131
Әдеби KZ
көрімдік бере бастады. Лезде Өтептің алды ақ күміске толып кетті. Алайда Өтеп «көрсетер
келінімнің көрімдігі көк төбе боп үйілмесе, көрсетпеймін. Өйткені келіннің көрік десе—
көркі бар, ақыл десе—ақылы мол», — деп отырып алды.
Аз алтының сеп емес,
Аз күмісің тең емес.
Осы тұрған келінің
Ай мен күннен кем. емес.
Көп
болмаса көрімдік
Көрсететін мен емес, — дегенде, жұрт тағы да шу ете түсті.
— Ойбай, айналайын. Көрсетпеймін дегеніңді аузыңа алма. Келіннен аянып қаларымыз
жоқ.
— Көрімдікке көнеміз, сөйтіп барып көреміз, — десіп, ел тағы да күміс тастай бастады.
Өтеп оны да азырқанды. Өйткені «келін
текті жердің қызы, батыр елдің қызы,
өскен
ортаның өрелі, өнегелі жаны» екенін ескертті.Байтақ елдің гүлі бұл, Бар ауылдың нұры
бұл.
Өскен
жердің қызы бұл, Өнегенің ізі бұл, Көрсетпеймін келінді. Саусағыма жүзік іл, —
дегенде әжем орнынан емірене тұрып, Өтепті маңдайынан иіскеді де, қолына алтын жүзік
салды. Ел тамсанып гулеп жатыр. Үбиан риза болын иіліп тәжім етті.
Өтеп сонда да қанағат етпеді.Елдің тағатын тауысып, шыдамын кетіріп,
көрімдік сұрай
берді. Әпкемді мақтап өлеңін құрай берді.
Көздерінен нұр тамған,
Көмейінен жыр тамған,
Беті таза айнадан