Әдеби шығармашылық мәні: табиғаты мен тарихы


Әдеби шығармашылық мен суреткер тұлғасы



бет13/19
Дата10.05.2023
өлшемі0,59 Mb.
#91703
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19
15

  1. Әдеби шығармашылық мен суреткер тұлғасы

  2. Шығармашылық әдіс пен стиль

  3. Жоқ

16

  1. Шығармашылық еңбек және қаһарман тағдыры

  2. Әдеби сын шындық ұстанымы мен талдау жүйесі

  3. Мұқанов пен шеберлік сабақтары

17

  1. Жазушы дүниетанымы және өмірлік материал

  2. Жоқ

  3. Жоқ

18

  1. Жазушы және шығармашылық кезең

  2. ӘДеби шығарма өмір құбылысы мен материал өзегі

  3. Көшпенділер” жазылу тарихы

“Көшпенділердің” ең алғаш жазылған бөлігі “Қаһар” 1969 жылы “Жазушы” баспасынан жарық көрді. Орыс тілінде тұңғыш рет “Простор” журналының 1970 жылғы, 5,6 сандарында “Хан Кене” деген атпен жарияланған.

Трилогияның бірінші кітабы болып табылатын “Алмас қылыш” романы тұңғыш рет 1971 жылы “Жазушы” баспасынан қазақ тілінде жарық көрді. 1974 жылы Москваның “Молодая гвардия” баспасынан “Загаворенный меч” деген атпен орыс тілінде басылып шықты.


Тарихи трилогияның екінші бөлімі “Жанталас” романы бірінші рет 1974 жылы “Жазушы” баспасынан шықты. Роман орыс тілінде тұңғыш рет “Простор” журналының 1973 жылғы 7, 8, 10 сандарында “Отчаяние” деген атпен басылды. Москваның “Известия” баспасынан 1974 жылы орыс тілінде шықты. Үш роман біріктіріліп “Көшпенділер” деген атпен алғаш рет 1976 жылы “Жазушы” баспасынан қазақ тілінде, Москваның “Советский писатель” баспасынан 1978 жылы, “Художественная литература” баспасынан орыс тілінде басылды.

“Қаһар” – “Көшпенділер” трилогиясының 3-ші кітабы. Автордың алғашқы кітаптан бастамай, трилогияның соңғы бөлігі “Қаһардан” бастауында мынадай себептер бар секілді. Біріншіден, суреттеліп отырған кезең біздің дәуірімізге біртабан болса да жақын, тарих тасасына дидарын жасырып үлгермеген. Екіншіден, ел ішінде ізін суытпай аңызға айналып, халық жадында жатталып, жазылып қалған тарихи оқиға мен нақты адамдар тағдыры авторды қызықтырған. Сондықтан соны жазуды діттеген. Үшіншіден, Кенесары, Наурызбай қозғалысы туралы осы ғасырдың 30-50-жылдары біршама зерттеліп, ғылымда бағасын алған еді. Сонымен қатар ол жайында жазылған еңбектерді саяси орын түгел отқа жаға алған жоқ. Яғни қолына түсіп, жинақталған материалдар жазушыны шабыттандыра түскені шындық.


Бұдан соң автор көп ұзамай трилогияның бірінші кітабы “Алмас қылышты” (1971) жарыққа шығарды. Ортадағы дәуірді орағытып оқырман көңіліндегі дүдәмал сұрақтардың жауабын беретін қазақ хандығының отау тігіп, қалыптасу кезеңін бейнелейтін дәуірді ХҮ ғасырға аттап кетуі тегін емес. Бұл орайда оқырманды эстетикалық ләззатпен еліте отырып, оларға танымдық ғибрат беру автордың негізгі ойы еді.


“Жантасал” романында “Алмас қылыш” пен “Қаһар” романдарында суреттелген тарихи кезеңді жалғастыратын аралық дәуір оқиғаларын шежіреленген. Сөйтіп, қазақ халқының бес ғасырға жуық тарихының (ХҮ-ХІХ) көркем хроникасын жасаған. Сол арқылы өзінің қаламгерлік үлкен арман-міндетін І.Есенберлин қазақ халқына өзін-өзі таныту, жас ұрпаққа өткен ата-бабалары жөнінде мағлұмат беру мақсатын орындап шықты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет