Әдеби шығармашылық мәні: табиғаты мен тарихы



бет10/19
Дата10.05.2023
өлшемі0,59 Mb.
#91703
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19
Әуезовтану

Әуезовтанудың қалыптасу кезеңі 1917 — 1927 жылы аралығын қамтиды. Бұл Әуезовтің зерттеу мақалалары, алғашқы әңгімелері, драм. шығармалары жарық көріп, драматург, прозашы, публицист және қоғам қайраткері ретінде танылып, бірегей дарын екенін байқатқан кезі. Осы кезеңде “Еңлік — Кебек” пьесасы туралы С.Мұқановтың (“Тілші”, 2.10.1925), Мұстафаның (“Еңбекші қазақ”, 18.3.1928), “Бәйбіше — тоқал” хақында Даниалдың (“Ақ жол”, 23.12.1923; “Сана”, 1924, ғ 2—3), Ғ.Сағдидың (“Ақ жол”, 16.12.1923), Смағұлдың (“Еңбекші қазақ”, 31.1.1926), т.б. мақалалары жарияланды. Әуезов шығарм. жөнінде алғаш пікір білдіргендердің қатарында қаласының Кемеңгеров, Ы.Мұстанбаев, Ш.Тоқжігітов, т.б. бар. “Қорғансыздың күні” әңгімесі туралы жылы Аймауытовтың (“Қазақ тілі”, 22. 04. 1922) пікірі — Әуезовтанудың негізін қалаған мақалалардың бірі. Кеңестік әкімшіл-әміршіл жүйенің қалыптасуымен тұстас келгендіктен Әуезовтанудың даму жолы қайшылықты да күрделі болды. 20-жылдардың соңы мен 30-жылдардың басында Қазақ зиялыларын қаралаған мақалалар көбейді. Әуезов “қазақ ұлтшылдығының жас идеологтарының бірі”, “Алашорданың белсенді қайраткері”, “Қазақ байшылдығының ұлтшыл идеологы” деген сияқты саяси-идеол. қысымға түсіп, әр тараптан тұрпайы сынға ұшырады. Алайда, Әуезов шығарм-ның зерттелуі толастаған жоқ, соның негізінде Әуезовтану ғылымы да қалыптаса берді. Әсіресе, бұл кезеңде Әуезовтің драм. шығарм-ның қойылымдары туралы мақалалар көп жазылды. Мыс., 1917—1940 жылы Әуезов шығармаларына қатысты жазылған 140-тан астам мақалалардың бәрі дерлік оның драм. шығармаларын талдауға арналған. Қазақ әдебиеті тарихында өзге авторлар жазған драм. шығармалар жөнінде бірсыпыра сын мақалалар басылым көргенімен, олар сан және сапа жағынан жеке Әуезовтің драм. шығармаларына жазылған мақалалардың деңгейіне жете алмады.

Әуезовтанудың екінші кезеңі Әуезовтің “Абай жолы” роман-эпопеясы мен Абайтану саласындағы еңбектеріне тікелей қатысты. “Абай” романының жарық көруіне орай (1942), бұл шығарманы Қазақ әдебиетінің зор табысы деп бағалаған Б.Кенжебаевтың, Е. Ысмайыловтың, Т. Нұртазиннің, Ғабит Махмұтұлы Мүсіреповтің, т.б. пікірлері жарияланды. Романның 2-кітабы жарық көрген соң (1947), одақтық мерзімді басылымдарда В. Жирмунскийдің, Л. Климовичтің, З. Кедринаның, М. Фетисовтың, П. Скосыревтің, т.б. мақалалары басылды. Соғыстан кейінгі жылдары идеол. қысым қайтадан күшейе түсті де, Әуезовтің шығарм. тағы да сын нысанасына айналды.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет