143
Әдеби KZ
Бұл оқиға әжеме, әсіресе, қатты батып еді. Көзіне жас алып, қамыға берді. Шешемізді еске
түсіріп:— Қайран ырымалды келінім-ай, Рәзияшым. Маңдайыма сыймай кеттің-ау. Оны
алғанша, мені алмадың ба,
тәңірім- ау, — деп отырып алды.
— Қойыңызшы, aпa. Тағдырмен тәжікелесер шама бар ма бізде. Онан да
немерелеріңіздің тілеуін тілесеңізші, — деген әкеме әжем бар ашуын төкті:
— Немене, мені жаңа туды деп пе едің! Менің тілегім
сендердің бірліктерің мен
тірліктерің емес пе.
— Қойдым, апа, қойдым, — деп әкем күле берді.
Бұл кезде екінші үйдегі кісілер де өзара кеңесіп біткен еді. Екі үй бас қосып отырып, бір-
бірінен кешірім сұрасты. Шешеміз «абайламай айтып қалыппын. Енді ондай
қайталанбайды» деп уәде берді. Шешесі:
— Қарағым, Момыш, қызымды алып отырған соң, сен де баламсың.
Анам десең, бір
жолға тілегімді қайтарма. Татулықтарың бұзылмасын. Енді ерні қыбырлап, бейпіл сөзге
үйір болса, қызымның жон терісін сыпырсаң да ризамын, — деді.
Сөйтіп бұл үйде керіс қайталанбайтын болып еді. Бәріміз соған қуандық.
* * *
Мен әпкемнің ауылына жиі баратынмын. Аюбай жездем де ат ізін суытпай келуші еді.
Үйде екі-үш күн болып, біраз шаруаны тындырады. Жер жыртып, дән сеуіп беретін. Шөп
жинап, қырман бастыратын. Өз туыстарына «балдызым жас, атам шал. Үлкен ұлындай
болғандықтан, үй тірлігін бітіріп берейін де» дейтін.
Келесі жылы әжем ауырды. Көп жатқан жоқ. Төсекке құлаған соң үш күннен кейін әкемді
қасына шақыртты. Ентігіп жиі дем алып, денесі от боп жанып жатқандай еді. Ақ жастыққа
селдіреп шашылған бозғылт шашы үлбіреп тұр. Әжімдері қатпарланып,
әбден қартайған