Әдеби шығармашылық мәні: табиғаты мен тарихы



бет15/19
Дата10.05.2023
өлшемі0,59 Mb.
#91703
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
жазусессия

Тоқаевтың шығармалары

Осы ретте жазушының «Солдат соғысқа кетті» атты романында Мұхамед орыс офицерлерін құтқарып қалады. Олардың қатты қуанғанын көрген Мұхамед көзіне жас алады. Көз алдыңда суреттеліп тұрған картинаға қарап, Мұхамедті лирикалық қаһарман десек артық айтқан болмаймыз. Лирикалық қаһарман — ол ең ұлы, асқақ ниетті адам. Бұның ар жағында еліне, жеріне деген таза сезім жатыр. Автор үшін қаһарман көкірегі өкініш пен шерге толы, тағдыры тайғақты болғанымен, рухы мықты жан образында елестейді. Сөйтіп автор қуатты образды алға шығарып отырады.
К.Тоқаевтың суреткерлік биік деңгейге көтеріліп, шиыршық ат­қан аса шебер үлгіде жазған кө­лем­ді туындысының бірі – «Солдат соғысқа кетті» романы. Қанға бөккен майдан даласы жан-жақты суреттеліп, ара-арасында солдат күнделігімен тұздықталып оты­ратын бұл көлемді туындыны кө­кірегің ыза-кекке толып, қы­зынып, бұрқанбай оқу әсте мүм­кін емес. Өйткені романның ал­ғаш­қы беттерінде: «Қызыл вагон­дар жол бойын тұтас алып самсап тұр. Бәрінің есігі айқара ашылған. Қанша кісі кірсе де апыр-топыр жұтып жіберетін түпсіз апан се­кілді» деген суреттеменің арғы тұң­ғиық астарында сұмдық бір сырдың ұшқындап жатқанын сезіп, шыбын жаның шырқырап қоя береді. Өйтпегенде қайтеді – қызыл вагондар шойын жолдың бойымен сырғып жүйткіген күйі солдаттар­ды тиеп алып барып, қанды қырғын майдан даласына – араны ашылған ажалдың аузына топырлатып то­ғытып тастап кетіп жатса.
«Мұхамед самолет құлдилай бер­­генде ішін тартып, демін тоқ­татып тұрып атып қалды. 
Бұл оның жауға атқан алғашқы оғы еді... жауға атқан алғашқы оғы­ның дарығанын байқады.Ұшқыш бір сәтке самолетті игере алмай бұл­талаңдап, шайқалып барып шапшаң көтерілді. Ұшқыш өзін атқан нысананы анық байқаған секілді. Ызалана шүйлігіп пулеметтен оқты боратып өтті. Мейірманов пен Мұхамед те қатарласа үсті-үс­тіне атып жіберді. Ұшқыштың жар­қыраған көзілдірігін қан жуып кетті. 
Мұхамед орнынан атып тұрып:
Жарайсың, бауырым! Самолет­ті атып түсірдің! Нағыз батырсың! – деп досын құшақтай алды. Жау самолеті жүгері алаңынан асып ба­рып тоңқалаң асты. Жалын аралас қара түтін бұрқ етіп аспанға көтерілді. Власов жүгері арасынан қуана жүгіріп шықты. 
– Жолдастар, мен жау самолетін қираттым. Атып түсірген мына мен! Мен! – деп тұмсығымен жер тірей тоңқалаң асқан самолетке мойындарын созып қарап қалған солдаттарды жағалай құшақтап айқайлап жүр».
Бірақ сол арада бұның рас, өті­рігін тексеріп, шындыққа көз жет­кізуге ешкім ұмтылмады. Бәрі «сен нағыз геройсың!» деп Вла­сов­ты жапа-тармағай дәріптеуге көш­кен. Өйткені ол кезде бұл сар­жағалардың өтірігі де өрге жүзіп, айдын асырып тұрған.
Алайда құрсағында жетіліп туған Мұхамед бұл әділетсіздікке к­өпе-көрінеу төзбеді. «Малым – жа­нымның садағасы, жаным – арым­­ның садағасы» деген ата қа­­зақтың азаматы болсам, бұған қалай шыдауым керек деп ши­рық­қан. Сол бойда екеуінің винтов­ка­сын тексертіп, шенділермен көп ыр­ғасып, айтысып-тартысып, ақы­рында жау самолетін атып түсірген Мейірманов екенін дәлелдеп шығады.
«Мә, қараңыз! – деп затворын сарт еткізіп қайырып тастады. –Ствол таза, оқ атылмаған. Ал мынау сержант Мейірмановтың винтовкасы. Дәрінің ізі де, иісі де бар. Сонда Власов самолетті несімен атып қиратып жүр?».
«Тура айтқан туғанына жақпай­ды» деген осы. Мұхамедтің әділ сөзі онсыз да төңірегінен жау із­деп жаланып жүрген Власовты кектендірмей қоймайды. Оны оның: «Сен сволочьтың кім екеніңді енді білдім. Майдан кең, біз әлі кез­десеміз. Айтпады деме, қан қақ­са­тамын! Зарлайсың!» деген сөзінен аңғару қиын емес-ті.
Кейде өмірде адам айтса нанғы­сыз жағдайлар болып жатады. Жау самолетін атып түсірген Мейір­ма­новқа түсінде біреу келіп: «28 октябрьде өлесің» дейді. Бұның шын­дығына көз жеткізбек болып оны қауіпсіз жерге оңаша қамап, сыртынан күзетеді. Алайда Мейірманов дәл сол күні жұмбақ жағдайда қаза табады. Ол неден өлді, кім өлтірді – ешкім білмейді. Өйткені бұл кезде соғыстың ішінде тағы бір майдан астыртын жүріп жатқан. 
Арада екі жыл өткенде бұл май­данның сыры ашылған. Ашқан – командованиенің ерекше тапсырмасын орындаған Мұхамед болатын. Сөйтіп ол Польша жерінде Ломда қаласының түбінде Мейірмановты өлтірген Власовпен бетпе-бет кездескен еді.
Рас, соғыста солдаттар арасында егесіп, шекісіп қалу сияқты әртүрлі келеңсіз жайттар болмай тұрмайды. Бірақ мәселе мұнда емес. Мәселе автордың ел басына екіталай күн туғанда екі майданда да қатар соғысып, кейін жеңген жағына оңай сытылып шығып кетуді көздеген Власов сияқты сатқындардың бет-пердесін ашып, көрбілтеленбей айқын көрсетуінде болып тұр. Соғыс тақырыбына бұрын да талай шығарма жазылған-ды. Алайда солардың бірде-бірінде әлгіндей зымыстандардың екіжүзділігі бұлай шындық тұрғысында бедерлі бейнеленіп, ашық айтылмаған еді.
Осы орайда мына бір жайтты еске сала кеткім келеді. Қай тақырыпқа қалам тартса да тереңнен толғап жазатын Кемел Тоқаев қазақ әдебиетінде бұрын болмаған детектив жанрының негізін қалап, күш-жігерін жұмсап, тың бағыттың сапасын аса жоғары деңгейге көтеріп, сол жанрдың атасы атанған еді. Енді, міне, соғыстың қаһарлы күндері кең қамтылып, жан-жақты суреттелген мына романы арқылы ол тың бағытқа тағы да түрен салып, өз мүддесін көздеп екі майданда да қатар соғысқан екіжүзді сатқындардың бет-пердесін сыпырып, сойдақтаған қанды іздерін қорықпай ашық жазған тұңғыш автор екенін және көрсетті.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет