Әдеби шығармашылық мәні: табиғаты мен тарихы



бет12/19
Дата10.05.2023
өлшемі0,59 Mb.
#91703
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19
Байланысты:
жазусессия

Алтынсарин хрестоматия

13

  1. Драма өнері мен кейіпкер әрекеті

  2. Қаламгер мен бейнелеу құралдары

  3. Абай және реализм принциптері

14

  1. Шығармашылық еңбек және көркемдік ойлау

  2. Әдеби сын

  3. Ақбілек” жазылу тарихы

Романға қатысты кейбір дерек көздері М.Жүсіп Көпеев пен Ж.Аймауытұлының өзара жазысқан хаттарынан да көрінер еді. «Хатқа» маңыз беруіміздің себеп – сыры – «Ақбілек» романының шығармашылық тарихына қатысты құнді дерек,маңызды мағлұматтар беріліп, ұнамды- ұтымды пікірлер білдіруінде деп білеміз. Мәселен, романға қатысты ойын автор былай білдірген: «Екі жарым ай болды, үйден шықпағаныма.Не істеді десеңіз, «Қылауатта»жатып бір роман жазып бітірдім, өзіңіз көрген «Қартқожадан» үлкендігі екі есе болады.Бар ойым, ынтам, рухым сол романға кетіп, тап жынды кісідей болыппын, досты, жолдасты, құрметті қымбат ағаны ұмытып кете жаздаппын.Мен күнді қалай өткізеді десеңіз, міне былай: таңертең сағат сегізде тұрамын да, шай ішіп, қызметке – бала оқытуға кетемін.Күніне алты сағат бала оқытамын.Сағат үште үйге келемін, тамақ ішемін. Одан кейін ұйықтаймын. Сағат алты – жетілерде оянамын. Сүйтем де жазуға отырамын. Сол отырғаннан түнгі сағат екі – үшке дейін отырып қалам. Әбден талғанда барып ұйықтаймын. Міне, екі жарым айдай көрген өмірім осы». Бұдан кейін автор сөз еткен романның соңғы нүктесін қойып, «баспаға жіберіп отырмын» дегенді де анық-қанық жеткізеді.


Қартқожа 1926 жылы Қызылордада жарық көрген. Ж.Аймауытұлы көп ұзамай Шымкент шаһарында алдымен ұстаз, сосын директорлық қызмет атқарған (пед. техникумда – Р.Т. ). Ж.Аймауытұлы осы кезеңде ұстаздық қызметін абыроймен атқара жүріп кезең көріністері мен өмір-уақыт шындықтарына толы,тағдыр талқысы мен тұрмыс суреттері кеңінен көрінетін келесі көркем әрі шабытты жазылған, талант қарымын мол жұмсаған - «Ақбілек» романын қысқа мерзімде аяқтады.Оны жоғарыда еске алған «Хат»та, филология ғылымының кандитаты Ә.Оспанұлының «Ақбілек» - Шымкентте жазылған» атты мақаласындағы: «... ең әуелі жазыла бастауы да, аяқталуы да біздің облыс орталығында жүзеге асқан» ,профессор Қ.Ергөбек. «... «Ақбілек» секілді қазақтың тұңғыш психологиялық романы болса да Шымкент қаласында,педагогикалық училищеде сабақ бере жүріп жазылған»деген жолдар да жан-жақты нақтылай түседі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет