Әдеби kz ұшқан ұя Роман Бауыржан Момышұлы /16/2013 Әдеби kz



Pdf көрінісі
бет96/144
Дата28.04.2023
өлшемі1,19 Mb.
#87840
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   144
Байланысты:
Ұшқан Ұя

Әдеби KZ 
Көбелек пен құстар да сайда ду-ду. 
Гүл мен ағаш майысып қарағанда 
Сыбдыр қағып бұлаңдап ағады су 
Көл жағалап мамырлап қу менен қаз, 
Жұмыртқа іздеп, жүгіріп балалар мәз. 
Ұшқыр атпен зырлатып тастағанда 
Жарқ-жұрқ етіп ілінер көк дауылпаз. 
Құс қатарлап байлаған қанжығаға 
Қыз бұраңдап жабысып, қылады наз. 
Шіркін, Абай, көктем көркін, жаз алдының жарқын сәттерін сенен әрлі, сенен нәрлі етіп 
жырлай алған ақын бар ма екен, сірә!Әкем көңілді кезінде бізге Абай жайлы айтушы еді. 
Балаларым, сонау «жеті өзеннің» ар жағында, бізден алыс ауылда Тобықты руынан 
шыққан Абай деген кісі тұрады. Бүкіл елдің арын қорғаған ақылды азамат, оған қоса асқан 
ақын. Оның өлеңін ел біткен жаттап, әнін бүкіл дала шырқайды екен, — дейтін. 
Сөйтсем ұлы Абайды өлді деуге қимайтын халқымыз өмір бойы өз орталарынан оған 
орын сайлап сөйлейді екен ғой. 
Көкемнің сонау бір қиын жылдары ат айдаушы болып істеген бекеті Фрунзе — Ташкент 
жолының бойында еді. Жұрт оны «қара жол» деп атайтын. Өйткені ауыл сыртындағы 
қыратты қуалап жатқан жолға алыстан көз тастасаң, шексіз қара жолаққа ұқсайтын. 
Мұның өзі егіндік жер мен шабындықтың шекарасы сияқты еді. Алатау жағына ел малын 
шығаратын да, еңіс жерге егін егетін. 


154 
Әдеби KZ 
Алатаудың әр қырқасы текшеленіп, көктемі де кезектесіп шығатын сияқты. Содан ба, ел 
қырқа қуып көшіп отыратын. Жеріміздің осындай құбылмалы мінезін Тоқмырза әзілге 
қосып отыратын. 
— Алла Тағала жерді жаратқанда біздің аймақты ұмытып кеткен екен. Таңертең шаршап 
тұрса, бір аймақ үңірейіп бос қалыпты. Ашуланған тәңірі Гималайдың мұзды шыңын 
сындырып лақтыра салса, Алатау орнапты. Сөйтіп жан-жағына қарағанша, әлгі мұз еріп 
селденіп барады екен. Мұны көрген жаратушы түстік таулардың бірінен бөлшегін жұлып 
алып, сарқырап аға бастаған мың бұлақтың алдына тастай салыпты. Сөйтіп мына Қаратау 
орнаған дейді. Ал үлкен бөгетке ұшыраған су жинала-жинала, ақыры тікелей арна сала 
алмай теріс ағыпты. «Теріс» өзені солай пайда болса керек. Осылайша жеріміздің әр 
тұстағы әртүрлі болып шыға келген екен. Бір жері жемісті, бір жері егісті, бір жері асқақ, 
бір жері тастақ, бір жері шыңды, бір жері құмды болатыны да содан деседі. Адамдары да 
алуан, аңы да мол. Жанға керектің бәрі бар, — деп күлетін еді Тоқмырза ақсақал. 
* * * 
Бір болыс елдің ортасындағы жапандағы жалғыз кірпіш үй — Бекет станциясы. Қызыл 
кірпішті үй алыстан мен мұндалап, оқшау дараланып, үлкен жиындар сол жерге 
шақырылушы еді. Ауыл адамдары әр тұстан аңдыздап кеп, аймақтағы осынау тұрқы түзу 
үйге көп бас қосатын. Аттылы-жаяулы келіп жатқаны. Жүздеген ат бас түйістіріп, байлаулы 
тұрады мұндайда. 
Бүгін де ел осылай бет алды. Бұл бас қосу Садық Аблановтың келу құрметіне арналған еді. 
Садық бұл жолы Бірінші Май күні келді. 
Аблановтар үш ағайынды болатын. Үлкені Ізбасар жұртқа жұғымы жоқ, жүгенсіз, даңғой, 
дарақы біреу еді. Уездегі орнына ісіп-кеуіп өзінен-өзі тасып жүретін. Бір өзі бүтін дүниені 
тіреп тұрғандай екі иінінен дем алып, екіленіп кететін. Алдына келгенін ала көзімен атып, 
қоқиланып бітуші еді. Жұрт осысын жек көріп, жұғыса қоймайтын. Ел ішінде сыйы да 


155 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет