Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет97/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   144
Әдеби KZ 
шамалы кісі еді. Сонысынан тапты ма, әйтеуір қызметінде көп тұра алмапты. Мұны есіткен 
жұрт аяудың орнына «өз сазайын тартқан екен» дейтін. 
Ал Садық Аблановты ауыл адамдары ізетпен қарсы алып, ілтипат көрсететін. Адал, 
ақпейіл, турашыл, жұрт қамын ойлайтын естияр жігіт деп мақтаушы еді оны. 
Ізбасардан жұрт қорқатын. Бірақ сыйламайтын, Садықты іш тартып құрметтейтін. 
Ағайынды екеуіне деген ара-қатынасын ел ерекше жіліктеп, жіктеп айтушы еді. Ізбасар 
Абланов, Садық Абланов деп арнайы аттарымен ажырататын.Ізбасар елге даурығып, 
әбігер салып келетін. Жиналысқа да ол өзінің арнаулы адамдарынан басқаны 
қатыстырмайтын. Қатысқандардың кейбір жақпағандарын аузына келгенін айтып 
балағаттап, ел көзінше абыройын төгіп, қарсылық білдіргендерді қара тізімге жазып, 
«Сібірге айдатам» деп, сары суын сыртына шығарады екен. Ауылға қабағы түсіп, қажып, 
қалжырап қайтатын ондайлар. Ізбасар кетісімен, әркім оның ожар қимылын, орынсыз 
дөрекілігін салып, ашық күлкіге айналдыратын. 
Ізбасар әскери коммунизм кезеңінің томырық, топас, солақай, ұр да жық, көкірек қақпай 
жүрген кездерінің жиынтық бейнесіндей халық аузында қалып қойып еді. 
Садық өткізген жиын, керісінше, салтанатқа ұқсайтын. Адамдар көп жиналып, ақыл-кеңес 
күткендей ынтыға түсетін. Онымен кездесу үшін, дидарласып сөзін тыңдау үшін 
ақсақалдар тұрмақ, бала-шағаның өзі, тіптен қатын-қалаштар да асығатын. Жұрт Садықты 
абыройлы етіп, ел алдында ажарлы көрсететін оның қарапайымдылығы мен 
іштартымдылығы десетін. 
Жаймашуақ жадыраған күн еді. Бұдан бұрын Бекетке Садықтың келетіні хабарланған 
болатын. Ол: «Тыңдаймын деген кісілер келсін, бас қосып әңгімелесейік», — депті. 
«Ақсақалдармен, ағайын-туғандармен, қарындастармен бас қосып, сыр шертісу — үлкен 
ғанибет қой», — депті. 
Әкем мен ағайым мені де бірге ертпек болды. Мен апыл-ғұпыл киініп, ағамның артына 
мінгестім. 


156 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет