Шал шалғыны қолына алып,
сынады да, ұлына ризашылық білдірді.
— Дұрыс бопты, шырағым.
Шал өзінің бастап қойған жеріне барды да, бал тарта берді. Енді оның тек екі қолы
қимылдап тұрғандай сезілді.
Орылған жердің қыртысына дейін көрініп, шалдың соңында түп-түзу ұзын жол қала берді.
Әлден соң шал соңына көз тастады да, дауыстап әмір берді.
— Ал, балалар, орақты бастаңдар!
Сол-ақ екен, Сашко, Мефодий, Тишко тізбектесе тура қалды.
Алдымен Сашкосы, сонан соң
он қадамнан кейін Мефодий, оған ілесе Тишко түсті. Бұлардың соңынан ала көкем
шалғынға шалғы сүңгітті.
Енді бір қарасам, қатар тізілген бес жолақ ну шөпке жарыса
сүңгіп барады екен.
Шал төрт жігіттің алдын тосып, ақыл айтады.
— Сашко, сен асықпа.