Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет59/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   144
Әдеби KZ 
Ағайынға ара түскен боп, даурықпалы сапар шексе, сараң байдың соғымын төрінде 
шіреніп жатып жеп қайтса, еріккен жігіттердің несі кетіп барады. Бай ауылының хабарына 
тез құлақ түргені де осыдан болса керек. 
Күн сайын жиырма-отыз адам жамбастап жатып, жақ-жақ боп айтысады да, егескен жаққа 
арадағы ағайын ақыл беріп, дау төресі — билер шешімін айтады. Жанжал иелеріне 
шешімнің әділдігін ойлануға бір-екі күн мұрсат береді де, өздері жамағайын, жегжат- 
жұрағаттарын аралауға кіріседі. Қайта жиналып бітіспес дауды жалғастырады. Осылайша 
бұл тартые бір-екі айға созылады. 
Әркімнің аузына бір-бір жалтақтап, күйеу баладан да күй кетіп еді. Онсыз да тумысынан 
тұрқы келіспеген Дәулет бүріскен үстіне бүрісіп, жарғанатша жәпірейіп бітті. Жақсылық 
келсе, сен жақтан болар дегендей, Үсен ауылының адамдары мініп келген аттардың 
айналасынан шықпайтынды шығарды. Күйбеңдеп әр аттың жалын сипап, күбірлеумен 
жүргені. 
Амал не, Дәулет тілеуін бермей-ақ қойды тәңір. Нұрбай айтқанынан қайтпай отырып 
алды. Зәпира болса жаны сүймеген жарына, қаны сүймеген жұртына қайта 
барғысыкелмеді. Жалғыз қызының тағдырына пышақ салып, өзі отқа итергендей болған 
Нұрбайдың қанында әкелік сезім қайта қайнап шыға беріп еді. Қалайда қайғы тырнағынан 
босатып алу үшін аянып қалған әке жоқ. Құда жақтың сан түрлі ұсынысына құлақ аспай 
мүлдем қатайып алды, қайралған пышақтай бірте-бірте сөзі де алғырланып барады. 
Перзентінің алдындағы айыбын, мейірімсіз қаталдығын біржола сәуір жаңбырындай 
жуып өтпек жайы бар сияқты. 
Біз жақтың қуғыншылары да талабынан танбапты. Ат сабылтып арын ту етіп келгенде, 
арқасын жерге тигізіп қалай қайтсын. Қадалып отырып, қалайда дегеніне көндіруге түйініп 
алған бәрі де. 
Талайдан бергі тартыс, іштей толқу мен сапырылысқан ой ұстамды деген Нұрбайдың өзін 
сарсаңға салып әбден болдыртып, ақыры дау иесі Дәулетті сайысқа шақырып еді. Күні 
кеше өзінің сүйікті қызының ері болған мынау сұрықсыз Дәулет бес ұлының қалағанымен 


91 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет