Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет89/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   144
Әдеби KZ 
Бұл кезде қожа енді ояна бастағандай еді. Манадан ел беташардың қызығына беріліп, 
ерекше көңілденіп жатқанда, ол самарқау мүлгіп отырған болатын. «Мұның маған қатысы 
жоқ. Өзіме тиесілі несібіме келгенде көрермін» дегендей мамаурай берген. Енді аздап тіл 
бітіп, елдің сұрағына жауап беріп отыр. Кеседегі шайын қос қолымен бүркеп алып, оқта- 
текте әрең ұрттайды. 
Әлден соң ол ишарат белгі берді. Сол кезде кәрлен кесеге толтырып тұнық су әкелінді. 
Майлыбай оған күміс теңге тастады да, қожаға ұсынды. Қожа судың бетін ақ орамалмен 
бүркеп, әлденені күбірлеп оқи бастады. Бір қарасам, екі жігіт Аюбайды дедектетіп ішке 
алып кірген екен. Мен некеқияр басталғанын сезе қойдым. Екі жұбай үйдің екі 
босағасында қарама-қарсы жайғасты. Қожа әлгі екі куәгер жігітті шақырып алып, 
жұбайлардың аты-жөнін біліп келуді тапсырды. Әлгі екеуі Аюбай мен әпкемнің алдына 
кезек-кезек тақақтап барып, қайтып келді. Қожаға баяндап жатыр. 
— Күйеу бала — Аюбай, Майлыбай мен Зылиханың ақ некесінен туған ұл. 
Дінмұсылман. Жасы жиырма бесте. 
— Қалыңдық — Үбиан, Момыш пен Рәзияның ақ некелі қызы, жасы жиырма бірде. 
Қожа енді куәгер екі жігіттен: «Бұл міндетті бұлжытпай орындауға Алла алдында, халық 
алдында ант етесіздер ме?» — деп сұрады. Аналар «ант етеміз» десті. «Куәге жүрер 
алдында жуынып-шайынып, адалданып, күнәдан арылып келдіңдер ме?» — деді қожа 
қайтадан. Анау екеуі «күнәдан пәк» екенін айтысты. 
— Барыңдар, екеуінен де сұраңдар! Бұл неке көңілдің қалауынан, жүректің балауынан 
шығып па? Көңілдің көркімен, жүректің еркімен қосылып па? 
Екі жігіт қолдарына ұстатқан орамалдың ұшынан тізбектесіп қосыла сайрай жөнелді. 
Куәдүрміз, куәдүрміз, 
Куәлікке жүрәдірміз. 


141 
Әдеби KZ 
Таңның нақ қасында 
Дәл бүгін халық қасында 
Ақ куәлік берәдүрміз, — десіп, куә қимылмен Аюбайға жеткенше айтып та үлгерді. 
Аюбайдың алдына келген соң, олар тергеуге ала бастады. 
Момыштан сызған, Рәзиядан туған. 
Үбиан перизатты адал жар тұтуға ризамысың? 
Аюбай сәл қызарақтап отырды да, ұялғаннан «ризамын» деп мұрнының астынан сөйледі. 
Куәлер енді осылайша әндетіп Үбианға да жетті.Майлыбай сызған, Зылихадан туған, 
Аюбайдай арысқа, Жар болуға ризамысың? 
Үбиан қыбырсыз отыр. Қасындағы абысындары түртпектеп, «айта ғой, келінжан», 
«тақсырды көп тостырма» деп ақыл беріп жатыр. Үбиан батылы жетіп айта алмады. 
Куәлар жауап алмай кетер емес. Мен әпкем жаққа тесіліп қарап отырмын. Әлден соң 
әпкем төмен қарап басын изеді. 
— Е-е, бұл болмайды да! Өз аузынан естімесек болмайды, — деп қожа қазақ сөздерін 
созып, бөлекше мақаммен айтты. 
Әлгі екі жігіт тақпақтай әндетіп әпкемнің қасына қайта барды. Енді арашаға әжем түсті. 
— Тақсыр-еке, үлкендердің алдында жас баланы ұялтып қайтесіз. Бас изегені бәріне 
ықтиярлығы емес пе? Некеңізді қия беріңіз. 
— Солай болсын, тақсыр, — деді Майлыбай да. 
Қожа қайтадан кеседегі суға төніп, әлденені оқыды да, бетіндегі орамалын алды. Сөйтіп 
куәге жүрген жігіттерге ұсынды. Олар кеседегі суды Аюбайға апарды. Ол суға ернін тигізіп 
қайтып берді. Сонан соң куәлар Үбианға апарды. Әпкем де ернін тигізді. Бұдан кейін 


142 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет