Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет93/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   144
Байланысты:
Ұшқан Ұя

Әдеби KZ 
Атамнан қалған ағаш төсекке енді әжем жата алмайды. Үйдің сол қанатында жиюлы күйі 
тұр. Бұл төсек атам мен әжемнің көзіндей қымбат қой. Қараған сайын қамыға 
береміз.Түнде сол төсектің баяу сықыры, әжемнің қақырынған үні естілгендей 
елеңдейтінді шығардық. 
Сөйтіп жүргенде әжемнің жетісі де, қырқы да өтіп кетіп еді. Ел жиылып, құран оқып, тие 
берсін айтысқан. 
Иә, қазекем жаңа келген нәрестеге жан-тәнімен қуана да білетін, қазаға қалың жұрт боп 
қайғыра да білетін халық қой, шіркін. 
...Бұл кезде әкем алпысқа шығып қалған еді. Мен ес білгелі оның самайында ақ бар 
болатын. Алайда әжемнің тірісінде ешкім де әкемді жасы ұлғайған кәрия деп елемейтін. 
Өйткені өле-өлгенше әжем әкемді «балапаным» деп өтті ғой. Әжем барда ол жай ғана 
біздің үйдің үлкені болатын. Енді ауылдың ақсақалдары қатарына қосылыпты. Сөзі де 
өсиетке жақындап, бізге арғы-бергіден әңгіме айтып отыратынды шығарды. 
— Біз үйміз, біз елміз, біз халықпыз. Адам туады, адам өледі. Ал халық ешқашан өлмек 
емес, қарақтарым, — дейтін ол. — Бір анадан екі ұл, алты қыз қалыппыз. Ал, немерелері, 
Аллаға шүкір баршылық қой. Бір еменнен отыз бір бұтақ жайыпты. Сендерден де ұрпақ 
тарап, өніп-өсесіңдер әлі. 
Әкем өсиетін осылай шүкіршілікпен аяқтаушы еді. 
* * * 
Көктемде біздің үй Кузьма Гончаров деген орыс мұжығымен ортақтасатын. Ол жирен 
сақал, қызғылт қабақ, бет-аузын әжім басқан жұқалтаң шал еді. Өзінің бала-шағасы көп. 
Үлкен ұлын — Сашке, одан кейінгісін —Некоди, үшіншісін — Тишко, төртіншісін — Керилля 
және менің құрдасымды — Босиль деп отырушы едік. Кемпірін — Мәтке, екі келінін Сәнке 
және Мәнке дейтінбіз. Қазақтар кісінің мінез-құлқына, жүріс-тұрысына. сөзі мен өзіне 


149 
Әдеби KZ 
қарай ат қойғыш халық қой. Қызыл Жагор, Григорийді — Жүгөрі, Дмитрийді — Метрей, 
Луканы — Илуке, темірші Иван, тілмаш Антон болып атала беретін. 
Кузьмамен ортақтасудың өз шарты болатын: жер біздікі, тұқымдық дән тең ортақ, ал көлік 
күші олардан. Біз жақтан көктемгі егіс кезінде және жиын-терін уақытында көкем жүреді. 
Дәм-тұзымыз бірігіп, айран-сүтке, бар болса, таршылық жасамаушы ек. 
Гончаровтар көктемде тайлы-тұяғымен түгел көшіп келетін. Екі арбаға жүгін, темір соқа, 
тырмасын арта жүреді. Әкем мен Кузьма шал қатар жүріп жерді өлшейді де, көп 
алаңдамай илеуге кіріседі. Көкем соқа ұстап, атқа қамыт кигізуді үйренген соң, құлшынып 
жер жыртады. 
Екі соқа тізбектесіп, қара жердің қыртысын толқындай тіліп бара жатады. Құйқалы қыртыс 
дөңбекшіп барып жалданып қалғанда, мен соқа соңынан қызықтап жүгіруші ем. 
Парлап жеккен төрт жирен ат соқаны қиналмай сүйрейтін. Біз Василий екеуміз атқа мініп 
тырма бастырамыз. 
Гончаровтың кемпірі әртүрлі жапырақтан тәтті көже жасайтын. Бәріміз соған таңырқаушы 
едік. 
Гончаровтың үй-іші, үрім-бұтағы жайлы кейінірек айтармын. Әзірше өзге жайға тоқтала 
тұрайын. 
* * * 
Қыстың бір сарынды қысқа күні мен созылған шұбалаң түндері таусылып, көктем келді. 
Наурыз айы ерекше бір көрікпен, ерекше сәнімен, бар мейірбан мінезбен өлкемізді 
жайната берді. 


150 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет