Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет87/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   144
Байланысты:
Ұшқан Ұя

Әдеби KZ 
Ең алдымен Үбианның атасы, ауылдың ең қадірменді қарты, жасы да үлкен, орны да 
бөлек — қуаныш иесі Майлыбайға сәлем салдырды. 
Сексенің де жеңілген, 
Көргені көп өмірден. 
Майлыбайдай атаңа 
Сәлем салғын көңілмен. 
Үбиан ерекше құрмет көрсетіп иілді. 
Көп жаса, шырағым! Өркенің өссін, — деді Майлыбай дауысы тағы да қаңылтырша 
қалтырап. 
Өтеп енді ауылдағы өз құрдастарын, Үбианның абысындары мен қайнағаларын 
таныстырып, кемшіліктері мен жетістіктерін жырға қосты. Ел қыран-топан күлкіге батып 
қалыпты. Бір абысынын Өтеп былай таныстырды. 
Ызбайланып сызылған
Бойы келген ұзыннан. 
Ұрыс десе құлшынып, 
Түрі лезде бұзылған. 
Отырғандар ду күлісті. Әлгі келіншек қызарақтап Өтепке тиісе берді.— Сені ме, осыдан 
сазайыңды бермесем бе, сен заржақтың. 
Өтеп бұл кезде өзгелерді өлеңге қосып жатқан. 
Ауылымыздың ағасы, 
Ауылымыздың жағасы. 
Ауылымыздың панасы, 


136 
Әдеби KZ 
Ауылымыздың данасы, 
Үлкен қайнағаңа бір сәлем. 
Майлыбайдың үлкен ұлы көтеріліп қалды: 
— Е, бар болғыр, бар бол, — деді Өтепке шын ризашылықпен. Ауылының бетке ұстар 
пысығы болса керек, Өтеп бір қияқ мұртты кісіні асыра мақтады: 
Даңқы елден ары асқан, 
Парқы көкпен таласқан.. 
Елдің көркі Ерболдай 
Ағалармен жарасқан, — деді. 
Ортаншы ұлы Жартыбай Өтеппен құрдас екен. Қурайдай қышқиған. арық бойы сидиып 
ебедейсіз қозғалады. Жағына пышақ жанығандай, сүйектері шодырайып, ұрты үңірейіп 
тұр. Әр жерден үрке шыққан сирек шашы едірейіп, кірпінің түгіндей тікірейеді. Бір шөкім 
сақалы әйтеуір сақал бар деген атқа иеленіп, иегінің ұшында шоғырлана қалыпты. Мұрны 
да таңқыш екен. Өтеп бір адамның басындағы осынша мінді майда әзілмен түртпектеп 
керісінше келтіріп отыр. Жұрттың күлкісін тоқтату қиын. Бірі көзін уқалап, бірі ішін басып, 
енді бірі аспанға қарай шалқалап күлкіден ақтарылып жатыр. Жартыбай болса бүріскен 
торғайдай әркімге бір жалтақтап, қызарақтай береді. 
Жау жыққандай қаһарлы, 
Жарты құлаш сақалды. 
Бұйра шашы ұйысқан. 
Сом денесі — құрыштан. 
Нар санындай білекті, 
Нақ арыстан жүректі. 


137 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет