Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет95/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   144
Әдеби KZ 
Бір қарасақ, қойнына қоңыр қозыны қысқан күйі жалаң аяқ, жалаң бас зыр жүгіріп 
Әлиман келеді екен. Мәз-мәйрам боп күліп келеді. Соңынан жанұшыра маңырап қара 
саулық қалар емес. Төліне ұмтылып, Әлиманның төңірегін шыр айналады. 
Сонау беткейде әлі қыстық жүні түлей қоймаған жабағылар тасыраңдай ойнақтап, көктем 
қызығына өз үлесін қосып жүр. 
Күні кеше еңсені басқан қыстың ауыр күндерінен белгі қалмағандай, бүкіл дүние ерекше 
шаттыққа еніп кеткен сияқты... 
* * * 
Жұрт көктемгі егіске қамдана бастады. Көкем балта-балғасы қолынан түспей соқа- 
саймандарын жөндеумен жүр. 
Әр үйдің алдында үлкен қара қазан асылып, наурыз көженің исі шығады. Ырыс алды, 
кеңшілік басы, молшылық жолы осы наурыз көжеден басталатындай, бұл күні еш әйел 
қазанына таршылық жасаған емес. Қайда барсаң да қатығы мол бидай көжеге қарық 
боласың. Ел жаңа жылын—жарқын кезеңін осылайша ашық пейіл, ақжарқын көңілмен 
қарсы алады екен ғой.Онсыз да қонақжай халқымыз, әсіресе, наурыз күні қабақ шытқан 
емес. Қай үйге болсын қаймықпай кіріп, қалаулы қонағындай төрінен орын аласың. Ел 
топ-тобымен қыдырыстап, дастарқан үстінде ортақ тілектерін тоғыстырады. 
— Аман-есен наурызға жеткізгеніне шүкір Алла. Көрер күніміз, есітер жырымыз бар екен 
де. Келесі наурызға да төрт көзіміз түгел жетейік,— десетін олар. 
Келген қонақтар наурыз көжені салт бойынша түгелдей тауысып шығуы керек. Кейбір 
әзілқой әйелдер осындайда құрбы-құрдастарын аспен «жазалауға» тырысатын. Топ 
ішінде өзінің қалжыңдасып жүрген адамы болса, оған наурыз көжені үлкен шараға құйып 
әкеледі. Әрі салттан аса алмай, әрі санадағы діни сенімінен қаша алмай, әлгі құрдасы 
азаптанып отырып шарадағы көжені әрең тауысар еді. Өзгелері күлкіге қарық болатын. 


152 
Әдеби KZ 
Оның үстіне дастарқан иесі құрбысына тілек айтқан боп әзілдейді. 
— Іше ғой, көкжалым, іше ғой. Тілегімнің зор екенін көрдің ғой. Өзгелерден артық деп, 
жөнің бөлек деп, сыбағаңды асырып отырмын. Бақытың алдыңдағы шарадағы дәннің 
санынан да артық болсын, — деп күледі. 
Әлгі жігіт аз дем алып қасыққа қайта ұмтылады. 
— Ниетіңе рахмет, айналайыным. Бұл жақсылығыңды ұмытпаспын, — деп булыға 
міңгірлейді. 
Қасындағы кісілер онан сайын күлкіге мәз. 
— Тезірек алсаңшы, суып қалады ғой. Бағың суымасын десең, наурыз көжені ыстықтай 
ішер болар,—деп қоймайды әйел. 
Жігіт көжені үнсіз ұрттай береді, ұрттай береді. Ол осылайша көжемен арпалысып 
отырғанда, өзгелері күлкілі әңгіме айтып, қызықты шежіре қозғап, ән салатын. Салтанат 
алды басталғанын сезіп, бала-шаға шексіз қуанушы ек. 
Жазғытұры қалмайды қыстың сызы, 
Масатыдай құлпырар жердің жүзі. 
Жан-жануар, адамзат анталаса, 
Ата-анадай елжірер күннің көзі. 
Жаздың көркі енеді жыл құсымен, 
Жайраңдасып жас күлер құрбысымен. 
Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал, 
Жалбаңдасар өзінің тұрғысымен... 
Түйе боздап, қой қоздап — қорада шу, 


153 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет