Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет49/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   144
Байланысты:
Ұшқан Ұя

Әдеби KZ 
— Сен не деп отырсың, ей ынжық, — деп Серкебай көкемнің кеудесінен қамшысымен 
нұқиды. — Қалай деп көкисің, шірік? Не дедің сен?! 
— Түк те дегенім жоқ. Жай аузымнан шығып кетті, — деп міңгірледі көкем. 
Үлкеннің бетінен алғанды саған көрсетермін мен, — деп нағашым бұлқан-талқан болады. 
— Кіммен бәсекелесетініңді тапқан екенсің. Қотыр бұзаудай арқандап қоюға әлі шамам 
келеді. 
Көкем арқасын қамшы осып кетпесін деп үнсіз отыра беретін. Оңтайлы сәті келгенде 
осынау адуынды шалдан аулақ жүруге тырысып, сыртқа зып беріп шығып кетеді. Шал 
оның соңынан біраз ұрсып, бұрқылдап отырады. 
— Япырау, заман не боп барады. Әлдилеген балаң әдептен асып, арпалыса бастаса, 
жақсы адам бола ма деп үміттенген адамың өзіңмен жағаласса не дерсің. Әттең, мына 
тасыраңдаған жаман неме өз сүйегім ғой. Әйтпесе аяқ-қолын керіп тұрып көкпар етер 
едім... 
Сонан соң қабағын тұнжыратып, сақалының ұшын шайнап біраз үнсіз отырады да, әжеме 
тиіседі: 
— Мұндай әумесер жиенді несіне тудың, әпке? 
О, не дегенің, қарағым, — деп әжем абыржи қалатын. 
Алланың бергені осы болса, амалым қанша. 
— Иә Өз қолыңды өзің кесе алмайсың. Әйтпесе ғой, әйтпесе!.. Мынау өңшең шолақ 
белсенділер-ақ титығыма тиіп болды, — деп ашуланады Серкебай. — Ең ақыры өз жиенің 
бетің бар, жүзің бар демей... Сіздің дәуіріңіз өткен деп былжырайды. Бұл қартайғанда 
есітер сөзім бе еді.— Сен енді, Серкешжан, балаға кешірімді бола ғой. Байқамай айтып 
қалған шығар, — деп әжем бәсең үнмен күбірледі. 


77 
Әдеби KZ 
— Байқамай қалған шығар!.. Қайдағы байқамай!.. Эх-эх! —деп Серкебай кекесінмен 
күлді.—Мен оған байқамағанды көрсетермін. Мен есірген белсенділерді итке тастайтын 
сүйекке таластырармын әлі. Аш қасқырдай арсылдатып қоярмын да. 
— О не дегенің, Серкеш! Өз адамдарың емес пе? — деп шошып кетті әжем. 
— Әй, есек! — деп айқайлайды Серкебай. — Үйге кір. 
Көкем сонда ғана қайтып оралады. 
— Аяғыма жығылып кешірім сұра! — деп бұйырады шал. 
Көкем не істерін білмей дағдарып тұрып қалды. 
— Момынтай-ау, оның не, кешірім сұрай ғой, жасы үлкен нағашың ғой, — деп араға әжем 
түседі. 
Көкем өжеттігін қойып, тізе бүгеді. 
Серкебай нағашым да ашуын лақ еткізіп төге салып, көкемнің тентектігін лезде 
кешіретін... 
Біздің үйдегі тап тартысының таңбасы осылай есімде қалып қойыпты. Ал ел арасындағы 
таптық күресті мен жол-жөнекей баяндап, өзімнің өмірге араласқан сәттеріме орай 
айтармын. Ауылдың қоғамдық жағдайы, ел ішінің өресі қандай болғанын өзімнің де өсу 
өреме сәйкес әңгімелермін. Әзірше асықпай-ақ қоялық. 
* * *
«Әйелдер теңдігі», «қалыңмал жойылады», «қыздар сүйген жігітіне шығады». Революция 
жылдарында әйел тендігі жөнінде алғаш есіткен сөздерім осындай. Бұл сөз көп адамды 
ойландырса, көп адамның көңілінде күдік те тудырды. Әйелдер не де болса бір 
жақсылықтың нышанын іштей ұққандай үнсіз қуанып еді. Әлденені асыға күтіп, тағатсыз 
толғанысқа түскен жайлары бар сияқты. 


78 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет