24
Жазушы еңбегі және жанр жүйесі: ізденіс және материал қорыту
Ақындық өнер және Абай дәстүрі: лирикалық қаһарман мәні
Поэтикалық нарратологияда автор бейнесінің түрлі деңгейдегі көріністерімен қатар, көркем шығарманың туу және жеткізілу, яки баяндалу механизмдері зерттелетіні белгілі. Әдебиетті шығармашылықтың тегі ретінде қарастыратын автор теориясында «автор», «актор», «ауктор», «нарратор», «рецептор», «бенефицарий», «скриптор», «комплитатор», «комментатор», т.б. атаулар тиесіленіп жүрсе, көркем шығармадағы автордың көрінісіне байланысты «автор», «автор бейнесі», «ақын тұлғасы», «лирикалық қаһарман», «лирикалық кейіпкер», «лирикалық персонаж», лирикалық «мен», «автор тұлғасы», авторлық «мен», «лирикалық тұлға», «лирикалық образ», «лирикалық бейне», «ақын бейнесі», ақындық «мен», «лирикалық қаһарман образы», т.б. Көркем шығармадағы автордың көрінісіне қатысты көптеген ұғымдар әдебиеттің лирика тегіне қатысты қолданылады. Эпосқа байланысты автор бейнесі бөлекше өрбігенімен, лирикадағы авторға тән қасиеттері де жоқ емес. Демек, әдебиет тектерінің спецификалық ерекшеліктеріне тән туындайтын өзіндік ерекшеліктері, айырмашылықтары бар, сондай-ақ әдебиеттің өзге тектерімен тұтастықтары да жоқ емес.
Поэзиядағы авторлық дискурсте қолданылатын көркемдік, поэтикалық өнімді тәсілдердің бірі - авторлық маска, рольдық ойындар, рольдық ойындардағы кейіпкер бейнесі болып табылады. Лирикатануда поэтикалық баяндаудың тәсілдеріне байланысты қалыптасып қалған түрлі пікірлер бар. Соның бірі, лирикалық шығарма автор тарапынан баяндалады, лирика көп жағдайда монологты, жеке тұлғаның өз ішкі әлеміндегі ой-тұжырымдарын, сезім-толғаныстарын бейнелеп, сыртқа шығаруы деген сынды көзқарас. Алайда көптеген көркем шығарманың мәтінің зерттеушілер поэтикалық нарратологияда монологтық баяндаудан басқа да көптеген тәсілдері бар.
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ержеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы,
Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім? [2, 47],-
деп авторлық масканы шығармашылық тәсіл ретінде пайдаланады деп айта аламыз. Лирикалық шығармада автор мен лирикалық қаһарман, лирикалық кейіпкер бейнелері қатар жүретіні заңдылық. Әдебиеттанушылардың мәтінді поэтикалық талдауы, қарапайым оқырманның талдауынан бөлек болуы керек. Қатардағы оқырман автор бұл шумақтарда өз өмір жолдары туралы айтып тұр деп ары қарай идеялық талдау жасайды.
Абай өлеңдерінде лирикалық қаһарман көп жағдайда әлеуметтен рухани тұрғыда жоғары тұрған, төңірегіндегі болып жатқан дүниелерді таразыға салып, бағамдап, бағалап отыратын тұлға болып келсе, кейбір өлеңдерінде өзімен-өзі араздасып, өз мінін жіпке тізген, өз нәпсісімен арпалысқан адам тәрізді көрінетін тұстары бар. Махаббат, достық, сүйіспеншілік, ғашықтық тақырыптарына келгенде «Жас жүрегім, жанды менің» деп желдей есетін ақын, әлеумет мәселелеріне келгенде «қажыған», «арық», «қайғылы» қартқа айналып шыға келеді. «Қайғы шығар ілімнен» деген өлеңінде ақынның лирикалық кейіпкері өзімен сұхбаттасып, мынадай сөздерді айтады:
Қайтіп қызық көремін
Әуре-сарсаң күнімнен?
Қайрылып қарап байқасам,
Ат шаба алмас мінімнен [2, 182].
Ақын көркем бейнелілік арқылы өз бойында мінінің көп екендігін айтып отыр, ақын да ет пен сүйектен жаратылған адам, оның өз бойында түрлі міндердің болуы заңдылық, лирикалық кейіпкер сол міндерден тазартудың, құтылудың, жоюдың жолдарын іздестіріп, күресуге бел байлап отыр деп қарапайым талдауымызға да болады. Лирикалық кейіпкер кемшіліктен ада, періште тәрізді жан емес, көпшілік қабылдаушылар сынды пенде екендігін еске салып, қабылдаушы санасында бұл да кемшілікті екен, сол кемшіліктерімен күресіп отыр екен, бұл сынды менде өз кемшіліктерімді түзетуге тырысайын деген катарсистік ой тудыруға арналған тәсіл деп түсінсек керек. Бір келісетін жәйт, ақынның «ақылшы», «бәрін білуші» бет-пердесінен ауытқып, қабылдаушы үшін жаңа бейнеге көшкендігі, оның автор маскасын өзгерткендігін, көркемдік тәсілді пайдаландығын айғақтайды.
“Абай” энциклопедиясы және ақын мұрасы
Достарыңызбен бөлісу: |