Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет91/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   144
Әдеби KZ 
өңін онан сайын қажытып жібергендей. Алайда, әжем ешбір қиналмаған кісідей, дыбыс 
шығармай сабырлы жатыр. Қайта әлдебір сапарға дайындалғандай көңілі біртүрлі 
көтеріңкі сияқты. 
Әкем келіп қасына отырғанда, әжем мейірлене көз тастады: 
— Момышжан! — деді әлден соң дауысы қалтырап, Қыздарым мен немерелеріме 
хабаршы жібер. Жүздесіп қоштасайын. 
— Қойыңызшы, апа, оныңыз не! — деп әкем шоршып түсті. 
— Сен алдымен сөз тыңдап ал, — деп әжем қатал әмір етті. — Тәуіп іздеп таусылмай- ақ 
қой. Әзірше молданың да керегі жоқ. Онан да Момынқұл екеуің кезектесіп қасыма келіп 
отырыңдар. Тәңірден иманымды тілеп мінәжат етіңдер. —- Аз ғана тыныс алып, әжем 
ойланып жатты да, сөзін жалғады. — Серкебайды шақырма, бәріңе айқайлап әңгіртаяқ 
ойнатып жүрер. Ал егер өзі келіп қалса, Момынқұл көзіне түсіп көңілін бұза бермесін... 
Әкем әлдене айтпақ боп оңтайланып еді, әжем тыңдаған жоқ. 
— Бар-бар, енді айтқанымды орында, — деп сабырлы әрі қатал сөйледі. 
Қыс кезі еді. Бәріміз үрейленіп аяғымыздың ұшынан басып жүрміз. Әкем мен көкем 
кезектесіп әжемнің қасында отырады. Бізді кіргізбей қойды.Әйелдер әжемнің киімдерін 
қағып-сілкіп, жуып-шайып әлек боп жатыр. 
Үш күннің ішінде хабар алған екі қызы мен Үбиан әпкем де жиналып еді. Сонда ғана әжем 
бәрімізді өзіне шақыртты. Біз кіргенде, әжем жастыққа сүйеніп әрең бас көтеріп отыр 
екен. 
— Ал шырақтарым, менің де аттанар сәтім жеткен сияқты,— деп барып демін алды. 
Сөйтті де болмашы езу тартып, сөзін жалғады. 
— Кәне, маған деген «жасау-жабдықтарыңды» көрсетіңдерші. 


145 
Әдеби KZ 
Мұны естігенде үлкен апамыз Пияш көзіне жас алып, дауыс шығарып еді, әжем әмірлі 
үнмен тыйып тастады. 
— Көз жасыңды көрсетпе, былай! 
Әкем қинала отырып, қолы қалтырап әжеме арналған бұйымдарды көрсете бастады. 
Содан соң әжем Момынқұл көкемді қасына отырғызды да, құран жолдарын дауыстатып 
оқытып көрді. 
Әжем тап қазір көз жұмады екен деп үрейленген бәріміздің де зәре-құтымыз қалған жоқ. 
Әсіресе қолына құран ұстаған көкем біртүрлі өзін-өзі игере алмай теңселіп кетті. Құран 
бетін әзер ашып отыр. Сол күйі даусы бұзылып оқи бастап еді, әжем қолынан ұстап 
тоқтатты. 
— Е-е, балам-ай, «бисмилла рахман рахимді» қайда тастап кеттің. Қайтадан баста. 
— Бисмилла рахман рахим. Ағузибилла имене шайтан ражим... — деп көкем даусы сүрініп 
қайта оқыды. 
Әжем көзін жұмып, біртүрлі рахаттанғандай біраз тыңдап жатты. 
Сонан соң бәрімізге тіл қатты. 
— Ал, енді шырақтарым, барып демалыңдар. Тағы да өзім шақыртамын. 
Біз екінші бөлмеге кеттік. Сәлден соң көкемді қалдырып әкем де шықты. 
Кенет үрейлі үн бәріміздің миымызға ине шаншығандай дегбірімізді алып жіберді. 
— Апамның жайы нашарлап барады. Апам әлсіреп барады. Көкемнің осы дауысы 
бәрімізді төсектен жұлып-жұлып алды. 
Әкем жүре киініп жүгіріп барады. Таң қылаң беріп келеді екен. Әлиман екеуміз әжемнің 
үйіне жақындағанымызда, шеткі көршіміз Аршабектің үйінен таңды ауаны қақ тілген 


146 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет